|
(МК, Ұ) Дыбыстық жинақтау
дағдысын дамыту жұмысы.
Оқылым.
-
Оқулықтың 56-бетінде берілген сөздер мен мәтінді
(мақалды) мұғалімнің оқушылармен бірге буындап, тұтас
оқуы.
-
«К» дыбысының сөз алдында, ортасында келетін
орнын оқушылардың өздіктерінен табуына мүмкіндік жасау.
-
Сөз мағынасымен жұмысты берілген сөздермен
ұйымдастыру. Сөздің соңына (кесе – кезек), сөз ортасына (ескек –
екеу), сөз алдына (кеме – керек) тиісті дыбысты қосу арқылы оның
мағынасы өзгеретінін түсіну.
-
Сөздікпен жұмыс ұйымдастыру.
-
Мақалды түсініп оқып, беретін мәнін
айту.
Жазылым
-
Оқулықтағы «К» әрпінің таңбалануына назар
аудару.
-
«К» әрпін тақтаға жазып көрсету.
-
«К» әрпін ауада жазып көрсету.
-
Жазу дәптерімен жұмысты
ұйымдастыру.
|
-
Әр буындағы дыбыстарды тұтастырып, «бір дыбыс»
сияқты қосып, яғни дауыссыздан дауыстыға қарай және дауыстымен
үндестіріп оқиды.
-
Буындарды жеке тұтас сөздегі айтылуымен
оқиды.
-
Әрбір дыбысты естіп, әріпті көріп, өздігінен
саналы оқиды.
-
Мұғалімнің көмегімен «Менің алғашқы сөздігім»
көмекші құралынан
«ескек», «керік», «кеме»,
«кешен» сөздерінің түсіндірмесін тауып оқиды.
-
Оқушылар жазу дәптеріндегі тапсырмаларды
орындайды: сызықтарды бастырып жазу арқылы «К» әрпінің бас және
кіші әрпін жазады. Үлгі бойынша сөздер мен сөйлемдерді
жазады.
-
Әр сабақ соңында өз іс-әрекетіне (каллиграфиялық
талапқа сай дұрыс және сауатты жазу) кері байланыс жасап, өзін-өзі
бағалауы үшін әр беттің соңында берілген дөңгелек-шартты белгілерді
бояйды: «жасыл» түс –
«Бәрекелді!», «көк» түс – «Жарайсың!»,
«қызыл» түс – «Ойлан!».
|
Қолдауды қажет ететін
оқушыларға көмек беру.
Қолпаштау
Мақтау
Қолдау көрсету
|
«Менің алғашқы сөздігім»
көмекші құралы
Жұмыс дәптері
Оқулық
|
Сабақтың соңы
(7 мин)
|
Бекіту және
саралау
Ребусты шешпес бұрын
оқушылардан мойны ең ұзын жануар туралы білетіндерін
сұрау.
Саралау тапсырмасымен жұмыс
ұйымдастыру:
1-деңгей:
|
Оқушылар өздеріне берілген
саралау тапсырмаларын орындайды.
1-деңгейдегі оқушылар
суреттердің және сөздің дыбыстық талдау сызбасы
арқылы жаңа сөзді табады:
керік.
|
|
Саралау
тапсырмалары
|