400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 13 материал табылды

Сабақ жоспары "Қазақ мемлекеттілігінің қалыптасуындағы исламның рөлі" 9 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Зайырлылық және дінтану пәнінен 9-сыныпқа арналған сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сынып:9

Зайырлы мемлекет және дінтану негіздері

Күні:

Тақырыбы:Қазақ мемлекеттілігі қалыптасуындағы Исламның рөлі

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Қазақ мемлекеттілігі қалыптасуында Ислам қазақ хандарының мемлекеттік идеологиясына айналғанын, исламның ханафиттік-сунниттік бағытының қазақ халқының әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрін орнықтыруға тигізген пайдасы туралы мағлұмат беру.

Дамытушылық: Ислам дінінің құндылықтары болып табылатын , ежелгі қалалар, кесене, медреселер туралы материалдарды тауып, слайд, бейне ролик жасауға баулу.

Тәрбиелік: , рухани құндылықтарды, , имандылық қасиеттерді оқушы бойына сіңіру.

Сабақтың әдісі: ,өзіндік шығармашылық тапсырмаларын қорғау.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, тарихи ескерткіштердің суреттері , Абай, Шәкәрім, Ыбырай және қазақ хандарының суреттері мен еңбектері.

Сабақтың барысы: 

Жаңа сабақ жоспары: Сабақ үш бөлімнен тұрады. Оқушылар үш топқа бөлінеді. «Айша бибі», «Жошы хан», «Дәуітбек».


І бөлім: Миға шабуыл. Сабақтың эпиграфы:

«Елдің дәстүрлері мен мәдени нормаларына сәйкес келетін діни сана қалыптастыруымыз керек.»

Ой қозғау: Оқушылардың қазіргі діни жағдай туралы пікірлерін тыңдау.

Мұғалімнің кіріспе сөзі:

Қазақ мемлекеттілігі қалыптасуындағы исламның рөлі:

Хандық биліктің нығаюына ықпал етті.

Қазақ руларының этникалық қауымдастыққа енуіне жағдай жасады.

Мемлекет мұсылман құқықтық нормасына сүйенді.

«Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы» «Жеті жарғы» шариғат заңдарына негізделіп жасалды.

Идеялық, құқықтық, саяси, рухани – адамгершілік рөлін атқарды.

Мұсылмандардың әдеп нормалары имандылық, адамгершілік, жомарттық, батырлық, төзімділік сияқты ізгі қасиеттерді кеңінен насихаттады.

Ислам дінін мемлекет басшылыққа алған хандар: қасым, Есім, Тәуке хандар.


«Қазақ халқы тарихында мұсылмандықты жазған ғалымдар:И.Г.Паллас, И.Рычков, А. Левшин

Қазақ даласындағы ислам жанашырлары ақын-жазушылар: Абай, Ы.Алтынсарин, С.Көпеев, Ш. Құдайбердіұлы


ІІ бөлім

Топпен жұмыс.

  1. Қазақ мемлекеті және рухани құндылықтар.

  2. Қазақтар арасында Ханафи құқықтық нормаларының таралуы

  3. Би-қазылардың діни-құқықтық нормаларды қалыптастырудағы орны


  1. Иассауи дүниетанымы бойынша адамның ең ұлы мақсаты не?

  2. Рухани құндылықтарға не жатады?

  3. Қазақтар арасында Ханафи құқықтық нормалары қалай таралған?

  4. Қазақ мемлекеті қай ғасырда құрылған?

  5. Мемлекеттің қалыптасуындағы ислам дінінің рөлі қандай?

  6. Би-қазылар діни-құқықтық нормаларды қалай қалыптастырды?

  7. Қазақ мемлекеттілігінің қалыптасуына қызмет еткен қайраткерлер кімдер?

  8. Өздерін білетін бірлік, батырлық, билік жайлы мақал-мәтелдерді айтыңдар.

  9. «Қасым ханның қасқа жолы», «есім ханның ескі жолы», «Тәуке ханның жеті Жарғысы» заңдарын талқылап, бүгінгі күн тұрғысынан баға беріңдер.


Заңдардан үзінді:

1-жарғы.Көтеріліс жасап,бүлік шығарған кісілерге өлім жазасы бұйырылсын.(Бұл жарғы мемлекеттің бүтіндігі талабынан туды).

2-жарғы.Түркі халқының мүддесін сатып,елге опасыздық еткендер өлім жазасына бұйырылсын.(Бұл жарғы халықтың ортақ мүддесі –елдің бүтіндігін қорғаған біртұтас қоғамдық сананың жемісі).

3-жарғы .Мемлекет ішінде жазықсыз кісі өлтіргендер өлім жазасына бұйырылсын.(Бұл жарғы да жабайылықтың төменгі сатысына тән кісі өлтірушулікке тыйым салған және мәдениеттіліктің белгісі ретінде танылуға тиіс өте елеулі жаңалық).

4-жарғы.Өзге біреу отбасын бұзушыларға өлім жазасына бұйырылсын.(Бұл жарғы да шаңырақтың бірлігін қамтамасыз еткен).

5-жарғы.Өреде тұрған,тұсаулы жүрген сәйгүлік атты ұрлаған кісіге өлім жазасы бұйырылсын.(Ол кезде «ер қанаты – ат» елдің,мемлекеттік соғыс күші ретіне бағаланады).

6-жарғы.Төбелесте мертігудің түріне қарай төмендегіше мүліктей құн төленсін: а)біреудің көзін шығарған кісі айыпқа қызын береді,ал қызы жоқ болса қыздың қалыңмалын береді. ә)төрт мүшенің бірін мертіктірген кісі айыпқа ат береді.

7-жарғы.Ұрланған жылқы, өзге де құнды мүлік үшін он есе артық айып төлеттірілсін.

Жазалаудың ең көп таралған түрі – құн төлеу болған. Мысалы, өлген ер адамның құны 1000 қой болса, әйел адамның құны 500 қой болған. Ал өлген адамның әлеуметтік жағдайы ақсүйек болса құн мөлшері жеті есе өскен, яғни сұлтан немесе қожа тұқымынан өлтірілгендерге жеті адамның құнын төлеген. «Сұлтан» немесе «қожаға» тіл тигізгені үшін 9 мал, қол жұмсағаны үшін 27 мал төленетін болды. Құлдың құны бүркіттің немесе тазы иттің құнымен теңескен. Дене мүшелеріне зақым келтірген қылмыскер де белгілі мөлшерде құн төлеген. Атап айтқанда, бас бармақ – 100 қой, шынашақ 20 қой болған. Ұрлық жасалған кезде ұрланған заттың құны иесіне «үш тоғыз» етіп қайтарылған. Күйеуін өлтірген екіқабат әйел елден қуылса, христиан дінін қабылдаған адамның мал-мүлкі тәркіленген. Құдайға тіл тигізгендігі жеті адамның куәлігі арқылы анықталған адам таспен атып өлтірілген.


"Есім ханның ескі жолындағы" қызға төленетін қалың малдың кесімді мөлшері бес түрлі болған. Олар:
1. "Жүз қырықтың қалыңы" — жүз қой, қырық қара деген кесім байлар мен билердің қызының қалыңы.
2. "Жүз жиырманың қалыңы" — жүз қой, жиырма қара деген кесім одан кейінгі орташа қызының қалыңы.
3. "Қырық жетінің қалыңы" - жеті қара, кырық қой деген кесім (байлардың, билердің "қатын үстіне" алатын
кедейлердің қыздарына төленетін қалыңы).
4. "Он екі қара" — "дөңгелек қалың" (қатыны өлгендердің кедейдің қызын айттырғанда төлейтін
қалыңы).
5. "Сегіз қара" (жарлы-кедейлердің бір-бірімен құда болып қызын айттырғанда төлейтін қалыңы


 

ІІІ бөлім

Мұсылмандық әдеп нормалары қазақ , ырым-тыйымдарымен астасып жатты.


«Ойлан , тап !» ойыны. Кестенің « исламда» бөліміндегі сөйлемдер ашық беріледі де, «қазақы тәрбиеде» бөлімін оқушылар өздері тауып айтады.


Исламда

Қазақы тәрбие

«Тәкаппарлығына киімін сүйретіп жүргендерге Аллаһ қиямет күні назарын салмайды».

Хадисте «Шақырған жерге барыңыз»

«Өтіріктен сақтан, өтірік пен иман бір жерде бола алмайды»

«Үлкенге ізет- Алланың әмірі»

«Отанды сүю имандылықтан басталады»

Хадисте «Жетім көрсең жебей жүр»

«Тәкаппарды тәңірі сүймес»

«Шақырғаннан қалма, шақырмағанға барма»

«Өтірікшіде иман жоқ»

«Ұлық болсаң – кішік бол»

«Отан , өз қадіріне де жетпес»

Жырларда: « Жетімді жетім демеңіз, Жетімді жетім десеңіз.

Көтеріп көрге салғанда, Тек жатамын демеңіз»


«Сиқырлы қазан» ойыны


Тайқазанның ішіне ,топ жетекшілері кезекпен суырып,түсінік айтады.

 

Ырым – тыйымдар: Асты «біссімілдә» деп баста, түшкірген адамға «жәрекімалда» деп айт, күлді , айға қолыңды шошайтпа, бүйіріңді таянба т.б


Сабақты бекіту. Дискуссиялық өрнек

Сөйлем

келісемін

келіспеймін

Қазақ хандары исламды

Ата-бабаларымыз хақ дін исламды ұстанғанын мақтаныш етті

Хадис пен сүндет бұл өмірде бағыт-бағдар беретін темірқазық рөлін атқарды

Қажылық жасау ақсүйектер үшін Ислам діні қазақ халқының салт-дәстүрлерінен көрініс тапты

Ислам қазақ мемлекеттілігі қалыптасуында басты рөл атқарды

Келісемін өйткені

Келіспеймін өйткені


Қорытындылау.


Мұғалімнің қорытынды сөзі:


ХХІ ғасырдың әлемдік ішкі тәртібі мен бет-бедері , діннің шын мәніндегі өркениетті адами тәрбиені, демократияны ұлықтайтын асыл қасиеттерін халыққа жеткізіп, тарату және түсіндіру біздің халқымыздың рухани кемелдігін арттырудың кепілі және еліміздің қауіпсіздігінің құрамдас бөлігінің бірі .

Президентіміз Н.Ә.Назарбаев 2006 жылғы халыққа жолдауында: «Біз барлық діндердің тең құқылығына кепілдік береміз және Қазақстанда конфессияаралық келісімді қамтамасыз етеміз. , басқа да әлемдік және дәстүрлі діндердің озық үрдісін құрметтеп әрі дамыта отырып, осы заманғы зайырлы мемлекет орнатамыз»,- деп атап өткеніндей республикамыз демократиялық, зайырлы , елімізде адамзат баласының рухани ізгілікті өміріне, тәлім-тәрбиесіне,өркениетті қызмет ететін барлық діндердің діни еркіндігіне рұқсат етілген.

Қазақстанда әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съездерін өткізу ғаламдық және аймақтық қауіпсіздікті қолдау механизмі ретінде мәдениет және өркениеттер диалогын дамытуға Қазақстанның қосқан үлесі.Бейбітшілік пен келісімді нығайту бағытындағы Қазақстан ,Еуразия континенті мен бүкіл әлемдегі бейбітшілік пен тұрақтылықты қолдау жолында айтарлықтай маңызға ие болып отыр.

Оқушылардың шығармашылық жұмыстарын, ойындарға қатысу белсенділіктерін сараптап, мадақтау.

 

Үйге тапсырма: тақырыпты оқу

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
6 ұстаз жүктеп алған
28.03.2019
2764
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі