(Ұ) «Граффити» миға шабуыл
стратегиясы
-Жазудың орнына сурет салуды
таңдайды. Сыныптың әр жеріне «Отан» тақырыбына қатысты бірнеше
сөзді жазу. Оқушылар топқа бөлініп, сағат тілімен қозғалып берілген
атауға қатысты түсініктерін жазып, сурет салады. Барлық топтар әр
параққа өз үлестерін қосқанша жалғасады. Әр топ шолып өткеннен
кейін бір топ жазылған ақпараттар бойынша
қорғайды.
-Картаға үңілейікші.
Қазақстанның батысында Каспий теңізі, шығысында биік Алтай тауы жа-
тыр. Қазақстанда тау да, өзен де, көл де
бар.
(МК)
-Бүгінгі сабағымыз қандай
тақырыпқа арналады?
-Шағын Отан дегеніміз
не?
-Шағын Отан барлығымызда
әртүрлі болуы мүмкін, ал біз өмір сүретін ел біреу ғана, ол -
біздің байтақ Отанымыз –
Қазақстан.
-Бүгінгі сабақта «Отан» деген
ұғымды түсінеміз, өз Отанымызды картадан тауып
көрсетеміз.
-Қазақстанның аумағы дүние
жүзі бойынша нешінші орында екенін білесіңдер
ме?
-Біздің Отанымыздың аумағы –
өте кең. Ол батыста Каспий теңізінен, шығыста Алтай тауларына дейін
3000 км-ға созылады. Біздің жеріміздің аумағына Батыс Еуропаның
бірнеше мемлекеттері – Франция, Шыһвеция, Испания сыйып кетеді. Ал
енді жаңа сөзге зер салыңдар. –
«Өзен».
Ақын Садықбек Хангелдин
аталарың өз Отанына былай деп өлең
арнайды:
Бәрі – менің өмірім, сен
сыйлаған
Табиғат, Сен –
Жарықсың,
Тіршіліксің тұнып
тұрған,
Сен –
Жерсің,
Сен – Күнсің
көтерілген
Сен – Гүлсің, күліп
қырдан.
Сен –
Адамсың,
Сен –
Көлсің,
Сен –
Ауасың,
Сен –
Ормансың,
Сен –
Анамсың,
Сен –
Бұлбұлсың,
Бәрі – менің
өмірім
Адамды
сұлулыққа
Сен сыйлаған,
құнықтырған.
Туған жерім – Отаным –
Қазақстан
(Ұ) Үштілділік: өзен – река
- river
(Т) Картамен
жұмыс
-Картадан Астана, Алматы, Орал
қалаларын және өзің тұратын аймақты
табыңдар.
(Ұ) Оқулықпен
жұмыс
Қазақстанда сексеннен астам қала бар. Ежелгі
қалаларға: Тараз, Түркістан, Алматы жатады. Бұл біздің Отанымыздың
тарихы тереңде жатқанын айғақтайды. Біздің әсем қала Астана –
еліміздің бас қаласы. Еліміздің қалалары бір-бірімен теміржолдар
арқылы байланысады. Орал қаласынан Алматыға дейін теміржол арқылы
қатынаса екі күндік жол болады. Бұл біздің Отанымыздың аумағы үлкен
екенін дәлелдейді.
-Сендер
өздеріңннің ауылдарың қайда орналасқанын білетін
боларсыңдар.
Астана мен Алматыға өз ауылымыздан қалай жетуге
болады?
Шығарма жаз. Қазақстанның кез келген қаласын
немесе өзенін таңдасаң болады.
(Ө) Дәптермен жұмыс «Пазл»
стратегиясы
1-тапсырма: Жер бетінің
жазықта бейнеленуін кескін карта дейміз. Қазақстанның кескін
картасынан Каспий теңізін, Жайық, Ертіс, Сырдария өзендерін,
Астана, Алматы, Тараз қалаларын және өзің тұратын облыс орталығын
тауып, атауларын жазыңдар.
2-тапсырма: Кестеде берілген
қалалар мен өзендер Қазақстанның қай жағында
орналасқан?
Өзен немесе
қала
|
Көкжиек
тұстары
|
Жайық
|
Солтүстік
|
Астана
|
Оңтүстік
|
Сырдария
|
Шығыс
|
Ертіс
|
Батыс
|
«Серпілген сауал»
әдісі
-Отан дегенді қалай
түсінеміз?
-Карта деген
не?
-Өздеріңнің
ауылдарың қайда орналасқанын білесіңдер
ме?
|