Сабақтың
ортасы
3-8
мин
8-13
мин
13- 18
мин
18-23
мин
23-28
мин
28-37
мин
37-38
мин
|
3.Ширату
сәті:
Оқушыларға тақырыпқа сай
видеоматериал көрсетіледі де, жаңа сабақты ары қарай өрбіту үшін
сұрақтар қойылады:
-
Қазақ қоғамы қандай әлеуметтік
топтар мен таптарға жіктелді?
-
Әрбір әлеуметтік топ өкілдері
қандай қызмет атқарды?
-
Хандардың, би, батырлардың
басшылық рөлі мен шешімдері қаншалықты маңызды
болды?
Оқушыларға мәтін
таратылады.
1723 жылдың көктемінде жайлауға көшуге
қамданған бейқам қазақ еліне жоңғарлардың қалың қолы тұтқиылдан
шабуыл жасады. Тарихшы Алексей Левшиннің жазуынша және қазақ
жырауларының куәлігіне қарағанда Жоңғария қалмақтары әрқайсысы 10
мың жауынгері бар 7 қолмен қазақтарды шапқан. Олар Балқаш, Қаратау
бағытымен жылжып (қолбасшысы Қалдан Серен),Алтай асып, Көктал өзені
бойымен өрледі (қонтайшы Құлан Батур), Нұра өңірін қанға батырып
(Әмірсана), Шелек өзені (Доржы), Есік көлі (Лама Доржы), Шу өңірін
таптап (Дода Доржы), тоқтаусыз Іледен өтіп (Севан Рабдан) қарудың
күшімен, найзаның ұшымен қазақ жерлерін иемденді. Екпіні қатты
шапқыншылар Қазақстанның оңтүстік аудандарындағы бейбіт елді аяусыз
қырғынға ұшыратып, Түркістан, Сайрам, Ташкент қалаларын басып алды.
Жоңғарлардың жойқын шабуылының нәтижесінде қазақтар шайқас
даласында 100 мыңға жуық жауынгерлерінен айырылды, ал қорғансыз
халықтың шығыны одан әлде қайда көп болды. Абылай ханның айтуынша,
сол кезде әрбір он адамның төртеуі қаза тапты. Бұл деректі Шәкәрім
Құдайбердіұлы да қостайды. Қорғануға мұршасы келмеген ел әсіресе
Талас, Боралдай, Арыс, Шыршық, Сырдария өзендері бойында көп
қырылды. Тірі қалғандар ата мекенін тастап шықты. Тарихта бұрын
болып көрмеген алапат құбылыс – қазақ халқының үдере қашқан
босқыншылығы туды. Тоз-тоз болған Ұлы жүз, Орта жүздің шағын бөлігі
Сырға Шыршық құятын тұстан сәл жоғары өткелден өтіп Ходжент,
Самарқаниеліктеріне көшті. Кіші жүз Сауран қаласын айналып,
(«Сайран айналған») Бұқараға ауды. Шұбырған халықтың басым
көпшілігі Сырдан өтіп, Алқакөлге жетіп құлады. Кейбір
тайпа-руларҚызылқұм, Қарақұм ішіне сіңді. Осы тұста халықтың
жүрегінде мәңгі сақталған ащы зар мен ауыр мұңға толы «Елім-ай» әні
дүниеге келді. Жоңғар шапқыншылығынан күйзелген қазақ жеріне Еділ
қалмақтары (торғауыттар), Жайықтың казак-орысы, Орал башқұрттары,
Қоқан бектері, Бұқар мен Хиуа хандары тұс-тұстан шабуыл жасады.
Қазақ елі өз тарихында алғаш рет қасіретті зардабы өте зор зұлматқа
тап болып, жер бетінен ұлт ретінде жоқ болу қаупіне ұшырады.
Қазақтар бұл апаттың сырын түсінді, жасанған жауларына қарсылық
жасап бақты, ұрпағын қырғыннан аман алып қалудың амалын іздеп
қарманды.
«Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұламаның»
шырғалаңы мен аласапыраны қазақтардың еркіндік пен ерлік рухын
шыңдады. Ұлт перзенттері бардың басын қосып, халық бірікпей тірлік
болмайтынын түсінді. Бөгенбай, Қабанбай, Саурық, Жәнібек,
Малайсары, Абылай, Әбілқайыр бастаған қалың ел жоңғарларға қарсы
майдан ашып, Бұланты мен Бөленті өзендерінің жағасында,
Аңырақайдаласында ұлы жеңіске жетті. «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл
сұлама» қазақ халқының есінде ұлы қасірет болып мәңгі тарихқа
хатталды.
Терминдермен жұмыс clil
бойынша
-
хан
-
би
-
батыр
-
уәзір
-
төлеңгіттер
-
қарапайым
халық
Топтық
жұмыс.Үш топқа кестені толтыруға
тапсырма беріледі:
|
Әлеуметтік
топтар
|
Айырма
шылығы
|
Маңызы
|
І Түркі
кезеңі
|
|
|
|
ІІ Моңғол
шапқыншылығы
|
|
|
|
ІІІ
Қазақ хандығы
кезеңі
|
|
|
|
Әр топ берілген тапсырманы
орындап, жауаптары тыңдалады. Қажет болса толықтырылып, кері
байланыс беріледі.
Жеке
жұмыс. Кілт сөздер беріледі:Хан, би,
сұлтан, батыр, рубасы, уәзір, төлеңгіттер, қарапайым халық,
құл.Оқушылар әрбір әлеуметтік топты
қоғамдағы рөліне қарай жылқы бейнесіне орналастырып, не себепті
екенін түсіндіруі тиіс.
Төрт шағын топтарға
тапсырмалар беремін.
І топтың
тапсырмасы: Қарақұмдағы құрылтайдың
не себепті өткендігін анықтау және құрылтайда қаралған мәселелердің
шешімін айту.
ІІ топтың
тапсырмасы:«Ақтабан шұбырынды, Алқакөл
сұлама» оқиғасының зардаптары туралы
айту.
ІІІ топтың
тапсырмасы: Бұланты бойындағы
шайқастың маңызын айту.
ІҮ топтың
тапсырмасы:
Аңырақай шайқасының
маңыздылығын айту.
Тапсырма орындалған соң «екі
жұлдыз, бір ұсыныс» әдісі арқылы
бағалатамын
«Сәйкестендіру»
әдісі
«Шабуылдау себептері мен
жеңілу себептерін анықтау»
Оқушыларға екі бағанаға
парақшаларда берілген сөйлемдерді дұрыс орналастыруды
тапсыру
Оқушылар берілген сөйлемдерді
қазақтардың жеңілу себептері немесе жоғарлардың шабуылдау себептері
бағаналарына сәйкес салыстыра отырып орналастырады, жіктейді.
Тапсырманы орындап болған соң, неліктен осылайша сұрыптағанын
тұжырымдайды.Мұғалім сабақты
қорытындылайды.
Үйге
тапсырма:“Қазақ қоғамындағы әлеуметтік
топтар хандықты нығайтуда қандай рөл атқарды?”деген
тақырыпта
40-55 сөзден тұратын мақала
жазыңыздар
|
http://el.kz/m/articles/view/%D0%90%D2%9B%D1%81%D2%AF%D0%B9%D0%B5%D0%BA-1
Қазақстан тарихы көне заманнан
бүгінгі күнге дейін. 5 томдық. ІІ том. Атамұра,
2010.
Артықбаев
Ж.О.
Қоғам және
этнос (XVIII ғасырдағы қазақ
қоғамының этноәлеуметтік құрылымы). –Павлодар,
2004.
Левшин А.И. Описание киргиз-казачьих, или
киргиз-кайсацких, орд и степей. – Алматы: «Санат»,
1996.
Қазақ тарихы ғылыми
әдістемелік журнал. №5, №3, №4, №2,
2010.
Жолдасбайұлы С. Ежелгі және
орта ғасырдағы қазақ елінің тарихы. Оқулық. / Алматы, Кітап
баспасы, 2010. 336-б.
|