Сабақтың
тақырыбы: Қазақстанның табиғи қорлары
Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын
сызықша
Сабақтың мақсаттары:
1) Білімділік: Қазақстанның экологиясы аясы бойынша жаңа
тақырыпты меңгерту, мәтінді әңгімелеу, сұрақтарға жауап беруге
баулу.
2) Дамытушылық:
Грамматикалық тапсырмаларды дұрыс, сауатты орындау, сөздік қорын
байыту, бастауыш пен баяндауыш
туралы қайталап, морфологиялық және синтаксистік талдау
жүргізіп, білімдерін тиянақтау
3) Тәрбиелік: пәнге деген қызығушылықты арттыру, табиғатты
аялап күтуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:
Жаңа сабақ.
Пәнаралық байланыс:
қазақ тілі, география пәні.
Қолданылатын әдіс -
тәсілдер: түсіндіру, талдау, сұрақ - жауап, сұхбаттасу,
тест тапсырмалары.
Қолданылатын
көрнекіліктер:
оқулық, кестелер, презентациялар
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі:-
Амандасу, түгендеу, кезекшімен сұхбат жүргізу
1. Сәлемдесу.-
3. Сұхбат.- - Қазір қандай сабақ?
- Қазақ тілі қандай сабақ?
- Қазақ тілі нешінші сабақ?
- Қазір қандай жыл мезгілі?
- Қазір қандай ай?
- Осы жыл мезгілінің ауа райы өзгерістері қандай?
- Өткен сабақта қандай тақырыпты талдадық?
- Табиғат деген не?
- Табиғат жойылса не болады?
- Өз сөздеріңмен, өз ойларыңды айтыңдар, Табиғатты қалай таза
сақтауымыз керек? Табиғат – қоршаған орта. Қоршаған ортадағы - су,
ауа, жел, пайдалы қазбалар, күн энергиясы, өсімдіктер, жануарлар –
табиғи қорлар.
II. Үй жұмысын
тексеру:
«Табиғатты таза сақтайық»- мәтіннің мазмұнын айту.
«Ыстық орындық» әдісі арқылы бір оқушы орындыққа отырады басқа
оқушылар мәтін бойынша сұрақ қояды.
ІІІ. Жаңа тақырып.
1. Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру.
- Қор деген сөзді орыс тілінен аударсақ – ресурс.
Еліміздің қорларына байланысты 3 - 4 сөйлем
құрастырыңдаршы.(бірнеше оқушы оқып шығады)
Жаңа сөздерді меңгеру,: қайталату, сөз
тіркестер, сөйлемдер құрастырғызу, сөздікке
жазу.
Қор – ресурс шоғырланған -
сконцентрированы
Кен - руда, месторождение, ископаемое қуат - энергия
Тапшы – дифицитно есебімен - за счет
Қоңыр көмір - бурый уголь кен - руда
Дерлік – почти батыс - запад
Жүгері – кукруза қойнауы - почва
Мұқтаж – нуждающихся өне бойы - в течение
Климаттық қорлар - климатические ресурсы
2. Жаңа тақырыпқа
байланысты тапсырмалар:
Топты сандар арқылы үш топқа бөліп, берілген тапсырмаларды
орындайды.
1 - ТОП: Қазақстанның табиғи қорлары.
1 - тапсырма оқып шығып, постер құрайды тақтаға шығып айтып
береді.
2 - тапсырма: Берілген мәтін бойынша диалог құрастырып, өзара
тілдесіңдер.
3 - тапсырма: ҰБТ - ға дайындық ретінде – пайдаланылатын - сөзіне
морфологиялық талдау жасау.
4 - тапсырма. Күн жылы болғандықтан, біз серуенге шықтық. Сөйлемнің
түрін анықтаңдар, талдаңдар.
2 - ТОП:
Отын - энергетикалық және минералды қорлар
1-тапсырма: Оқып шығып, кластер құрып ортаға шығып қорғайды.
2 - тапсырма: Берілген мәтін бойынша диалог құрастырып, өзара
тілдесіңдер.
3 - тапсырма: ҰБТ - ға дайындық ретінде – Оның негізгі қорлары
Алтайда, Сарыарқада, Оңтүстік Қазақстанда шоғырланған.- берілген
сөйлемге синтаксистік талдау жасау.
4 - тапсырма. Жауын жауып кетсе, үйде отырамын. Сөйлемнің түрін
анықтаңдар, талдаңдар.
3 - ТОП:- Климаттық және су қорлары
1 - тапсырма: Оқып шығып, кластер құру.
2 - тапсырма: Берілген мәтін бойынша диалог құрастырып, өзара
тілдесіңдер.
3 - тапсырма: ҰБТ - ға дайындық ретінде – КҮН СӘУЛЕСІ берілген
сөзді септеу (тәуелдене септеу)
4 - тапсырма. Табиғат жойылса, тіршілік те
жойылады. Сөйлемнің түрін анықтаңдар,
талдаңдар.
Енді экранға назар аударамыз.
Көрсетілген фильмнен өз ойларын ортаға салады.
Бастауыш пен баяндауыштың
арасына қойылатын сызықша:
|
Бастауыш
|
Баяндауыш
|
Мысалдар
|
|
зат есім
|
Атау септіктегі зат есім
|
Қазақстан — жас
мемлекет.
|
|
сын есім
|
зат
есім
|
Жақсы — ісімен
жақсы.
|
|
сан есім
|
сан
есім
|
Алты жерде алты — отыз
алты..
|
|
тұйық етістік
|
зат
есім
|
Айту — біздің
парызымыз.
|
|
сілтеу
есімдігі
|
зат
есім
|
Бұл — үлкен
табыс.
|
5-тапсырма. Берілген тапсырмадан бастауыш пен
баяндауыш арасындағы сызықша қандай жағдайда қойылғанын
анықтау.
Еңбек ету — ардақты іс. Ел намысы — ер
намысы. (Мақал). Ол — инженер. Бұл — мың тоғыз жүз жиырма үшінші
жылдың жазы.— үлкен қуаныш. Ол — үлгілі пионер.Асыл — тастан, ақыл
— жастан. Сөйлеп тұрган — Алматы. Келген — Айбек. Үш — тақ сан.Көп
оқу — білім алудың негізгі шарты .Менің ұмтылған тілегім — қалай да
пайдалы адам болып шығу .Бес жерде бес — жиырма бес. Үш жердегі үш
— тоғыз.Ар жазасы — бар жазадан ауыр жаза . Ғашықтың тілі — тілсіз
тіл. Әлі де беделі — бедел. Жүз— жиырма беске бөлінеді. Елу — беске
қалдықсыз бөлінеді. Мен білмейтін — жер
астында.
3. Үй тапсырмасы:
- 90 бет «Су қорлары»- оқу,
аудару, мазмұндау. 91бет, 1 - тапсырма.
5. Бағалау: Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды мақтап,
түсіндіре отырып, барлығын бағалау, әр топ бір - бірімен келісіп,
бір - бірін бағалайды.
6. Сабақтың
қорытындылау: Бүгін сабақта қандай тақырыппен таныстық?
- Есте қалған сөздерді қайталап шығайық
- Еліміздің қорлары туралы не білдік, өз сөздеріңмен түсінгедеріңді
айтып беріңдерші.