400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сабақ жоспары, Қаратпа сөз және ресми-іскерлік қатынас сөз әдебі 1курс

Материал туралы қысқаша түсінік
қаратпа сөз және ресми-іскерлік қатынас туралы білімдерін жетілдіру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақты өткізу жоспары №

Пән: Қазақ тілі

Курс, топ: 1 курс 1 топ

Өткізілетін күні: ­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­

Тақырыбы: Қаратпа сөз және ресми-іскерлік қатынас сөз әдебі

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Өткізу әдісі: сұрақ-жауап, сипаттау, баяндау, жаттығулар орындау.

Мақсаттары:

Білімділік: қаратпа сөз және ресми-іскерлік қатынас туралы білімдерін жетілдіру.

Дамытушылық:білімгерлердң өз бетінше жұмыс істеу дағдысын жетілдіру, шығармашылық жұмысқа баулу,өз ойларын еркін жеткізе білуге үйрету.

Тәрбиелік: қаратпа сөз әдебін оқыту арқылы білімгерлерді сауатты жазуға дағдыландыра отырып, ұқыптылыққа, білімділікке, т.б. тәрбиелеу.

Пән аралық байланыс: әдебиет,тарих,

Көрнекілігі: интерактивті тақта, презентация


Сабақты өткізу барысы.

І.Ұйымдастыру кезеңі: 1.Сәлемдесу

2.Сабаққа қатысуын қадағалау

3.Сабаққа назар аударту


ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

1.Пысықтау сұрақтары арқылы тексеру

1. Адамдардың дидарласуына дәнекер болатын дәстүрлі ұғымдар немесе қарапайым

күнделікті сөйлеу этикеті дегенге түсінік беріңіз.

2."Сіз деген — сөздің сынығы, сен деген — сөздің анығы" деген мақалдан нені аңғаруға

болады?

3.Сөз арасында қолданылып, тілге сыпайылық үстеп, ізеттелікті, қарапайымдылықты

білдіретін сөздерге кандай сөздер жатады?

4. Сөйлеушілердің әлеуметтік белгілеріне нелер жатады?

5. Адамдар арасындағы тілдік қатысына, сөздік қолданыс қаншаға бөлінеді?

6. Бата беру ұғымының мағына-мәнін түсіндіріңіз.

7. Теріс бата қандай жағдайда беріледі.

8. Тілек қандай жағдайларда айтылады.

9. Сөз әдебі дегенді қалай түсінесіз.

10.Күнделікті әлеуметтік-тұрмыстық қатынастағы қарым-қатынас және сөз әдебін

көрсететін тілдік қолданыстарға нелер жатады.


2.Жаттығу жұмысын тексеру


III. Жаңа сабақтың тақырыбын, жоспарын жариялау: сұрақ-жауап, баяндау,

жаттығулар орындау.


IV. Тірек білімді жандандыру:

1.Қаратпа сөз дегеніміз қандай сөздер?

2. Ресми-іскерлік қарым-қатынас тілінің жазбаша, ауызша түрі дегеніміз не?


V.Жаңа тақырыпқа ынталандыру

1. Қаратпа сөз қандай мақсатта қолданылады?

2. Қаратпа сөздерге қандай тыныс белгілері қойылады?


VI.Жаңа білімді игеру: Сөйлеушінің біреуді өзіне қарату үшін,назарын аудару үшін айтылатын сөзін немесе сөз тіркесін қаратпа сөз дейміз.Мысалы:Балалар,ертең сабақ тоғыздан басталады.

Қаратпа сөз диалогта,шешендік сөздерде,үндеуде, поэзияда, түрлі іс қағаздарында (қызметтік хаттар мен кеңсе қағаздарында) қолданылады.Осыған қарай жұмсалу мақсаты, мағыналары әр түрлі болады.

Қаратпа сөздің мағыналары

1. Ойдың,сөздің біреуге арналғандығы

2. Тыңдаушының назарын аударту

3. Сөйлеушінің ойын,көңіл күйін білдіру

Қаратпа сөздің тыныс белгілері

1. Қаратпа сөз сөйлем басында келсе,одан кейін үтір, не леп белгісі қойылады. 1.Туған

елім,жасай бер, жаса! 2. Айман! Бері кел.

2. Қаратпа сөз сөйлемнің ортасында тұрса,екі жағынан,соңында тұрса,алдынан үтір

қойылады.1. Айт,балам,өзің үшін керек.2. Ауылдың шетіне кеп қалдық па,жігіттер.

3. Сөйлемде одағай,қаратпа,қыстырма сөздер қатар келсе,арасы үтірмен бөлінеді.

1.Япыр-ай,меніңше,Қанат, сенікі дұрыс емес.

Алайда эмоция-экспрессиялық әсерге бай екен деп сөздерді талғаусыз кез келген жерде қолдана беруге тағы болмайтыны белгілі.Екі бүктеліп еңкейіп отырмаса да, кей ерлі зайыпты жас жұбайлар бірін-бірі шал, кемпір деп отырады. Шалың келді ме? Кемпірің қайда? Тәрізділерді әзіді жарасқан құрбылардың айтып отырғанын да ара-тұра естіп қаласыз.Мұндай сөздерді қолданбау кейбіреуге тіпті тұрпайы көрінеді.Әрине, «мына сөзді айт, мына сөзді айтпа», деп, біреудің аузына біреу қақпақ бола алмайды.Мұндай сөздерді егер қатар-құрбы,ерлі-зайыптылар өрескел көрмесе,кемсіту деп түсінбесе,өзара ғана қолдана беруіне болатын да сияқты.Ал бейтаныс ортада,үлкен-кіші аралас отырыста,қоғамдық орындарда әлгідей «іш тарта» айтылған сөзді араластырып сөйлеу жағымсыз эмоция тудырады.Ондайды үлкенді сыйламағандық, кішіні елемегендік деп түсінеді.Осы тәрізді бір алуан этикет сөздер ортамен есептесіп, санасып отыруды талап етеді. Оқушылар,студенттер қадірмен ұстаздарына қарап ағай,апай деген сөздерді көп қолданады. Бұлар аты-жөнін білмеген кісіге айтылатын ресми қаратпа сөз сияқтанып кетті.Халқымызда тағы да сондай құрмет нышаны ретінде ер аттарының басқы буындарын қысқартып алып, оған-еке, (ақа) сөзін қосатынымыз бар:Әлеке,Жүмеке, Есеке,Мәке, сияқты қаратпаларды,әдетте,тонның ішкі бауындай жақын,жақсы үлкен адамдарға айтамыз.

Ресми-іскерлік қатынас және сөз сөз әдебі.

Ресми-іскерлік қатынас деп адамдардың кәсібі, мамандығымен байланысты жұмыс немесе қызмет орындарында, мәдени-көпшілік мекемелерде жүзеге асатын қарым-қатынастың түрін айтамыз.Мұндай орындардағы қарым-қатынастың түрі ресми сипатта болады.Әріптестердің жұмыс немесе қызмет бабындағы өзара қарым-қатынасы ресмилікті қажет етеді.Дәріс оқу, сабақ беру кезіндегі, оқытушы мен студент, мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынас ресми-іскерлік қарым-қатынасқа жатады.

Біздің ана тіліміз-тек тұрмыстық қатынаста ғана емес, әр түрлі мекемелерде, басқару және ақпарат беру орындарында қолданылатын ресми-іскерлік қарым-қатынастың да тілі.Ресми-іскерлік қатынас ауызша және жазбаша тіл арқылы жүзеге асады.

Ресми-іскерлік қатынастың жазбаша үлгілеріне жеке адамдардың құжаттары, түрлі мекемелердің іс қағаздарынан бастап мемлекеттік мәндегі заң актілері, ережелер, мемлекеттік бағдарламалар, мемлекеттік тұжырымдамалар, Конституция, т.б. қоғамдық-құқықтық мәні аса зор құжаттар жатады.Әсіресе Заң,Конституция,Бағдарлама,Тұжырымдамалар тәрізді құжаттарды біліктілігі аса жоғары мамандар даярлайды.Ресми-іскерлік қатынастағы жекебастық құжаттардың мынадай жақтары бар

1.тілдік емес жақтары

2. Тілдік(лингвистикалық) жақтары

3.Сөз әдебіне (этикетке) қатысты жақтары бар.


Бетпе-бет отырған бір адамға қарата айтылған сөзден бастап, сөйлеушінің көпшілік қауымға,тіпті қалың жұртшылыққа қарата айтқан сөзі ресми-іскерлік қатынас тілінің ауызша түріне жатады.

Мемлекет,қоғам,өнер,ғылым қайраткерлерінің,саяси партиялар жетекшілерінің жұршылық алдында сөйлеген сөздері немесе бұқаралық ақпарат арналары арқылы қоғамдық-әлеуметтік мазмұнда сөйлеген сөздері,жоғары мектеп оқытушыларының студенттерге оқыған дәрістері,сот процесінде адвокаттың сөзі, дін басыларының діни мазмұндағы сөздері,т.б. ресми-іскерлік тілдің ауызша түріне жатады.Ауызша түрде жұртшылық алдына шығып сөйлеушілердің сөзі шешендік сөз үлгілері болып табылады


2. Өтілген жаңа тақырып бойынша орындалатын тапсырмалар:

1 тапсырма. Кісі есімдерін төмендегідей атаудан қандай әдептілік мәнді байқауға болады? Қаратпа сөзде бұл қандай мән-мағына,сөз сапасының бедерін көрсетеді?

Осы кісі есімдерін ІІ жақта тәуелдеп жазыңыз.

Үлгі: Сәбе-Сәбең.

Жәке, Тәке, Реке, Бауке,Сәке,Ілеке,Нұраға, Мұқа, Биаға, Сыраға.

2 тапсырма.Мына сөздерді қаратпа етіп алып,бірнеше сөйлем жазыңыз.

1.Айым. 2.Айналайын.3. Ақ ботам.4.Ботақаным.5.Қалқам.6.Жарығым.

3 тапсырма. Мәтінді көшіріп жазыңыз.Тілдік қарым-қатынаста сөзге сыпайылық мән үстеп тұрған сөздердің астын сызыңыз.

1. –Мен сізді көрмей Алматыдан қайтпаймын деп ағама уәде беріп едім.

Сіз науқастанып жатыр деп естідім.Сауығуыңызға шын жүректен тілектеспін.

Бірақ бірер минутқа болса да үйіңізге кіріп шығуға рұқсат етуіңізді өтінемін,-дейді жалынып (Ә.Нұршайықов).

2.- Бәйбіше, қапа болмаңыз,мүмкіндік болмай қалды,жүгені шыдамады,-деді бала өзін кінәлі сезініп.

-Жоқ,айналайын,-деді Арзы апам.-Әншейін суға мысығың кетіп қалса да өкінесің ғой.Мейлі, бала-шағамның садағасы.Құдай-ау,алыста жүрген шырақтарымның садағасы!Соғыстың сойқаны да сонымен кетсін!Ел-жұрт аман болсын бір нәрсе ғып күн көрерміз (Ш.Мұртаза).

4 тапсырма. «Отан үшін отқа түс күймейсің» тақырыбына әңгіме құрап жазып,қаратпа сөздердің астын сызыңыз

.5 тапсырма.Мәтінді оқып,атақты адамдардың өмір жолымен байланысты мерекелік кездесу өткізуге айтылатын құттықтау-тілек сөзге назар аударыңыз.

Осыған ұқсас жағдаятқа байланысты өзіңіз құттықтау сөз жазып көріңіз.

Туған жерде өткен мереке

-Құрметті Бауке,Сіз-ардақты азамат,атағы әйгілі жауынгер,көрнекті жазушы,ҚазақстанМемлекеттік сыйлығының лауреаты, біздің қадірлі жерлесімізсіз!

Майданда қаруды, бейбіт күнде қаламды ұстай алатын мұқалмас,қажымас қайраткер екеніңізді бүкіл Отанға,қала берді,әлемге таныттыңыз.Мұны біздер, жерлестеріңіз,қалай ғана мақтаныш етпей отыра аламыз!Сіздің өміріңіз өнегеңізбен жас ұрпақты тәрбиелейміз.

-Аяулы Бауке, біз сізге күшті денсаулық,ұзақ ғұмыр тілейміз,сіздің шығармашылық бұлағыңыздың қайнар көзі бітелмесін.Жерлестеріңіз бұған дейін Жуалының құтты жері бүкіл елімізге,шетелге әйгілі азамат бергенін мақтан етіп келген болса, енді сол азаматтың шығармашылық жаңа шығармалар бергенімен мақтанатын болсын.

(«Бауыржан батыр» кітабынан)



6 тапсырма. Тест сұрақтарын шешіңіз.


VII.Жаңа тақырыпты бекіту: Пысықтау сұрақтары арқылы сабақты бекіту.

1. Қаратпа сөз дегеніміз не?

2. Қаратпа сөздердің қандай мағыналары болады?

3. Қаратпа сөздерге тыныс белгілері қалай қойылады?

4. Қаратпа сөздерге мысалдар келтіріңіз?

5. Ресми іскерлік қарым-қатынас қалай жүзеге асады?

6. Ресми іскерлік қатынастың жазбаша түріне қандай үлгідегі жазба мәтіндер жатады?

7. Жеке бастық құжаттар деп қандай құжаттарды айтады?

8. Ресми іскерлік қатынастағы құжаттардың тілдік емес жақтарына нелер жатады?

9.Ресми іскерлік қатынастағы құжаттар тілінің сөз әдебіне(этикетке) қатысты жақтары

туралы айтыңыз.


VIII.Қорытындылау,бағалау: Білімгерлердің сабақ барысында орындаған тапсырмаларын тексеріп, білімдерін бағалау


IX. Үй тапсырмасы: Қаратпа сөздерді қатыстырып мамандыққа байланысты 5 сөйлем құрап жазып келу

Пайдаланған әдебиеттер: 1.Г.Қосымова «Қазақ тілі Шешендік өнер»

2.Ж.Даулетбекова «Сөз мәдениеті және шешендік»


Жоспарды құрған оқытушы ______________ Г.Мадильбаева




























Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
6 ұстаз жүктеп алған
10 мамыр
1100
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі