400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сабақ жоспары: "Қазақ халқының қалыптасуының тарихы"

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақтың жоспары , жас мұғалімдерге үлгі ретінде қажет
Материалдың қысқаша нұсқасы

САБАҚ ЖОСПАРЫ

Курс

I

Топ

БМ06

АУП-215 к



Сабақтың № 21-22


Мамандығы-біліктілігі:

1302000 Автоматтандыру және басқару (бейін бойынша)

1302012 Бақылау-өлшеу аспаптары мен автоматика бойынша слесары


Модульдің атауы

БМ06 "Әлемдік қауымдастықтағы Қазақстан тарихының

рөлі мен орнын түсіну".


Сабақтың тақырыбы

Қазақ халқының қалыптасуының тарихы.


Күні

__.__. 2018 ж.

Ұзақтығы

/90мин/

Сабақтың мақсаты:


Білімділік:

- Қазақ халқы қалыптасуының ежелгі және орта ғасырлардағы  тарихи кезеңдері жөнінде  білім алушыларға толық түсінік беру,ерекшеліктеріне тоқталу.

Дамытушылық:

- Түркі этнонимінің пайда болуы жөнінде тоқтала отырып, түркі тектес халықтардың қоныстанған аумағы және түркі тілдес ұлттардың қалыптасу кезеңдері жөнінде білім алушыларға тиянақты білім беру.

Тәрбиелік:

-студенттерді өз елінің өткен тарихына деген құрметке,  патриотизмге, ерлікке, бірлікке, әділдікке ,азаттық жолындағы күрескерлікке тәрбиелеу.


Күтілетін нәтижелер:

а) студенттер Қазақ халқының қалыптасуы тарихын түсінеді;
ә) өмір сүру жағдайына талдау жасай алады;
б) жорықтарды оқып-үйрене отырып, пікір қалыптастырады;

Сабақтың түрі:

Аралас


Қажетті жабдықтар мен құрылғылар:

Интерактивті тақта, ноутбук, электронды карта, суреттер, сызба, кесте, үлестірме қағаздар және т.б.


Қосымша әдебиетттер:

Төлеубаев, Қазақстан тарихы, Алматы Мектеп 2014 ж, Ч.Мусин. Қазақстан тарихы, Алматы 2005 жыл.,Қазақстан тарихы,




Сабақтың конспект-жоспары

Сабақтың барысы

Уақыты (мин.)

Іс-әрекет түрлері

Оқу ресурстары мен

материалдары

1. Ұйымдастыру кезеңі:


2 мин.

Амандасу. Тізім бойынша студенттерді түгендеу.

М. Чапайдың "Қазақстан тарихы"оқулығы,

АКТ, электронды тарихи карталар, кестелер, тест тапсырмалары, бейнематериал.



2. Үй тапсырмасын тексеру:

Моңғол жаулаушылық соғыстарынан кейін Қазақстан территориясында қандай мемлекеттер өмір сүрді?

Қазақстан территориясындағы Моңғол жаулаушылық соғыстарынан кейінгі кезеңді сипаттаңыз.

 Ақ Орда, Моғолстан, Көшпелі Өзбектер мемлекеттерінің құлауының ортақ себептерінің атаңыз.

20 мин.

1) сұрақ-жауап арқылы,

2) реферат қорғау арқылы,

3) карточка арқылы,

4) тақырыпты ауызша мазмұндауы арқылы.

3. Жаңа сабақты меңгерту:

Еңбектері мен пікірлері

Көптеген ғалымдар «Қазақ» сөзінің шығу тегін б.з.д 7-6 ғ өмір сүрген сақ тайпаларының атымен «сақ», «қаз», «қас-пи», «хаз», «қасақ» деген тайпа аттарымен байланыстырады.

Академик Н.Я Мар чех ғалымы Б.Грозный, академик Ә.Х Марғұлан, тарихшы Ш. Ақынжанов, жазушы С.Мұқанов, т.б қолдайды. «Қазақ» атауының төркіні «қасақ», «көсек» сөздері дейді.

А.Н. Бернштам «Қазақ» сөзі кас-пи мен сақ тайпасының бірігуінен пайда болған деп тұжырымдайды.

 Академик В.В Радлов. «Қазақ» сөзінің мағынасы тәуелсіз, еркті адамдар деп жазады.

А.А. Самойлович, Ш.Құдайбердіұлы «Қазақ» сөзінің мағынасы өз алдына ел, болып, еркін жүрген халық деп жазды.

М.Х.Дулати Жәнібек пен Керей өздерінің еркіндіктері үшін күресіп, жеке ел болуға талпынған кезде қазақ деген ат танылған деді.

«Жүз» сөзі. Арабтардың бір нәрсенің «басты бөлігі» немесе бір нәрсенің «тармағы» деген ұғымды білдіреді.

«Жүз» сөзі. Сөзінің сандық жүзбен салыстырып зерттеуін ұйғарады.

«Жүз» сөзі. Адамның жүзімен байланыстырып, «бір жағы», «жүзі» деген ұғыммен салыстырады

«Жүз» сөзі. С.А. Аманжолов: «Жүздер X-XII» ғасырларда пайда болды»,-дейді

«Жүз» сөзі. Этнолог ғалым Н.А.Аристов: «Қазақ жүздері жоңғар шапқыншылығы кезінде пайда»,-дейді.


50 мин.

Жаңа сабақты түсіндіру

Оқулықпен жұмыс

Тақырыптық презентацияны қарау

Тақырып бойынша талдау жасау

Сызба, кестелермен, үлестірме тапсырмалармен жұмыс жүргізу

4. Алған білімдерін бекіту:

 Моңғол жаулаушылық соғыстарынан кейін Қазақстан территориясында қандай мемлекеттер өмір сүрді?

Қазақстан территориясындағы Моңғол жаулаушылық соғыстарынан кейінгі кезеңді сипаттаңыз.

 Ақ Орда, Моғолстан, Көшпелі Өзбектер мемлекеттерінің құлауының ортақ себептерінің атаңыз.


10 мин.

1) сұрақ-жауап арқылы,;

2) студенттер жауап беру барысында өзінің және өзге де білім алушылардың берген жауаптарындағы қателіктерді анықтайды;

3) тақырып бойынша кесте толтырады;

4) блиц-тест орындайды;


7. Үйге берілген тапсырма:

Төлеубаев Қазақстан тарихы А «Мектеп» 2014, Мәтінді оқып, әңгімелеу

3 мин.

Жаңа тақырып бойынша презентация, реферат, баяндама, эссе, шағын конспект әзірлеу.

8.Сабақты қорытындылау.

5 мин.

Студенттердің білімідерін бағалау



Пән мұғалімінің қолы________________




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
8 қаңтар
433
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі