400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сабақ жоспары "Қанықпаған ашық, қанықпаған қою түстер гаммасы" сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге қосымша көмек беру
Материалдың қысқаша нұсқасы

4 сынып



Пәннің аты

Уақыты:1/3.10.2018

8/10.10.2018

Кабинет:

Мұғалім Ахажанова.А

Сабақтың атауы

Қанықпаған ашық, қанықпаған қою түстер гаммасы

Оқу мақсаты

Сурет салуға, түстерді ажырата алуға, берілген тапсырмаларды дұрыс орындай алуға үйренеді

Сабақ мақсаты

Оқушылар суретшілердің жұмыстарымен танысу арқылы түстердің қанық немесе қанықпағанын байқай алады.


Жетістік критерийлері

Композициялық заңдылықты ұстанады

Қағаз бетіне дұрыс орналастыра алады


Тілдік мақсаттар

Суретші жұмыстары сізді не үшін қызықтырды ?

Өз жұмыстарыңды қалай жақсартар едің?

Қызығушылықты ояту

Тақырып бойынша жоба жасау

Жобаны қорғау

Жаңа сабақ

Тақырыпқа сай дайындалған ресурстармен постер жасау

Оқулықтағы тапсырмаларды орындау

Таң сәріде, күн ұясынан әлі шықпаған кезде айнала жарық болғанымен барлық заттар қанықпаған бозғылт көгілдір түске боялады. Күн шыққан соң барлық заттар қаныққан ашық түске айналады. Ал көлеңкеде заттардың түсі қанықпаған қою түске боялады. Кешке қарай күн батар кезде жарық та азаяды, түстер канық реңін жоғалтып, анағүрлым күңгірт тартып, суық реңктерге ауыса бастайды.

Ал түнде түстер реңін мүлде жоғалтып, пейзажда тек қою, қара реңкті түстер ғана қалады. Демек тәулік мезгілі мен ауа райының әр түрлі жағдайларында заттардың түсі өзгеретініне көзіміз жетті. Ағаштар таңертеңгі ашық жасыл түстен түнге қарай қара түске айналған. Үйлер мен аспан да сондай. Мүмкін, өзің де байқаған боларсың, заттардың бояуы оларға түскен жарықтың мөлшеріне қарай өзгереді. Заттарға жарық аз түскен сайын олардың түстері де қоюлана бастайды -қызыл күрең қызылға, көгілдір қою көк түске, ашық жасыл қою жасыл түске айналады. Жарық неғүрлым мол түссе, кез келген заттың түсі ашық, айшықты болып көрінеді. Бұл құбылысты табиғат аясында бақылауға болады.

 

    Заттардың түсі тәулік мезгіліне байланысты ғана өзгеріп коймайды екен. Мына суретте Римнің басты алаңы бейнеленген. Алаң мен ғимараттардың жартысына күн түсіп, жартысы көлеңкеде тұр. Олардың түсінің көлеңке мен күн көзі түскенде қалай өзгеретіні анық байқалады.

 

 Тіпті бір ғана заттың түсінің өзі жарық қай тұсынан түскеніне байланысты әр түрлі болып көрінеді. Көлеңкеде ол қанықпаған қою, ал жарық жақсы түскенде қаныққан ашық түске боялады. Өзіңді қоршаған дүниені байқампаздықпен бақыласаң, бұған көз жеткізесің. Заттардың түс қанықтылығына қарап жарықтың қай жақтантүсіп тұрғанын ешқандай қиындықсыз байқауға болады. Жоғарыдағы екі натюрморттағы заттарға жарық қай жағынан түсіп тұрғанын анықта.

    Оқушыларға тақырыпты бекітуге арналған тапсырмалар беремін.

1.      Таң сәріні бейнелеу үшін сен қандай түстік гамманы таңдайсың (жылы не  суық, қанық немесе қанықпаған)?

2.   Тал түсті бейнелеу үшін қандай түстік гамманы таңдайсың?

3.  Қас қарайған ымыртты бейнелеу үшін сен қандай түстік гамманы таңдайсың?

4.   Мына жапырақтардың қайсысына күн көзі молырақ түсіп тұр?

5. Заттардың түсі жарық түскен жағында канық бола ма, әлде көлеңкеде ме?

6. Мына үш жиынтықтың қайсысына жарық көп түскен? Әрбір түстік гаммаға сипаттама бер.

Үйге тапсырма

Жұмысты аяқтау

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс

Рисунок 2415





Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
29.03.2019
563
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі