САБАҚ: | Мектеп: С.Бердіқұлов атындағы орта мектеп |
Күні: 17.10.2018ж | Мұғалімнің аты-жөні: Халхабай Аманкүл |
Сынып: 5 | Қатысқан оқушылар саны: | Қатыспағандар: |
Сабақтың тақырыбы | Қасқыр мен тиін |
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары | 5.О.Қосымша ақпарат көздерінен тақырыпқа байланысты мәліметтерді ала білу.5.Ж.Күнделікті жаңа тақырыпқа байланысты жаңа сөздер мен тірек сөздердің мағынасын түсіну. |
Сабақтың мақсаттары | Тақырыпқа қатысты мәліметтерді саралайды. |
Бағалау критерийлері | Ақпаратты ажырата алады; Тірек сөздер арқылы оқылым мәтінінің мағынасын түсіне алады; |
Тілдік мақсаттар | Пән лексикасы және терминология: төрт түлік мал, қасиетті мал, бас бәйге, сүт тағамдары, мал өнімдері.Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер: Менің ойымша; пікіріме мынадай дәлелдер келтіремін; оның мынадай себептері бар; себебін былай түсіндіремін.
|
Сабақта қамтылатын білім беру құндылықтары | жұптық және топтық жұмыстар орындау барысында өзіне және айналадағы адамдарға деген құрмет;топтық жұмыстарды орындау барысындағы ынтымақтастық;өз пікірін білдіру барысындағы ашықтық; топтық жұмыстар, креативті шығармашылық ізденістер барысындағы еңбек және шығармашылық;білімін тереңдету, қажетті материалдарды табу, өзінің жұмысын ұсыну мақсатында өмір бойы оқу. |
АКТ қолдану | АКТ мүмкіншіліктерін пайдалану |
Осыған дейін меңгерілген білім | жануарлар |
Жоспар |
Жоспарланатын уақыт | Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер | Дереккөздер |
Сабақтың басы
10 минут
| Ой қозғау. Бұл жерде оқушыларға жануарлардың суретерін көрсетемін. Оқушылар берілген суреттердің көмегімен жаңа тақырыпты болжайды, олар жайлы ойларын 2 минут уақыт ішінде жұпта бір-біріне әңгімелейді.
Мұғалім оқу мақсаттарымен таныстырады, бағалау критерийлері оқушылармен бірге ойластырылады. Оқылым алдындағы тапсырма. «Solo» әдісі бойынша жұптар берілген сурет негізінде сұрақтарға жауап береді.
Суретте бейнеленген жануарлардың қайсысы төрт түлік малға жататындығын анықтайды. Дескриптор:1.Ойын нақты жеткізе алады2.Жұппен толық орындай алады3.Сұрақты нақты қоя біледі
|
Қазақ тілі оқулығы57-бет |
Сабақтың ортасы (25 минут) 10 минут
15 минут
Сабақтың соңы 5 минут
| Оқылым тапсырмасыОқылым мәтіні Төрт түлік малдың ішіндегі ең қасиеттісі түйе болып есептелген. Ол қырық күн шөлге шыдамды, жүк артса – көлік, жесе – ет, ал жүні киімге жараған. Қазақтың қасиетті малдарының бірі – жылқы. Жылқы малын аса жоғары бағалаған қазақтар оны үлкен ас-тойларда жарысқа салып, бас бәйгеге иесіне сыйлық беретін болған. Сиыр малы момақан, қазақ халқы үшін көбінесе тамаққа жараған, сүттен айран, қаймақ, май, құрт, ірімшік сияқты тағамдарды дайындаған. Түйе мен жылқыны, өгізді көлік ретінде пайдаланады, шанаға, арбаға, малға жегеді, салт та мінеді. Қой – төрт түлік малдың ішіндегі ең сүйіктісі. Өзі момақан, сүті майлы әрі жұғымды қой малын ата-бабамыз ерекше қастерлеген. Ешкі де өсімтал малдың бірі болғандықтан, қадірлі. Ешкінің еті жеңіл әрі сіңімді, сүті аса құнарлы болады. Еңбекқор қазақ халқы мал өнімдерін өте орынды пайдаланып отырған. Жылқының жалынан арқан, сиыр мүйізінен тарақ жасаған, қой жүнінен киіз, текемет, сырт киім, түйе жүнінен шекпен тоқыған. Осындай аса құнды мал болғандықтан, қазақтар өз балаларын да «құлыным, қозым, қошақаным, ботам» деп еркелетіп отырған.Бұл жерде оқушылар мәтін мазмұнын толық меңгереді. Оқушылар жұпта меңгерілген мәтін бойынша берілген ақпарат көзінен тақырыпқа қатысты мәліметтерді анықтау үшін кестемен жұмыс істейді.
«Ривин кестесі» бойынша мәтінмен жұмыс
Жұптар орындаған жұмысты топта талқылау мақсатында мұғалім сыныпты «Мозайка» әдісі арқылы 3 топқа бөледі. (Мозайкаға тақырыптарға сәйкес 3 сурет ұсынуға болады)Оқушылар топта өздерінің жұптық жұмыстарымен бірін-бірі таныстырады және стикер арқылы бір-бірінің жұмысына кері байланыс береді. Дескриптор:1.Мәтінді толық түсіне алады2.Мағынасына қарай ат қоя біледі3.Жұптасып кестені орын тәртібімен орындай алады. Кері байланыс.Топтар дескрипторға сүйе отырып,мәтінді толық талдады,алайда уақытты үнемдеп үйрену керек.
Қорытынды. «3-2-1» стратегиясыБүгінгі сабақтан алған 3 маңызды ақпарат;Бүгінгі сабақта қиындық тудырған 2 аспекті;Бүгінгі сабақта ұнаған 1 іс-әрекет. Оқушылар бүгінгі өзінің әрекетіне талдау жасайды. Сол арқылы мұғалім бүгінгі сабақтың сәтті және сәтсіз тұстарын анықтай алады.
Үйге тапсырма: 3-тапсырма.57-бет
| |
Қосымша ақпарат |
Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? | Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? | Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент) |
| | |
Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? | Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз. |
|
|
Қорытынды бағалауСәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?1:2:Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?1: 2:Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?
Тексерілді:Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары:
|