400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

сабақ жоспары Қауіпсіздік ережелері 2 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
бастауыш пән мұғалімдеріне әдістемелік көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді сабақ жоспары

САБАҚ: дүнииетану

ТАҚЫРЫБЫ: Қауіпсіздік ережелері

МЕКТЕП: «Көкпекті орта мектебі КММ»


КҮНІ: 14.02.19ж.

МҰҒАЛІМНІҢ АТЫ-ЖӨНІ: Дюсешова Ж.Т.


СЫНЫП: 2 «Б»

ҚАТЫСҚАНДАР САНЫ___

ҚАТЫСПАҒАНДАР САНЫ:___


ОҚУ МАҚСАТЫ:


2.1.4.2 күнделікті жағдаяттардағы (үйде және қоғамдық орындарда) қауіпсіздік ережелерін түсіндіру

САБАҚТЫҢ МАҚСАТЫ:


Барлық оқушылар білуге тиісті:  Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды. Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. 

Оқушылардың көпшілігі білуге тиісті: Топтық жұмысты бірлесе орындайды.Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді.

Кейбір оқушылар білуге тиісті:  Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады.

Ресурстар:


Оқулық, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар, стикер, презентация, суреттер

Жоспарланған уақыт


Сабақтың басы

5 минут

2 минут


3 минут










Сабақтың ортасы

30 минут

10 минут















































































Қорытынды бөлім

5 минут





Жоспарланған іс – әрекет






Амандасу – түгендеу


Психологиялық дайындық

«Сәлемдесу» ойыны: Қазір біз сендермен ойын ойнаймыз, қимылды тез жасауларың керек. «Бастаймыз» деген белгі берілгенде, мен қалай амандасу керек екенін айтамын, сонда сендер бір - бірлеріңмен тез - тез амандасасыңдар. Әр адаммен әртүрлі амандасасыңдар. Сонымен, көзбен… қолмен… иықпен… құлақпен… тіземен… иекпен… өкшемен… арқамен.

Үй жұмысын тексеру

«Серпілген сауал» әдісі

1.Сенің ағзаңа көп тамақтану пайдалы ма әлде аз тамақтану пайдалы ма?

2. Қандай тағам түрлерінде пайдалы дәрумендер көп?

3. Қандай дұрыс тамақтану ережелерін білесіңдер?

4. Денсаулық пен ақыл – ойымыздың дұрыс жетілуі үшін дұрыс тамақтана білуіміз керек пе?

Мұғалім:– Балалар, Жер бетінде ең қымбат не деп ойлайсыңдар? Жер бетіндегі ең қымбат – өмір. Өмір – бұл ұлы тіршілік. Бірақ та адамның өміріне және денсаулығына қауіп төндіретін жағдайлар болады. Бүгін біз өзімізді қалай қауіпсіздендіреміз және қалай қорғайтындығымыз туралы айтамыз, мінез-құлықтың қауіпсіздік ережелерін қарастырамыз.Ол үшін сақ әрі зейінді болуымыз керек. Ондай болса мына бейнематериалға назар аударайық. «Қауіпсіздік әліппесі»

Бейнеролик тамашалау.

Топтарға бөлінеді:

1-топ:

2-топ:

3-топ:

1-тапсырма. Топтық жұмыс

Әр топқа түрлі қима суреттер беріледі. Сол суреттерді құрастырып, сол бойынша өз ойларын білдіру.

1-топ-Дұрыс және дұрыс емес.

Оқушыларға суреттер таратылады. Осы суреттердә екі бағанға сәйкесін тауып, анықтап жапсырады.

2-топ-Үйдегі қауіпті заттарды анықтап, кестелерді толтырады.

3-топ-Мозаика құрастыру

Топтар бір-бірін бас бармақ әдісі арқылы бағалайды.

2.Сергіту сәті

«Мен адасып қалдым»

Мен бір күні адастым – (қорыққанды көрсету), 
Бірақ тез-тез ойландым – (маңдайын қолымен жайлап соғып күлімсіреу), 
Жан жағыма қарадым – ( қарау), 
Анам жоқ, енді не істеймін – (қолын екі жағына жаяды), 
Оңға қарай жүгірдім – (орнында жүгіру), 
Табыла ма, анам деп – (айналасына қарау), 
Солға қарай жүгірдім – (орнында жүгіру), 
Табыла ма, анам деп – (айналасына қарау), 
Айналамды қарадым – (айналу), 
Көріп қалам ба екен деп– (айналасына қарау), 
Жоқ. Қозғалмаймын орнымнан – (қолын кеудесіне қою), 
Осы жерде күтем тек!

3.Қосымша тапсырма

Әр оқушыға жеке таратпа материалдары таратылады.

Төмендегі ережелердің дұрысын таңда

Бөтен адамға есік ашпау

Ашық тоқты ұстау

Сіріңкемен ойнау

Көшенің ортасына ойнау


Үшкір заттармен ойнамау

Жеміс-жидектерді жуып жеу


Бағалау критериі: Дұрысын табады

Дескриптор:

-ережелерді оқиды

-1-ші дұрыс ережені табу

-2-ші дұрыс ережені табу

-3-ші дұрыс ережені табу


4.Қорытындылау:

«Сыныптағы заттар» әдісі

Оқушыларға сынып ішіндегі бір зат жазу ұсынылады. Сол бойынша бүгінгі сабаққа қатыстырып сөйлем құрайды.

Мысалы: Мен партамын. Бүгінгі сабақта менің көп көмегім тиді.

Үй тапсырмасы: 36-37 бет оқу

Дереккөздер

















































бейнеролик



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
04.04.2019
1452
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі