10 сынып. Қазақстан тарихы
Ашық сабақ.
Сабақтың
тақырыбы: “Қазақ халқының
қалыптасуының негізгі кезеңдері”
Мақсаты:
Білімділік:
Қазақ халқының қалыптасуының
негізгі кезеңдері мен қазақ халқының антропологиялық типi және
тiлдiк сипаты жайлы білімін молайту.
Дамытушылық:
Оқушылардың тарихи білімдерді
қорытындылап, себеп-салдарлық байланыс орнатып, тарихи оқиғалар,
құбылыстарды дербес талдай білу, күнделікті өмірде білімін қолдана
білу дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік
:
Еліне қызмет етуге дайын
отансүйгіш, қазақ халқының тарихы мен мәдениетін және Қазақстанда
өмір сүріп жатқан халықтардың тарихы мен мәдениетін құрметтейтін
белсенді азамат тәрбиелеу.
Көрнекілігі:
Интербелсенді тақта, төрт
түсті маркерлер, , флипчарт, оқулық, стикерлер, скотч,
қайшы, Электронды оқулық, слайд,
кесте, карта, бейнекамера,
фотоаппарат.
Әдіс-тәсілдер: жұппен жұмыс, топпен
жұмыс. Постер, Кластер
құру.
Диалогтық оқыту, «алақан
формасында» сергіту сәті, сұрақ-жауап, «Топтастыру» әдісі, «Қамал
құрастыру» әдісі,
Түрі: Ашық
сабақ.
Әдіс-тәсілі: Қолданған
әдебиет: Қазақстан тарихы 2-том,
әдістеме, оқулық.
Пәнаралық
байланыс:
әдебиет,құқық.
Сабақ
барысы:
-
Ұйымдастыру кезеңі. Топқа
бөлу: «Алаш», «Қазақ»
-
Үй жұмысын
сұрау.
-
Жаңа сабақ бойынша
жұмыс:
Сабақ
жоспары:
1. Қазақ халқының халық болып
қалыптасу үдерісі мен тілдік сипаты.
2.Этносаяси, аумақтық тұтастық.
3.Алаш – қазақ атауының пайда болуы.
4.Қорытындылау.
Топқа
бөлу: «Алаш»,
«Қазақ»
Топқа тапсырма: 1. Постер
құру: /Екі
топ/
І
топ: “Қазақ халқының халық болып
қалыптасуының қажетті шарттары
және қазақ тілінің
қалыптасуы”
ІІ
топ: “Халықтың этносаяси, аумақтық
тұтастығы мен алаш – қазақ атауының шығуы”
2 ші
тапсырма: Кластер: /«Жүзім шоғы»
әдісі/ /Екі топ/
«Алаш»,
«Қазақ»
Қазақстан аумағындағы
этникалық процесс тарихы мынадай
тарихи
кезеңдерден
тұрады.
-
Қола дәуіріндегі этникалық
процестер (б.э.д. ІІ-І
м.ж.)
-
Сақ-үйсін дәуіріндегі
этникалық процестер (б.э.д. ҮІІ-б.э.Ү
ғ.)
-
Түрік
дәуіріндегі
этникалық
процестер
(ҮІ-ХІІ
ғғ.)
Қазақ халқының халық болып
қалыптасуының негізгі шарттары:
1. Халықтың өзіне тән
мәдениетінің қалыптасуы;
2. Халықтың өзіне тән тілінің
қалыптасуы;
3. Халық мекендеген аумағының
қалыптасуы;
4. Өзін бір халықтың өкілі
санайтын елдік, халықтық сананың орнығуы;
5. Халықтың ортақ атауының
қалыптасуы;
6. Халықтың өзіне тән
бет-бейнесінің қалыптасуы
«Қазақ» сөзінің шығуы
туралы ғалымдар пікірі:
|
Ғалымдар.
|
Еңбектері мен
пікірлері
|
|
Көптеген
ғалымдар
|
«Қазақ» сөзінің шығу тегін
б.з.д 7-6 ғ өмір сүрген сақ тайпаларының атымен «сақ», «қаз»,
«қас-пи», «хаз», «қасақ» деген тайпа аттарымен
байланыстырады.
|
|
Академик Н.Я Мар чех ғалымы
Б.Грозный, академик Ә.Х Марғұлан, т-шы Ш. Ақынжанов, жазушы
С.Мұқанов, т.б қолдайды.
|
«Қазақ» атауының төркіні
«қасақ», «көсек» сөздері дейді.
|
|
А.Н.
Бернштам
|
«Қазақ» сөзі кас-пи мен сақ
тайпасының бірігуінен пайда болған деп
тұжырымдайды.
|
|
Академик В.В
Радлов.
|
«Қазақ» сөзінің мағынасы
тәуелсіз, еркті адамдар деп жазады.
|
|
А.А. Самойлович,
Ш.Құдайбердіұлы
|
«Қазақ» сөзінің мағынасы өз
алдына ел, болып, еркін жүрген халық деп
жазды.
|
|
М.Х.Дулати
|
Жәнібек пен Керей өздерінің
еркіндіктері үшін күресіп, жеке ел болуға талпынған кезде қазақ
деген ат танылған деді.
|
Үй тапсырмасы бойынша жұмыс
жоспары:
-
Қазақ халқының
антропологиялық бет-бейнесінің қалыптасу
кезеңдері.
-
Қазақстан жерін қола
дәуірінде мекендеген адамдардың
бет-бейнесі.
-
Ерте темір дәуірінде
Қазақстан жерін мекендеген тайпалардың
антропологиясы.
-
Түрік дәуірінің
антропологиясы.
-
Қазақ халқының
антропологиялық типі.
Тест-тапсырма (Үй тапсырмасы бойынша
)
1. Антрополог О.
Смағұловтың есептеуі бойынша түркі дәуірінде Қазақстанда мекендеуші
тайпалардың қанша пайызы моңғолданды?
А)10% В)20% С) 30% Д)
40%
2. Қазақтың халық болып
құрылуына әсер еткен біріккен этникалық
топ:
А) сақ және қаңлы тайпалық одағы; В) үйсін және оғыз тайпалық
одағы;
С) үйсін және сақ тайпалық
одағы; Д) қыпшақ және үйсін тайпалық
одағы.
3. Сақ, сармат, үйсін
тайпаның келбеті андроновтықтарға ұқсас екендігін айтқан антрополог
ғалым: А) Н.Бичурин; В) О.Смағұлов;
С) Б.Көмеков;
Д) С.Жолдасбаев; Е)
М.Вяткин.
4. Қазақ халқының қалыптасу
процесі қай ғасырда аяқталды:
А)XV-XVIғғ; В)XIII-XIVғғ; С)X-XVғғ; Д)XI-XIIIғғ;
5. Қазақтың халық болып
қалыптасуының барысын бұзды:
А) Тань мемлекетінің шапқыншылығы; В) Арабтардың шапқыншылығы;
С) Монғол шапқыншылығы; Д) Жоңғар
шапқыншылығы;
6. Қазақстан жерін қай
кезеңде Андронов тарихи-мәдени бірлестігіне жататын тайпалар
мекендеді? А) б.з.д. 5-4 мыңжылдықтар В)
б.з.д. 4-3 мыңжылдықтар
С) б.з.д. 3-2 мыңжылдықтар Д)
б.з.д. 2-1 мыңжылдықтар
Рефлексия.
Үйге
тапсырма: “Қазақ халқының
қалыптасуының негізгі кезеңдері”
Ой толғау:
«Қазақ халқы қандай халық деп
ойлайсыздар?»
Оқушыларды
бағалау: Өзін-өзі бағалау, топпен
бағалау.