жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Сабақ жоспары: "Қарахан және Қарақытай мемлекеттері"
САБАҚ ЖОСПАРЫ
Курс |
I |
Топ БМ06 АУП-215 к |
|
Сабақтың № 13-14 |
|
|
Мамандығы-біліктілігі: |
1302000 Автоматтандыру және басқару (бейін бойынша) 1302012 Бақылау-өлшеу аспаптары мен автоматика бойынша слесары
|
|||||
Модульдің атауы |
БМ06 "Әлемдік қауымдастықтағы Қазақстан тарихының рөлі мен орнын түсіну". |
|||||
Сабақтың тақырыбы |
Қарахан және Қарақытай мемлекеттері.
|
|||||
Күні |
__.__. 2019 ж. |
Ұзақтығы |
/90мин/ |
|||
Сабақтың мақсаты: |
|
|||||
Білімділік: |
-Қарахан мемлекетінің тарихи дамуын, Қарақытайлардың Жетісуға қоныс аударуын, қоғамдық құрылысын түсіндіре отырып, жаугершілік соғыстары мен мемлекеттің әлсіреуіне сыртқы шапқыншылықтың әсерін түсіндіру; |
|||||
Дамытушылық: |
- Қарахан, Қарақытай мемлекетінің қоғамдық құрылысы, алым-салық жүйесі, саяси жағдайын талдап,тарихи деректермен жұмыс жүргізуге, ойларын жинақтап қорытынды жасауды қалыптастыру; |
|||||
Тәрбиелік: |
-студенттердің пәнге деген қызығушылығын арттыру, өз елінің тарихи құндылықтарын құрметтеуге үйрету, елін, жерін сүйетін дарынды ұрпақ тәрбиелеу. |
|||||
Күтілетін нәтижелер: |
а)
студенттер ертедегі мемлекеттердің
даму тарихын түсінеді; г) Мемлекет тарихындағы негізгі оқиғалар тізбегін анықтап біледі.
|
|||||
Сабақтың түрі: |
Аралас |
|||||
Қажетті жабдықтар мен құрылғылар: |
Интерактивті тақта, ноутбук, электронды карта, суреттер, сызба, кесте, үлестірме қағаздар және т.б.
|
|||||
Қосымша әдебиетттер: |
Төлеубаев, Қазақстан тарихы, Алматы Мектеп 2014 ж, Ч.Мусин. Қазақстан тарихы, Алматы 2005 жыл.,Қазақстан тарихы,
|
|||||
Сабақтың конспект-жоспары |
|||
Сабақтың барысы |
Уақыты (мин.) |
Іс-әрекет түрлері |
Оқу ресурстары мен материалдары |
1. Ұйымдастыру кезеңі:
|
2 мин. |
Амандасу. Тізім бойынша студенттерді түгендеу. |
М. Чапайдың "Қазақстан тарихы"оқулығы, АКТ, электронды тарихи карталар, кестелер, тест тапсырмалары, бейнематериал.
|
2. Үй тапсырмасын тексеру: Түрік және Түргеш қағанатының даму тарихы, Мемлекеттік құрылысы, Шаруашылығы; Қоғамдық -әлеуметтік жағдайы.
|
20 мин. |
1) сұрақ-жауап арқылы, 2) реферат қорғау арқылы, 3) карточка арқылы, 4) тақырыпты ауызша мазмұндауы арқылы. |
|
3. Жаңа сабақты меңгерту: Қарахан қағанаты Шығыс Түркістан, Жетісу, Сырдария, Талас, Шу өңірін құтты қоныс етті. Оның құрылуы 940 жылдан басталады. Қағанаттың орталық астанасы Шу өзені бойындағы Баласағұн, кейінірек Ордакент (Тараз) қаласы. Қарахан мемлекетінің Үзген, Мерке, Құлан сияқты қалаларында ірі алыпсатар алпауыттар мен қолөнершілер мекендеген. Қарахан әулетінің негізін салушы Сатұқ Боғрахан (915–955жж.) болып есептелінеді. Ол Қарлұқ хандығының іргесін көтеріп, мәртебесін асырушылардың бірі – Білге құл Қадыр ханның немересі. Сатұқ Тараз және Қашғар қалаларын өзіне қаратып, 942 жылы Баласағұндағы билеушіні құлатып, өзін жоғары қаған деп жариялайды.
Қарақытайлар мемлекеті (1128-1213). Қарақытайлар. Олардың құрылуы Орталық Азияның қидан тайпаларымен тығыз байланысты. Қидандар (цидань, кита, хита) б.з. 4 ғ. жазба деректерде моңғол тілді тайпалар ретінде аталады. Олар Қытайдың солтүстік жағында Маньчжурия мен Уссури өлкесінің территориясын мекендеген. 924 ж. Алтайдан бастап, Тынық мұхитқа дейінгі жер Қидан мемлекетінің (Ляо империясы) қол астына өтеді. Қарақытай мемлекетінің басшысы Гүрхан деп аталады. Оның ордасы - Шу озенінің алқабында болатын. Баласағұн орталық болып қала берді. Әскерде тәртіп қатал болған. Ел ішінде аула басынан салық жинай жүйесі енгізіледі - әр үйден бір динардан салық алып отырады. Гүрхан жақындарына жер-суды тарту етпейді, олар бәсекеші болып кетеді деп қауіптенді. Қарақытайлар Жетісудың оңтүстік бөлігін, Исфиджабтың солтүстік-шығыс аймағын, Құлжа өлкесін басқарады.
|
50 мин. |
Жаңа сабақты түсіндіру Оқулықпен жұмыс Тақырыптық презентацияны қарау Тақырып бойынша талдау жасау Сызба, кестелермен, үлестірме тапсырмалармен жұмыс жүргізу |
|
4. Алған білімдерін бекіту: Түрік және Түргеш қағанатының даму тарихы, Мемлекеттік құрылысы, Шаруашылығы; Қоғамдық -әлеуметтік жағдайы.
|
10 мин. |
1) сұрақ-жауап арқылы,; 2) студенттер жауап беру барысында өзінің және өзге де білім алушылардың берген жауаптарындағы қателіктерді анықтайды; 3) тақырып бойынша кесте толтырады; 4) блиц-тест орындайды; |
|
7. Үйге берілген тапсырма: Төлеубаев Қазақстан тарихы А «Мектеп» 2014, Мәтінді оқып, әңгімелеу |
3 мин. |
Жаңа тақырып бойынша презентация, реферат, баяндама, эссе, шағын конспект әзірлеу. |
|
8.Сабақты қорытындылау. |
5 мин. |
Студенттердің білімідерін бағалау |
|
Пән мұғалімінің қолы________________

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген