400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

сабақ жоспары "Қазақстанның өсімдіктері мен жануарлары"3 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақстанның өсімдіктері мен жануарларымен танысады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

Қазақстанның өсімдіктері мен жануарлары


Тақырыптың маңыздылығымен танысады, түсініп оқуға, ойын жеткізе білуге үйренеді, тпсырмаларды дұрыс құруға, ойын тиянақтай білуге дағдыланады

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

Психологиялық ахуал

– Балалар, айналамызда көңіл-күйі көтеріңкі, жақсы адамдардың болғанын бәріміз ұнатамыз. Ендеше қол ұстасып, бір-бірімізге жақсы көңіл-күй мен саулық тілейік.

Кел, балалар, күлейік!

Күлкіменен түлейік!

Күлкі- көңіл ажары !

Күліп өмір сүрейік!

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Топқа бөлу

Picture 83

Шарлар арқылы топтарға бөлу.

Қызығушылықты ояту

1)      Қазақстанда кездесетін өсімдіктердің қандай түрлерін білесіңдер?

2)      Өсімдіктер мен жануалардың жазықтарда зоналар бойынша, тауда биіктік белдеулер бойынша таралуының басты себебі неде?

3)      Өсімдік пен жануарлар дүниесінің қалыптасуына климаттың қандай әсері бар?

1)      Қазақстанда өсімдіктер түрлері өте көп. Ағаштардан

қайың, қарағай, әртүрлі бұталар, шөптесін өсімдіктер. Алматы қаласының маңында тюльпан даласы бар. Өз өлкеміздегі Жасыбай көлінде орналасқан демалу орнында «оливковый бор» бар.

2)      Өйткені жазықтар мен туаларда климат ерекшеліктері әр түрлі. Жазықтарда жылу мен ылғалдың таралуы солтүстіктен оңтүстікке қарай өзгерсе, тауларда биіктеген сайын өзгереді.

3)      Климат ерекшеліктеріне байланысты өсімдіктер дүниесі таралады. Яғни, ылғал  сүйгіш өсімдіктер жауын-шашын мөлшері жеткілікті аудандарда таралады, ал құрғақ зоналарда сол құрғақшылыққа төзімді өсімдіктер мен жануарлар таралады.

Сергіту сәті

«Қаражорға» биі

Жаңа сабақ

Оқулықтағы тапсырмаларды орындау

Дәптермен жұмыс

Мұғалім оқушылар жауабынан соң Қазақстанның физикалық картасын, геологиялық картасын және геохронологиялық жержылнамалық кестені пайдаланып, Қазақстан өсімдіктері жамылғысының қалыптаса бастауы бор дәуірінің аяғы мен палеоген дәуірінің бас кезінен басталғанын баяндайды.

Мұғалім геохроногиялық жержылнамалық кестені пайдаланып палеоген дәуірінде бүкіл Тұран ойпатын теңіз басып жатқанын, ол Торғай бұғазы арқылы Солтүстік Қазақ теңізімен жаллғасқанын айтады. Торғай бұғазынан шығыста жалпақжапырақты және мәңгі жасыл қылқан жапырақты өсімдік түрлері тараса, батысқа қарай (Мұғалжар, Жалпы сырт, Жем үстірті) мәңгі жасыл субтропиктік түрлері таралғанын баяндайды. Ал неоген дәуірінде Торғай бұғазысының суы тартылып құрғаған соң шығыста өскен өсімдіктері батысқа қарай ауысып, осыған байланысты Торғай флорасы деп аталатын өсімдік түрлерінің қалыптасқанын баяндайды. Мұғалім өсімдіктер картасын пайдаланып Қазақстанның өсімдік жамылғысы 6000-мыңдай өсімдік түрлерінен тұратынын айта кетеді.  Мұғалім картаны пайдаланып өсімдігі жағынан бай өлкеге батыс Тянь-Шань тауы жататынын, онда Орта Азия мен Жерорта теңізінің бай флорасы сақталғанын, мұнда палеоген дәуірінен қалған грек жаңғағы, бадам, түкістан үйеңкісі, алмұрт т.б. өсімдіктерді атайды. Жалпы биік тауларда қылқан жапырақты ормандар таралғанын сипаттай келе, жазық жерлерде дала мен шөл өсімдіктері басым екені және олардың түрлерін кеппешөптер жинақтамасынан көрсетіп сипаттайды.

Рефлексия

1) Қазақстандағы өсімдіктердің негізгі типптерін атаңдар?

2)      Республика аумағында жануарлардың таралуына өсімдік жамылғысы қалай әсер етеді?

3)      Өсімдіктер пен жануарлар дүниесінің қалыптасуына климаттың қандай әсері бар?

4)      Таулы аудандарда өсімдіктер мен жануарлардың биіктік белдеулері байқалуының себебі неде?

5)      Өсімдіктер мен жануарлардың қандай түрлері «Қазақстанның Қызыл кітабына» енгізілген?

Екі жақты күнделік стратегиясы

Кітаптағы жазбалар

Менің жаңалығым








Үйге тапсырма

Мазмұндау

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс

Бағалау парақшаларын толтыру.

Смайликтер арқылы кері байланыс орнату

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
27 желтоқсан
710
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі