400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сабақ жоспары "Қар жауып тұр". 4 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Қысқа мерзімді жоспарлау
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспарлау

Күні: 15.12.19ж.

Пәні: Бейнелеу өнері

Сыныбы: 4-сынып

Пән мұғалімі: Г.Ж.Демесинова.

Сабақтың тақырыбы: Қар жауып тұр.

Сабақтың жалпы мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға тың мәліметтер беріп, білімді қалыптастыру, жаңа мағлұмат беру және т.б

Дамытушылық: Сабақ оқытудың негізгі үрдісін есте қалдыру, оқушы санасына терең сіңіру.

Тәрбиелік: Сурет салдыру арқылы оқушыларды тазалыққа, ұқыптылыққа үйрету.


Жетістік критерилері:

А: Бояуларды араластыра алады, әр түрлі заттардың нобайларын орындап бояй алады.

В: Оқушылар тақырыпты толық меңгереді

С: Топта бірлесіп жұмыс жасайды.

Түйінді негізгі идеялар:

(Оқытудың әдіс-тәсілдері)

Суретпен жұмыс, сұрақ-жауап, жеке дара жұмыс, топтық жұмыс.

Сабақта қолданылатын ресурстар:

Акварель бояуы, қылқалам, альбом парақтары, т.б.

Сабақ бойынша мұғалім мен оқушының іс-әрекеті

Сабақ кезеңдері

Мұғалім іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі:

2 мин

  • Сәлемдесу.

  • Топқа бөлу

  • Сабаққа назар аударту.

Бас бармақпен санау арқылы топқа бөлінеді

Үй тапсырмасын тексеру:


5мин


1.Жылы және қанық түстерге қандай түстер жатады?

2.Фон дегеніміз не?

3.Кескіндеме өнерінің қандай түрлері бар?


Суретшілер шығармаларын талдау.


Жаңа сабақты түсіндіру:


20 мин



Туған жеріміздің табиғат көрінісіні қаншалықты әдемі екенін бізге Ә.Қастеевтің «Қыс» атты суреті айтып береді.Суретті тереңінен түсіну үшін қыс көрінісін елестетуге болатын әуен қойып көруге болады. Қыста ағаштарға көңіл бөлсек, картинада қыс мезгілі екенін білеміз.Қарама-қарсы, яғни жылы және суық түстердің ролі жоғары.Жылы түстер деп оттың,күннің түсін еске түсіретін қызғылт сары, түстерді айтамыз.Ал су,мұз,айдың сәулесін еске түсіретін көк,көгілдір сияқты түстер суық болып есептеледі.Суретшінің «Қыс» атты картинасының алдыңғы планында қалың қар басып қалған құлаған ағаш діңдері бейнеленеді.Қыстың ашық күні кешкіріп барады, тек суық күннің соңғы сәулесі ғана ағаш арасынан сығалайды.


Жаңа сабақты мән беріп мұқият тыңдап түсінеді, сурет салады.


Оқушылар берілген тапсырманы оқып, бір- бірімен ойланады, пікірлеседі, әңгімелесуге қатысады, өз пікірін айтады, өз байқағандарын әңгімелейді.








Сабақты бекіту:

13 мин

Сұрақтар: 1.Қыс көріністеріне иллюстрация жасау.?

2 .Кескіндеме бейнелеу өнерінің қай түріне жатады.?

Берілген сұрақтарға белсенділікпен жауап береді.

Үй тапсырмасын беру:


Қыс көрінісіне сурет салу.


Бағалау:


Әр топ жұмыс нәтижиесін бір-бірімен салыстырады.

Балалар бір бірін бағалайды.







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
8 маусым
778
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі