15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Сабақ жоспары "Қазақстанның биік таулы аумағы" 8-сынып
Бекітемін: Класы:8
Пәні: География
Сабақ №15
Күні:
Тақырыбы: Қазақстанның биік таулы аумағы
Мақсаттары:
Білімділік. Қазақстан жер бедерінің құрылыс туралы оқушылардың түсінігін қалыптастыру, биік таулы өлкелер туралы түсінік беру.
Дамытушылық. Каратамен өз бетінше жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру. Тәрбиелік. Өз отаны туралы білімдерін тереңдете келе, отансүйгіштік қасиеттерін артыру, географиялық мәдениетке тарту.
Сабақ түрі: аралас сабақ
Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: тірек-сызба арқылы, түсіндіру, сұрақ-жауап, картамен жұмыс
Құрал-жабдықтар: Қазақстанның физикалық картасы, үлестірме карточкалар
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
-
Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу.
-
Оқушы назарын сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
Биіктігіне қарай таулар қалай бөлінеді?
Қазақстанның аласа тауларын атаңдар.
Сарыарқаның батысы мен шығыс бөліктеріндегі жер бедерінің әркелкілігін түсіндіріңдер.
Нысандардың орналасу сәйкестігін тап:
|
Ерекшеліктері |
Жауап |
|
Үлкен Боқтыбай 657 м |
|
|
Көкшетау, Баянауыл таулары қайда орналасқан |
|
|
Қарақия ойысы |
|
|
Бесшоқы шыңы 556 м |
|
|
Ақсораң тауы -1565 м |
|
|
Шошқакөл таулы бұйраты |
|
|
Қара және әктастардан түзілген тау |
|
|
Архей мен протеразойдың магмалық және шөгінді жыныстарынан түзілген аумақ |
|
|
Орал тауларының жалғасы болып табылатын аласа таулар |
|
|
Солтүстік Мұзды мұхит алабы мен ағынсыз ішкі сулар алабы арасындағы суайрық |
|
Жауаптардың кілттері: А-Сарыарқа; В-Мұғалжар; С-Маңғыстау таулары;
Сұрақ-жауап
-
Батысында Сарысу өзені мен шығысындағы Балқаш көлінің арасында қандай үстірт орналасқан? Бетпақдала
-
Тауқұм, Сарыесек-Атырау құмды шөлдері қай жазықта орналасқан? Балқаш маңы
-
Қандай Үстірт Жем өзені жүйесімен суарылады? Орал алды
-
Еділ өзені мен Орал тауларының арасында орналасқан үлкен қыратты белгіле:
-
А. Үстірт б. Торғай в.Жалпы Сырт
-
-
Батыс Сібір мен Тұран ойпатының арасында қандай үстірт жатыр? Торғай үстірті
-
Ең биік нүкте-Мұзбел жоны 340м қай үстіртте? Үстірт
-
Сырдария өзені қай жазықты кесіп өтеді? Тұран жазығын
-
Қандай жазық Қазақстан мен Ресей аумағында орналасқан?
А.Құланды б.Жалпы Сырт в. Үстірт с. Тұран
-
Қандай жазықта бақанастар құрғақ арналар кездеседі? Балқаш маңы
-
Қай жазықтың бөлігі теңіз деңгейінен төмен орналасқан? Каспий маңы ойпаты
-
Қай үстіртте тұрақты су жоқ? Бетпақдала
-
Қай үстірт барлық жағынан дерлік биіктігі 150 метрлік тік құлама жарлармен (кемерлермен) қоршалған?
-
Ертіс маңы мен Есіл-Тобыл төмендегілердің қайсысына жатады?
ТАУЛАР ЖАЗЫҚТАР ОЙПАТТАР
ІІІ.Сабақ мақсатын қою
ІҮ.Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Миға шабуыл
Қазақстанның жер бедерінің қай бөлігін биік таулы аймақ алып жатыр?
Қазақстан аумағының 10% жерін алып жатқан жер бедері.
Биік таулы өлкелерге Қазақстанның шығысы, оңтүстік-шығысындағы Алтай, Сауыр-Тарбағатай, Жетісу Алатауы және Тянь-Шань тау жүйелері жатады.
Алтай Қаз.ға оңт-батыс бөлігі кіреді.
АЛТАЙ
Оңт.к Алтай Батыс н/е Кенді Алтай Қалба жотасы
Солт.де Бұқтырма өз Листвяга Ертіс өзенінен батысқа
Оңт.де Қара Ертіс Холзун 400 км созылған
Мұзтау 4506 м Көксу, Үбі, Сарышоқы 1606 м
Нарын, Күршім ж. Иванов, Үлбі жоталары
Мыс, мырыш, қалайы, қорғасын,
вольфрам, күміс, алтын.
САУЫР-ТАРБАҒАТАЙ ТАУЫ
Солт.де Зайсан қазаншұңқыры, ал оңт.де Алакөл қазаншұңқыры.
Сауыр- Мұзтау шыңы 3816 м. Мұздықтары бар.
Тарбағатай аласа, ұзынырақ. Тастау шыңы 2992 м.
ЖЕТІСУ (ЖОҢҒАР) АЛАТАУЫ
Оған Қазақстанға солт, оңт-батысы кіреді.
Солт.де Алакөл қазаншұңқыры мен Іле өзені аңғарымен шектелген. Ең биік жері – Бесбақан шыңы 4622 м. Гнейс, кристалды тақтатас, кварцит, мәрмәр, әктас.
ТЯНЬ-ШАНЬ ТАУЛЫ ӨЛКЕСІ
Қазақстанның оңт.гі мен оңт-шығысын алып жатыр. Республика жеріне Орталық Т-Ш, мен Батыс Т-Ш-ның бір бөлігі, Солт.к Т-Ш түгел дерлік кіреді.
Орталық Т-Ш Қытай, Қазақстан, Қырғызстан шекараларының түйіскен жерінен басталады.
Орталық Т-Ш Теріскей Алатауы Хантәңірі шыңы 6995 м.
Солт. Тянь-Шань
Кетпен жотасы Небесная шыңы 3652 м. Әктас, гранит
Күнгей Алатауы Иманьұлақ ш. 4647 м.
Іле Алатауы Талғар ш. 4973 м.
Шу-Іле Алатауы Айтау 1800 м.
Қырғыз Алатауы П.П.Семенов ш. 4566 м.
Батыс Т-Ш. Өгем, Піскем,
Қаратау Бессаз ш. 2176 м. Қорғасын, мырыш, фосфорит
Ү.Бекіту:
-
Биік таулы өлкелер Сарыарқамен бірге көтерілді. Жер бедерлері не себепті әртүрлі? Түсіндіріңдер.
-
Қазақстанның биік тауларын көрсетіңдер.
-
Батыс Алтайдың қазақстандық бөлігін не себептен Кенді Алтай деп атайды?
-
Тянь-Шань тауларының жер бедері туралы не білесің? Қандай тау жүйелерінен тұрады?
-
Жетісу Алатауы құрылысының қандай ерекшеліктері бар?
ҮІ.Бағалау.
ҮІІ.Үйге: 17-тақырып оқу.
Қаз.ң кескін картасына таулы аймақтарды қоңыр бояулармен түсіріп, таулардың биіктігін анықтаңдар.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген