жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Сабақ жоспары: Қазақстан – достық пен татулық мекені 8 орыс сыныбы
Қысқамерзімді жоспар
|
Бөлім: |
4-бөлім Достық пен татулық – таптырмас бақыт. Т.Айбергенов «Бір тойым бар» - өлеңі |
|
Педагогтің аты-жөні: |
Ильясова Х.Н. |
|
Күні: |
08.11.2023 |
|
Сыныбы:8 Б |
Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны: |
|
Сабақтың тақырыбы: |
Қазақстан – достық пен татулық мекені |
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты: |
8.3.2.1 публицистикалық стильдің (мақала) тілдік ерекшеліктері арқылы мәтіндердің жанрын анықтау; |
|
Сабақтың мақсаты: |
Барлық оқушылар үшін: публицистикалық стильдің (мақала) тілдік ерекшеліктері арқылы мәтіндердің жанрын анықтайды. |
Сабақтың барысы:
|
Сабақ кезеңі/Уақыты |
Педагогтің іс-әрекеті |
Оқушының іс-әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
|
Сабақтың басы Қызығушылықты ояту 5 мин. |
Ұйымдастыру кезеңі: (Ұ) “Гүлмен тілек” әдісі арқылы оқушылардың бір-біріне жақсы тілек айту арқылы жағымды ахуал қалыптастыру. |
Оқушыларды жұпқа біріктіруді ұйымдастыру: |
Мақсаты: оқушылар бойында идея немесе тілек білдіру, тыңдау дағдыларын дамытуға бағыттау, сондай-ақ барлық оқушыларды қатыстыру арқылы оқыту жағдайларын теңестіру. Тиімділігі: оқушыны бір-біріне тілек айту арқылы жақындастырады, көңіл күйін көтереді, бауырмалдығын оятады. |
Фигуралар салынған конверт |
|
Жаңа сабаққа кіріспе
|
(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. |
Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады. Бір-біріне сұрақтар қояды. |
Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту. Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді. |
Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру. |
|
Сабақтың ортасы Мағынаны ашу. 35 мин.
|
1-тапсырма Жеке жұмыс Мұғалім оқушыларға оқулық бойынша тапсырманы орындатады. Жаңа сөздер: отын,сұраным, көмір,өш, балауыз, тұрғын, есептеуіш. 2-тапсырма Жұптық жұмыс |
Айтылым Сұрақтарға жауап береді. Жетекші сұрақтар арқылы негізгі ойды анықтайды. 1. «Диаспора» деген не? 2. «Қазасқтан халқы ассамблеясы» дегенді қалай түсінесіңдер? Айтылым Оқушылар парталасымен жұптасып, тапсырманы орындайды. |
Дескриптор: -сұраққа жауап береді -пікірлеседі. Жалпы - 3 балл. Дескриптор 4 балл -ақпарат жинайды -анықтайды -картамен жұмыс жасайды. |
8-сынып оқулығы Жұмыс дәптерлері Суреттер топтамасы Смайликтер |
|
Жұптық жұмыс
|
3-тапсырма Мұғалім оқушыларды жұпқа бөлу арқылы тапсырманы орындауын қадағалайды. 4-тапсырма Жеке жұмыс 5-тапсырма Жеке жұмыс Ойтаразы Жеке жұмыс |
Жазылым Ойларын толықтырады. Жазылым «Достық» деген не? Шағын мәтін жазады, шартты райлы етістіктерді қолданады. Берілген жаңа сөздерді қатыстырады. Тыңдалым Айтылым Ассамблеяның мақсаты жөнінде айтады. Айтылым «Пирамида» тәсілі арқылы бүгінгі сабаққа баға береді. |
Дескриптор: -сипаттайды -толықтырады Жалпы – 5 балл. Дескриптор 3 балл -мәтін жазады -пікрін білдіреді. Дескриптор 3 балл -тыңдайды -ойын айтады. Дескриптор 3 балл -қорытынды жасайды |
8-сынып оқулығы Жұмыс дәптерлері Презентациялық слайдтар Кесте Сызбалар Плакаттар |
|
Сабақтың соңы Ой толғаныс. Рефлексия 5 мин.
|
«Аяқталмаған сөйлем» әдісі. Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды. Мақсаты:Оқушы алған білімін саралайды |
Жеке жұмыс: - бүгінгі сабақта мен....түсіндім, ...білдім, ....көзімді жеткіздім. - бүгін сабақта қуантқаны..... - мен өзімді.....үшін мақтар едім. - маған ерекше ұнағаны..... |
Мұғалім оқушыларды «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалайды. Жарайсың! Жақсы! Талпын! Сонымен қатар 1-10 баллдық жүйе бойынша оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі.бойынша бағаланады. |
|
шағым қалдыра аласыз






Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген