жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Сабақ жоспары; Қазақ тілінің дыбыстық жүйесі 5 сынып
Қысқамерзімді жоспар
|
Бөлім: |
1-бөлім Мәдениет: тіл және қарым-қатынас. Фонетика |
|
Педагогтің аты-жөні: |
Ильясова Х.Н. |
|
Күні: |
08.09.2023 |
|
Сыныбы: |
Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны: |
|
Сабақтың тақырыбы: |
Қазақ тілінің дыбыстық жүйесі. |
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты |
5.4.1.1 қазақ тілінің дыбыстар жүйесін, үндестік заңын, емлелік ерекшеліктерін ескере отырып, орфографиялық нормаға сай жазу |
|
Сабақтың мақсаты: |
Барлық оқушылар үшін: қазақ тілінің дыбыстар жүйесін, үндестік заңын, емлелік ерекшеліктерін ескере отырып, орфографиялық нормаға сай жазады. |
Сабақтың барысы:
|
Сабақ кезеңі/Уақыты |
Педагогтің іс-әрекеті |
Оқушының іс-әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
||||
|
Сабақтың басы Қызығушылықты ояту 7 мин. |
Ұйымдастыру кезеңі: (Ұ) “Гүлмен тілек” әдісі арқылы оқушылардың бір-біріне жақсы тілек айту арқылы жағымды ахуал қалыптастыру. |
Мақсаты: оқушылар бойында идея немесе тілек білдіру, тыңдау дағдыларын дамытуға бағыттау, сондай-ақ барлық оқушыларды қатыстыру арқылы оқыту жағдайларын теңестіру. |
Тиімділігі: оқушыны бір-біріне тілек айту арқылы жақындастырады, көңіл күйін көтереді, бауырмалдығын оятады. |
Оқулық, жұмыс дәптерлері |
|
|||
|
Жаңа сабаққа кіріспе
|
(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Бір-біріне сұрақтар қояды. Сыныптастырының пікірін толықтырады. Өз ойымен бөліседі.
Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады. |
1. Үндестік заңы дегеніміз не?
2. Үндестік заңы қаншаға бөлінеді?
Осы тапсырманы орындау арқылы оқушылардың айтылым дағдысы қалыптасады |
Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту. Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді. Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады. |
Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру. |
|
|||
|
Сабақтың ортасы Мағынаны ашу. 31 мин. |
№1-тапсырма Оқулықтағы жаңа сабақтың мәтінін оқып түсіндіріп береді, жаттығуларды орындатады. |
7-тапсырма. Жазылым. Мәтін мазмұнындағы негізгі ойды достарына хат арқылы жеткізеді.
8-тапсырма. Айтылым- Жазылым. Сөз ішіндегі және сөз аралығындағы бір-біріне әсер етуші дыбыстарды анықтап, дыбыс үндестігінің қай түрі екенін айтады. Буын үндестігі сақталып тұрған сөздерді атайды. |
Дескриптор: Жалпы - 3 балл. - Хат жазады - Тапсырманы орындайды. |
5-сынып оқулығы Жұмыс дәптерлері |
||||
|
і |
№2-тапсырма Оқулықта берілген тапсырмаларды орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді. |
9- тапсырма. Жазылым. Төмендегі әйгілі адамдардың пікірін екінші бағанадағы сөздердің тиістісімен толықтырып жазады.
11-тапсырма. Оқылым мәтіні бойынша «Төрт сөйлем» тәсілін пайдаланып, пікір жазады.
Дескриптор: Жалпы - 3 балл. -Тапсырмаларды орындайды. |
5-сынып оқулығы Жұмыс дәптерлері |
|
||||
|
|
3-тапсырма Оқулықта берілген тапсырманы орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді. |
12- тапсырма. Жазылым. «Бес саусақ» тәсілі арқылы сұрақтарға жауап жазады. |
Дескриптор: Жалпы - 4 балл. - Сұрақтарға жауап жазады. |
|
|
|||
|
Сабақтың соңы Ой толғаныс. Рефлексия 7 мин.
|
«Еркін микрофон» әдісі. Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды.
Мақсаты: Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады. Тиімділігі: Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды. Саралау: Бұл кезеңде саралаудың «Қорытынды» тәсілі көрінеді. |
Оқушылар бүгінгі сабақтың мақсаты, тақырыбы бойынша өз ойын айту арқылы сабаққа қорытынды жасайды. . |
Мұғалім оқушыларды «Жапондық бағалау» әдісі арқылы бағалайды. Яғни «Дұрыс келісемін», «Толықтырамын, басқа көзқарасым бар», «Менің сұрағым бар». Сонымен қатар 1-10 баллдық жүйе бойынша оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі бойынша бағаланады. |
|
|
|||
шағым қалдыра аласыз








Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген