400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сабақ жоспары "Қиял - адамға тән қасиет" 5 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаңа бағдарлама бойынша жасалған ҚМЖ. Тиімді әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, оқушылардың оқу белсенділігін арттыру мақсатында түрлі деңгейдегі тапсырмалар қамтылды.
Материалдың қысқаша нұсқасы



5.Т/А5. Тыңдалған мәтін мазмұны негізінде сұрақтарға жауап беру, көтерілген мәселе бойынша өз ойын білдіру.

5.Ж4. Эссенің кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімдерін сақтай отырып, өзіне таныс адамды, белгілі бір мекен мен оқиғаны сипаттап не суреттеп жазу.


Қысқа мерзімді сабақ жоспары


Пәні: Қазақ тілі Мектеп: Мұнайлы ауданы, Атамекен селосы

"№7 жалпы білім беру орта мектебі" ММ

Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі: 5-бөлім. Бос уақыт және хобби


Күні: 11.12.2017 ж. Мұғалімнің аты-жөні: Акмурзаева Б.С.


Сынып: 5-сынып Қатысқандар: Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы:

Шынықсаң шымыр боласың

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

ӘТН.4 Грамматикалық норма

5.4.4.1.Жұрнақ арқылы жасалған туынды сөздерді және күрделі сөздерді ауызша және жазбаша тілдесім барысында қолдану

Сабақ мақсаты:

Барлық оқушылар орындай алады: Берілген мәтінді оқи алады. Мәтіннен туынды және күрделі сөздерді табады.

Көпшілік оқушылар орындай алады: Мәтіннен туынды және күрделі сөздердің түрлеріне қарай ажырата алады.

Кейбір оқушылар орындай алады: Қосымша тапсырмалар арқылы жұрнақ, туынды және күрделі сөздерді ауызша, жазбаша тілдесім барысында қолдана алады.

Бағалау критерийі

-Туынды және күрделі сөздердің т абады, түрлеріне қарай ажыратады.

-Күрделі сөздерді ауызша және жазбаша тілдесім барысында қолданады.

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білу, түсіну, қолдану, жоғары деңгей дағдылары

Тілдік мақсат

Оқушылар орындай алады: Мәтінді оқиды. Мәтіннен негізгі және қосымша ақпараттарды анықтайды. Туынды және күрделі сөздерді табады.

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: күрделі сөз, қос сөз, тіркескен сөз, қысқарған сөз.

Диалог құруға шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер: денешынықтыру, суда жүзу, жеңіл атлетика, гимнастика, садақ ату, спорт түрлері, күллі әлем.

Талқылауға арналған сұрақтар:

1. Балалар, сендердің ойларыңызша спортшы деген кім?

2. Спорттың қандай түрлері бар?

3. Біздің елімізде спорттың қай түрі дамыған?

Не себепті деп ойлайсыз? Не себепті адамдар спортпен айналысады деп ойлайсың?

Ишара: Қол соғу, отырып тұру, секіру.

Құндылықтарға баулу

Жалпыға бірдей еңбек қоғамы

Еңбек және шығармашылық, ынтымақтастық, өмір бойы білім алу құндылықтарына баулу.

Пәнаралық байланыс

Денешынықтыру. Денешынықтыру пәнімен байланысып білім алушылардың өзара салауатты өмір салтын ұстануы н насихаттау

Тақырып бойынша алдыңғы білім

"Бос уақыт және хобби" жалпы шолу барысында алдыңғы сабақпен байланыстыру

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы


5мин

1. Ұйымдастыру бөлімі

2.Топқа бөлу «Пазл» әдісі арқылы топқа бөлу.(спорттық ойындардың түрлері арқылы)

3. Ой қозғау. Суреттер арқылы бүгінгі тақырыпты болжау. Сұрақтар қою арқылы сабақтың тақырыбы анықталады:

- Берілген суреттер арқылы не

байқадыңдар?

- Балалар, сендердің ойларыңызша спортшы деген кім?

- Біздің елімізде спорттың қай түрі дамыған?

Өздеріміз білетін спортшылар туралы айтып көрейік

1-топ 2-топ






3 – топ 4- топ






Қима суреттер







Сабақтың ортасы


Білу, түсіну, қолдану


7 минут























Бағалау критерий

-Мәтінді оқиды.

-Сұрақтарға жауап береді.

-Күрделі сөздерді табады.

1-тапсырма.

"Астын сызып оқу" стратегиясы.

А) Мәтінді оқыңыздар. Сұрақтарға жауап беріңіздер.

Әшірбек Сығай:

-Сіздің самбоның шебері деп естідік.

Кәкімбек Салықов:

-Ауылда өстік. Ауылда не бар? Доп ойнаймыз. Онда резеңке доп та жоқ. Жүннен домалақтап өзіміз жасап аламыз. Сосын күрес, ауланы ала шаң қылып күнде күш сынасамыз.басқа ермек жоқ. Мәскеуде жүрміз. Бір күні өзен жағасында демалып отырсам,бір жігіт келді. «Күресесің бе?» - деді. Күрестік. Алып ұрдым. Күлді де, « қайта күресейік» деді. Тағы жығып кеттім. Тағы деп тұр.

Мен: « Қазақ бір-ақ рет күреседі. Енді сенімен күреспеймін»,- дедім. Сөйтсем ол қырғыз жігіті болып шықты. Мәскеудің чемпионы, бірінші разряды бар екен.

Ертеңіне мені институттың денешынықтыру кабинетіне шақырды. «Дәулетовті жеңгенің рас па?» -дейді. Сосын мені стипендияма он бес пайыз үстеме төлеп, самбоға алды. Әуелі институттың, келесі жылы Мәскеудің чемпионы болдым.

(Әшірбек Сығай)

Сұрақтарға жауап бер.

1.Диалогке қатысқан кімдер? Кәкімбек Салықовтың кім екенін біл.

2. Самбо қандай спорттық ойын?

3. К.Салықовтың танылуына қандай жағдай себеп болды?

Ә) мәтін ішінен күрделі сөздерді тауып, астын сызыңыздар.


Дескрипторлары

- Мәтінді оқып, түсінеді.

- Сұрақтарға жауап береді.

- Күрделі сөздерді табады, астын сызады.


Қалыптастырушы бағалау

Мадақтау сөздері арқылы оқушыны алға қарай жетелеу.


Кері байланыс (жұлдызша, төртбұрыш, үшбұрыш арқылы бағалау)










Оқулық

Мәтін



















Сергіту сәті

1 минут

Оқушыларды сергітіп алу мақсатында «Отырып тұру» әдісі болды. Тақырыпқа қатысты және қатысты емес сөздер айтылып, қатысты сөзге отырады, қатысты емес сөзге тұрады. (тасбақа, шаш, садақ ату, БҰҰ, болашақ, ата – ана, т.б)

Оқушылар қимыл – қозғалыста болады

жоғары деңгей дағдылары

7 минут































































10 минут




































7 минут

Топтық жұмыс 2-тапсырма .

Бағалау критерийі

1.Қарамен жазылған сөздерді жақша ішіндегі сөздермен қосып айтады.

2.Мағынасын түсінеді.

1-2-топ

Қарамен жазылған сөздерді жақша ішіндегі сөздермен қосып айтқанда, мағыналарында қандай өзгеріс болатынын "Қос жазба" күнделігіне салып түсіндіріңіз.

Сөздер

Мағынасы

Керекті сөздер: арам (шөп, тамақ, тер, ойлы, ас); адал (ас, адам, жүрек, кәсіп, дос); қалың (киім, жұрт, бет, қамыс); қоңыр(сиыр, жіп, дауыс, салқын, күз, қаз, жел, аю); сары(май, уайым, уыз, ауыз, су)

Дескриптор

-Қарамен жазылған сөздерді жақша ішіндегі сөздермен қосып айта алады.

-Мағынасын түсіндіреді.


Қалыптастырушы бағалау

Мадақтау сөздері арқылы оқушыны алға қарай жетелеу.


Кері байланыс(смайлик арқылы бағалау)


Бағалау критерийі

Біріккен сөз бен қос сөздің айырмашылықтары мен ұқсастықтарын табады

3-4-топ

«Қос диаграмма»

Shape1

Біріккен

сөздер

Shape2 Shape3

Қос сөздер







Дескрипторы

  • Біріккен сөз бен қос сөздің айырмашылықтары мен ұқсастықтарын таба алады

Қалыптастырушы бағалау

Мадақтау сөздері арқылы оқушыны алға қарай жетелеу.


Кері байланыс : «Сөздік бағалау» әдісі бойынша ауызша бағаланады «Жарайсың» «Дәл тауып айттың»

Бағалау критерийі

- Күрделі сөздерді анықтайды.

- Графикалық органайзер арқылы берілген күрделі сөздерді ажыратып жазады.

3 – тапсырма.

Графикалық органайзерлердің көмегімен берілген күрделі сөздерді бағандарға тізбектеп жазыңыз.

Тоғызқұмалақ, АҚШ, алтыбақан, спорт кешені, аяқдоп, үлкенді-кіші, жанкүйур, қысы- жазы, жержүзі,БҰҰ, алыс - жақын, денешынықтыру, кг, ауыр атлетика, әйелдер күресі, ҚР,Әділбек, жүзу спорты

Shape4

Күрделі сөздер

Shape5

Біріккен сөздер

Shape6

Қос сөздер

Shape7

Қысқарған сөздер

Shape8

Тіркескен сөздер

Shape9 Shape10 Shape11 Shape12









Дескриптор

- Күрделі сөздерді анықтайды.

- Графикалық органайзер арқылы берілген күрделі сөздерді ажыратып жаза алады.


Қалыптастырушы бағалау

Мадақтау сөздері арқылы оқушыны алға қарай жетелеу.

Кері байланыс(смайлик арқылы бағалау)

Бағалау критерийі

-күрделі сөздерді топтастырады

-«спортшы» сөзіне өлең құрастырады

-Өз ойларын айта отырып, өмірмен байланыстырып жазады.

4 – тапсырма. (саралау тапсырмалары)

Білім алушылардың жеке қажеттіліктеріне қарай тапсырмаларды «Үшбұрыш» әдісімен қабырғаға іліп қоямын. Оқушылар өз қажеттіліктеріне сай тапсырмаларды орындайды.

1-тапсырма. Күрделі сөздерді топтастырып жазыңыз.

2 – тапсырма. «Спортшы» сөзіне өлең құрастырып, мәнерлеп оқыңыз.

3 – тапсырма.

«Шынықсаң шымыр боласың» тақырыбында әңгіме жазыңыз.

(әңгімеге күрделі сөздерді қатыстырып жазу)

Дескриптор

-күрделі сөздерді топтастыра алады

-«спортшы» сөзіне өлең құрай алады

-Өз ойларын айта отырып, өмірмен байланыстырып жазады.

Қалыптастырушы бағалау

Мадақтау сөздері арқылы оқушыны алға қарай жетелеу.


Кері байланыс «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалау

таратпа қағаздар

А4 қағаздар

Флипчарт


















































АКТ-ны қолдану




























Графикалық органайзер

Слайд



















таратпа қағаздар

А4 қағаздар

флипчарт

маркер

Сабақтың соңы

3 минут

Рефлексия «Кеме» әдісі




















Егер саған сабақ ұнаса және тапсырманың

барлығын сәтті орындаған болсаң, желкенді

жасыл түске боя;



Егер сен сабақта белгілі бір қиындықты

кездестірген болсаң, желкенді сары түске

боя;


Егер саған сабақ барысында тапсырмаларды

орындау қиын болып, мұғалімнің көмегі қажет болса, желкенді қызыл түске боя;

Үлестірме қағаз, маркер

Қосымша ақпарат

Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?

Бағалу – Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері АКТ- мен байланыс құндылықтардағы байланыс

Саралап оқыту- әрбір білім алушының жеке қажеттіліктеріне сәйкес тапсырма мен нұсқауларды, материал мен әдіс – тәсілдерді іріктеп қолдану үдерісі, білім алушыларды оқуға ынталандыруға септігін тигізеді. Саралап оқытусабақ үдерісінде білім алушының қажеттілігін қанағаттандыру болып табылады. Сабақ барысында білім алушылардың қажеттілігін қанағаттандыру барысынды білім алушы орындай алатын тапсырманы таңдау арқылы саралау әдісін жүзеге асырдым. Жеңілден күрделіге қарай тапсырма берілді. 1-тапсырма. Күрделі сөздерді топтастырып жазыңыз. 2 – тапсырма. «Спортшы» сөзіне өлең құрастырып, мәнерлеп оқыңыз.

3 – тапсырма. «Шынықсаң шымыр боласың» тақырыбында әңгіме жазыңыз. (әңгімеге күрделі сөздерді қатыстырып жазу) Саралау тапсырмаларын орындауда түрлі дереккөздерден пайдалану мүмкіндігін беру білім алушының сабаққа деген белсенділігі артатынын түсіндім.

Қалыптастырушы бағалау – оқушылардың оқу жетістіктерінің дамуы мен өсуіне әсер ететін сабақ барысындағы негізгі үдеріс. Ол күнделікті сабақта орын алады және оқушыға да, мұғалім үшін де маңызды; мұғалімге сынып оқушыларының білімін қадағалауға, жоспарына түзетулер енгізуіне, ал білім алушыларға өз оқу жетістіктеріне өзі бақылау жасауына және одан әрі өзінің даму бағыттарын анықтауға мүмкіндік береді.

Сабақтың әрбір бөлімінде қалыптастырушы бағалау жүзеге асырылды. Мәселен, математикалық фигуралар,(жұлдызша, төртбұрыш, үшбұрыш арқылы бағалау), смайликтер, «Сөздік бағалау» , «Кеме» әдісін қолдану сабақ барысындғы оқушылардың ынтасы мен зейінін жоғалтып алмауға септігін тигізеді



Денешынықтыру пәнімен байланысып білім алушылардың өзара салауатты өмір салтын ұстануы н насихаттау. Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау барысында өткір заттардан сақ болу керек екендігін ескертемін. АКТ- ны пайдалану кезінде білім алушылардың өмір қауіпсізідгін қадағалау мақсатында қауіпсіздік ережесімен таныстырамын. Еңбек және шығармашылық, ынтымақтастық, өмір бойы білім алу құндылықтарына баулу арқылы байланыстырамын.


Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді боды ма? Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме?Егер оқ ушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан тыс не жасалды?

5- сныптың қазақ тілі пәнінен «Шынықсаң шымыр боласың» тақырыбына ықшамсабақты жоспарлағанда «Қазақ тілі » пәні бойынша жаңартылған білім беру мазмұны курсынан алған біліміме сүйене отырып құрдым. Сабақ мақсаттары оқу мақсаттарына сәйкес құрылғандықтан қолжетімді болды. Сабақ барысында жайлы атмосфералық ахуал орнайды. Ең алдымен «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясының құндылықтарын білім алушының бойына дарытамын. Оқу мақсатын басшылыққа ала отырып, сабақ мақсатын құрдым.Сабақ мақсатымда оқушылардың білімін қанағаттандыру мақсатында түрлі әдіс – тәсілдерді пайдаландым. Ең бастысы құнды пікір айтып, сыни тұрғыдан ойлана алады. Өз сыныптастарының жұмысына сын көзбен қарап, бағалай біледі. Әрбір тапсырманы уақытқа нақтылап жасаймын. Ықшамсабақ жоспарлауда кері байланыс пен рефлексия қолдануда өзгеріс енгіздім, себебі курсқа дейінгі уақытта осы екі бөлімді бір ұғымда қолданып келген болатынмын. Ықшамсабақтың жоспарын алдағы уақытта да SMART формасында қолданып, тәжірибеме толықтай енгізетініме сенімдімін.

Кері байланыс

Қазақ тілі пәні бойынша жаңартылған білім бағдарламасының мақсаты оқу бағдарламасын жаңарту және критериалды бағалау жүйесін енгізу м әнмәтінінде мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін жетілдіру. Курс барысында тренеріміз Ұзақбай Айжан Жұбанқызының үйретуімен Бағдарлама материалдарын өз тәжірибемде сынап көруге және оны ой елегінен өткізіп, рефлексия жасауға, сондай- ақ білім алушыларға қолдау көрсетуге бағытталған жаттығулар мен тапсырмаларды әзірлеуге мүмкіндік алдым. Жаңартылған білім бағдарламасында кері байланыстың тиімділігіне көзім жетті. Сабақтың әрбір кезеңін қалыптастырушы бағалау тәсілдерін қолдану арқылы мұқият жоспарлаужәне әріптестеріммен талқылау мұғалімдердің қызметіндегі жақсы тәжірибе болып саналатынын және сабақтан кейін сабақ жоспары бойынша қысқаша түсініктемелер жазып, сабақты талдау, рефлексия жасау мұғалімнің жұмысын жеңілдете түсетінін тренеріміз түсіндірді. Курс барысында білім алушының белсенділігін арттыруда және қызығушылыгын оятуда көптеген әдіс-тәсілдер үйрендік. «Қабырғадағы рөл», «Қос диаграмма», «Графиқалық органайзер». «Бас бармақ», «Сөздік бағалау», «Бағдаршам», т.б. Қалыптастырушы бағалау тапсырмаларын құрастыру алгоритмінің жасалу жолдары туралы тренеріміз Айжан Жұбанқызы түсіндіріп бағыт берді яғни оқу мақсаттарынан бағалау критерийлерін анықтау керектігін , осы бағалау критерийлері бойынша тапсырмалар құрастыру, тапсырманың нәтижесінде дескрипторлар құрастыру кажет екендігіне бағыт беріп түсіндірді. Ықшам сабақты жоспарлағанда әріптестерімнің көмегі мол болды. А мен В ұсынған түрлі әдіс – тәсілдерді пайдаландым. Сонымен қатар, тренер мен әріптестер берген ұсыныстар мен пікірлерді ескере отырып, қателіктерді түзеуге мүмкіндік алдым. Мәселен, «Шынықсаң шымыр боласың» тақырыбында ықшамсабақта сабақтың соңғы бөлімінде «Кіші шеңбер» әдісі тиімсіз екендігін тренер бағыттап, оның орнына жылдам әрі жинақы аяқтайтын тәсілдің керек екендігін ескертті. Осы нұсқауларды негізге ала отырып, сабақ барысында кері байланыстың болуы маңызды екендігін ұқтым. «Мәңгілік ел» аясында ұлттық құндылығымызды насихаттайтын ұрпақ тәрбиелеуге, дамыған елмен терезесі тең, ой пікірі жоғары дамыған тұлға дайыдаймын деген сенімдемін.

Жалпы бағалау


Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (оқыту мен оқытуға қатысты)?

1:


2:


Сабақтың одан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді(сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:


2:

Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?

























ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ САБАҚ ЖОСПАРЫ

Пәні: Қазақ тілі

Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі:

6-бөлім Қиял әлемі

Күні: 08.01.2018 ж.

Сынып: 5- сынып


Мектеп: Мұнайлы ауданы

Атамекен селосы

«№7 жалпы білім беру орта

мектебі» КММ

Мұғалімнің аты-жөні: Акмурзаева Б.С.

Қатысқандар: 26 Қатыспағандар: 0


Сабақтың тақырыбы:

Қиял – адамға тән қасиет

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

Т/А.5. Тыңдалым материалы бойынша жауап беру және бағалау.

5.1.5.1. Мәтін мазмұны негізінде сұрақтарға жауап беру, көтерілген мәселе бойынша өз ойын білдіру

О5. Мәтін бойынша сұрақтар құрастыру.

5.2.5.1. Мәтін мазмұнын түсінуге, нақты ақпаратты анықтауға бағытталған сұрақтар құрастыру.

Сабақ мақсаттары:

Барлық оқушылар орындай алады: Мәтінді тыңдап, мазмұнын түсінеді, нақты ақпаратты анықтайды. Сұрақтар құрастыра алады. Жауап береді.

Білім алушылардың көпшілігі орындай алады: Мәтін мазмұнын түсінеді,нақты ақпаратты анықтауға бағытталған сұрақтар құрастырады. Көтерілген мәселеге байланысты өз ойын білдіреді.

Кейбір білім алушылар орындай алады:

Мәтін мазмұнын түсінеді, көтерілген мәселе бойынша өз ойын білдіреді, мәтін мазмұны негізінде сұрақтарға нақты жауап береді. Ақпаратты анықтауға бағытталған сұрақтар құрастырады.

Бағалау критерийлері


Білім алушы

- Мәтін мазмұнын түсінеді.

- Нақты ақпаратты анықтайды.

- Мәтін мазмұны негізінде сұрақтар құрастырады.

- Мәтіннен көтерілген мәселе бойынша өз ойын білдіреді.


Ойлау дағдыларының деңгейлері

Білу, түсіну және қолдану


Тілдік мақсаттар

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: «қиял», «қиялдау», «қиялшыл», «арман», «қиял-ғажайып», «шындық»

Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестері: менің ойымша..., мен бұл пікірмен келісемін/ келіспеймін

Талқылауға арналған сұрақтар:

• «Қиял», «қиялдау» сөздерінің мағынасы қандай?
• «Қиял» мен «арман» сөздерінің арасында қандай ұқсастық пен айырмашылық бар деп ойлайсың?
• Қиял-ғажайып ертегі дегенді естідің бе?Оның басқа ертегілерден қандай айырмашылықтары бар?

Құндылықтарға баулу

Зайырлы қоғам және жоғары руханият.

Өмір бойы білім алу, құрмет, ынтымақтастық, ашықтық құндылықтарына баулу.


Пәнаралық байланыс

Сабақ барысындағы тапсырма мәтіндері оқушының ой ұшқырлығын, дүниетанымын кеңейтуге бағытталғандықтан өзін-өзі тану пәнімен байланыстырдым.


Тақырып бойынша алдыңғы білім


«Бос уақыт және хобби» бөліміне жалпы шолу


Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы


3 минут

Қызығушылықты ояту.

«Шеңбер бойынша әңгімелесу» әдісі арқылы оқушылар «Менің хоббиім» тақырыбында өз қызығушылығы туралы ой бөліседі.

Оқушыларды топқа бөлу.

  1. Қиял

  2. Арман

  3. Шындық


Қима қағаздар

Сабақтың ортасы


Білу, түсіну,

5 минут













Бағалау критерийлері

Білім алушы:

- Мәтін мазмұны негізінде сұрақтарға

жауап береді;

-Көтерілген мәселе бойынша өз ойын білдіреді.

Мағынаны тану

1-тапсырма. Жалпыға арналған тапсырма.

«Ой шақыру» әдісі

Тыңдалым алдындағы тапсырма

  • Берілген суретті мұқият қарап, не байқағаныңызды айтыңыздар.

  • Тыңдайтын мәтініңіз не туралы болатынына болжам жасаңыздар.

  • Қиялдың не екенін білесіздер ме?




Сурет




















Қолдану



15 минут


«Идеяны ұстап ал» әдісі

  • Тыңдалым барысы тапсырмасы

«Қиял – адамға тән қасиет» мәтінін аудиодискіден тыңдайды.

Қиял- адамға тән қасиет

Қиял дегеніміз адамның қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстардың бейнесін ойда қайта жаңғыртып, өңдеу, ойша өзгерту, шындыққа өз жанынан басқа бір жаңа ой қосып, көзге елестету. Қиял – тек адамға ғана тән қасиет. Адамда қиял пайда болған кезде ми қабығында бұрын жасалған уақытша байланыстар өзгеріске ұшырап, жаңа нәрселердің бейнесі туып отырады. Уақытша байланыстарды ойша қайта жасап, өңдеу кезінде адамның ішкі ойы шешуші рөл атқарады.

Әр адамның қиялы әртүрлі болады.Ол адамның жасына, өмірден көрген –білгеніне, мақсаты мен қызығушылығына байланысты. Қиял шындыққа жақын болса, ол шығармашылыққа оң әсер етеді. Ал, мүмкін емес нәрсені қиялдаған адамның ойы айналасындағылар үшін күлкілі болып көрінуі мүмкін. Бірақ қиял қалай да адамның ойын дамытып, оны алға жетелейтінін жоққа шығаруға болмайды.

Қиял адам бойындағы ерік-жігерді де тәрбиелейді. Қиялы мен арманы сай келген бала өскенде мықты, ортасында сыйлы азамат болады. Өйткені қиял арқылы алдағы ісінің нәтижесін , өмір жолын дұрыс болжап, көре алады.


Тыңдалым мәтінінен не түсіндіңдер?

(Оқушылар түсініктерін айтады)

  • Мәтінді қайта тыңдау арқылы нақты сұрақтарға жауап береді.


  1. Қиял қалай пайда болады?

  2. Неліктен қиялды адамға тән қасиет дейміз?

  3. Қиялдың әр адамда әр түрлі болуының себебі неде?

  4. Қиял мен шынықтың арақатынасы қандай?

  5. Қиялдың адам өміріне әсері қандай?

Тыңдалымнан кейінгі тапсырмалар

  • Сен нені қиялдайсың?

  • Қиялдың шындыққа айналуы мүмкін бе? Дәлелде.

  • Өзің қиялдап көрдің бе?

  • Қиялдай білудің қандай пайдасы бар?


Дескриптор

- Мәтін мазмұны негізінде сұрақтарға

жауап береді;

- Көтерілген мәселе бойынша өз ойын білдіреді.


Қалыптастырушы бағалау

Смайликтер арқылы

Picture 3


Кері байланыс






Аудиодиск 5-сынып Қазақ тілі

«Атамұра» баспасы 2017 жыл


























































Смайликтер бейнеленген суреттер

5 минут

Бағалау критерийлері

Білім алушы:

  • Мәтін мазмұны негізінде қойылған сұрақтарға жауап береді.

  • Өзекті мәселелер бойынша өз ойын дәлелдермен келтіреді.

2-тапсырма. «Бумеранг» әдісі.

Топтық жұмыс.

Тыңдалған мәтін мазмұны бойынша оқушылар сұрақтар жазып, бір-біріне ауысады; сұраққа жауап беріп, кері байланыс жасайды. Бұл әдіс оқушыларды ұйымшылдыққа, белсенді жұмыс жасауға, бірін-бірі бағалауға оң ықпалын тигізеді.


Дескриптор

  • Мәтін мазмұны бойынша сұрақтар құрастырады.

  • Өз ойын дәлелдер келтіріп, жауап береді.


Қалыптастырушы бағалау. «Екі жұлдыз, бір тілек»


Сергіту сәті

1 минут

Қыдырып қайтайық!» би билеу



«Қыдырып қайтайық!» биі

Сілтеме

https: //v-s.mobin







5 минут






































































Білу, түсіну


Қолдану


Жоғары деңгейлер




4 минут






















Бағалау критерийлері Білім алушы

  • Мәтін мазмұны негізінде сұрақтар құрастырады.

  • Көтерілген мәселеге байланысты өз ойын білдіреді.

  • Сұраққа жауап береді.

3-тапсырма. Топтық жұмыс

«Балық қаңқасы» әдісі

(Үш топқа мәтіннің үш бөлімі беріледі. Әр топ берілген бөлім бойынша екі сұрақ құрастырады, келесі топтың сұрақтарына жауап береді.)


Адамдардың қиялдауына тән кейбір , ерекшеліктер бар:

  1. әр адамның қиял ерекшеліктері оның жеке қызығушылығы мен қасиеттеріне, алдына қойған мақсаттарына байланысты болады. Мысалы, ыстық күнде салқын суды аңсап шөлдеген жолаушының қиялы мен сабаққа дайындалмай келгендіктен мұғалімнің көзіне түспей, құтылып кетуді ойлап отырған оқушының қиялын салыстырып көруге болады;

  2. қиялдың әртүрлі болуы адамның жас және дара ерекшеліктеріне де, білім, тәжірибесіне де байланысты. Мәселен, көргені де, түйгені де көп, өмір тәжірибесі мол, білімді ересек адамның қиялы мен енді ғана айналасына көз салып, дүниені тануға ұмтылған жасөспірімнің қиялын салыстырып, бағалауға болмайды;

  3. қиял адамның өскен ортасына, ұлттық ерекшелігіне, табиғат, жер-су қоршауына байланысты да көрініп отырады. «Жаратылыстың құшағында, - деп жазады М.Жұмабаев,- меруерт себілген көк шатырдың астында, хош иісті жасыл кілем үстінде, Күнмен бірге күліп, желмен бірге жүгіріп, алдындағы малымен бірге өріп, сары сайран далада туып-өсетін қазақ баласының қиялы жүйрік, өткір, терең болуға тиісті»



Shape13

Дескриптор Білім алушы

  • Мәтін мазмұны негізінде сұрақтар құрастыра алады

  • Берілген сұрақтарға нақты жауап береді

Қалыптастырушы бағалау. «Бас бармақ» әдісі




Бағалау критерийлері

Білім алушы:

  • «Қиял» сөзіне түсінік береді.

  • Қиял, арман сөздерін Венн диаграммасына салады.

  • «Шындық» сөзіне сөзжұмбақ құрастырады.

  • . «Қиял» сөзіне бес жолды өлең құрастырады.

  • «Қиял шындыққа ұласады» тақырыбына бес бес сөйлемді эссе жазады.


4-тапсырма. (Саралау тапсырмасы)

Білім алушылардың жеке қажеттіліктеріне сәйкес тапсымаларды «Үшбұрыш» әдісімен қабырғаға іліп қоямын. Оқушылар өз қажеттіліктеріне сай тапсырмаларды орындайды.


  1. «Қиял» сөзіне түсінік береді.

  2. Қиял мен арман сөздерінің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын Венн диаграммасына салады.

  3. «Қиял» сөзіне өлең құрастырады, мәнерлеп айтып береді.

  4. «Қиял шындыққа ұласады» тақырыбына әңгіме жазады, жазған әңгімесін айтып береді.


Дескриптор

  • Қиял» сөзіне түсінік бере алады..

  • Қиял, арман сөздерін Венн диаграммасына салып, ортақ белгілері мен айырмашылықтарын көрсете алады.

  • «Қиял» сөзіне өлең құрастыра алады.

  • Жазған өлеңін мәнерлеп жеткізе алады.

  • «Қиял – шындыққа ұласады» тақырыбына әңгіме жазады, жазған әңгімесін айтып бере алады.

Қалыптастырушы бағалау.

Кері байланыс (жұлдызша, төртбұрыш, үшбұрыш арқылы бағалау)












Сабақтың соңы



2 минут

Рефлекторлық экран

Менде бәрі сәтті шықты...

Мен ... үйрендім

Сабақта мен орындай алдым...

Бәрінен маған ұнағаны...

Бәрінен маған қиын болғаны...

«Рефлекторлық экран» әдісі

Оқушыларға кері байланыс тапсырмалары жазылған қима қағаздар беріледі.

Қосымша ақпарат


Саралау – Сіз қосымша

көмек көрсетуді қалай

жоспарлайсыз? Сіз

қабілеті жоғары

оқушыларға тапсырманы

күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау – оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін, үйренгенін қалай тексересіз?

Пəнаралық байланыс

Қауіпсіздік жəне еңбекті

қорғау ережелері

АКТ-мен байланыс,

құндылықтармен

байланыс

Білім алушылардың жеке қабілеттері мен қажеттілігін ескере отырып, түрлі деңгейдегі топтар үшін оқытудың әр түрлі әдіс-тәсілдерін саралап тапсырмалар бердім.

Білім алушының оқуға деген ішкі уәжіне қолдау көрсету мақсатында саралау тапсырмаларын ұйымдастырдым.

Барынша қолдау көрсету үшін төмен деңгейлі тапсырмалар;

мәтіннен негізгі және қосымша ақпаратты анықтайды.

Орташа қолдау: Негізгі ақпаратты ала отырып, кестелер толтырады.

Қолдау көрсету шектеулі білім алушылар деңгейіне қарай шығармашылық тапсырмалар орындайды.


1. «Қиял» сөзіне түсінік беріңіз.

2.»Венн диаграммасы» әдісімен «қиял», «арман» сөздерін Венн диаграммасына салыңыз.

3. «Қиял» сөзіне өлең шығарыңыз, мәнерлеп оқып беріңіз.

5. «Қиял – шындыққа

ұласады» тақырыбына әңгіме жазыңыз, жазғаныңызды айтып беріңіз.Тапсырмаларды үшбұрыш әдісімен қабырғаға іліп қоямын. Оқушылар өздері таңдаған тапсырмаларды орындайды.










Қалыптастырушы бағалау «Бас бармақ», «Екі жұлдыз, бір тілек», «Смайликтер» арқылы және графикалық түрде жұлдызша, төртбұрыш, үшбұрыш белгілері арқылы бағалаймын. Бұл әдістер білім алушылардың бірін- бірі бағалай білуге, шынайылыққа үйретеді.

Қалыптастырушы бағалау білім алушының алға ілгерілеуіне, нәтижеге қол жеткізуіне, ынталануына ықпал жасайды..


Сабақ барысындағы тапсырма мәтіндері оқушының ой ұшқырлығын, дүниетанымын кеңейтуге бағытталып, өзін-өзі тану пәнімен ұштастырылғандықтан өзін-өзі тану пәнімен байланыстырдым.

Сабақтағы сергіту жаттығулары мен белсенді оқу түрлерін қолдану білім алушылардың сабақта сергек, белсенділік танытуына оң ықпалын тигізеді.

АКТ-ны қолдану -графикалық органайзерлермен жұмыс жасауда, кесте толтыруда білім алушылардың тиімді жұмыс жасауына мүмкіндік берді. «Балық қаңқасы» гаафикалық органайзерін мәтін бөліктері бойынша сұрақ құрастырып, жауап беруде тиімді қолданды.

Қиял, қиялдай білу тақырыбын өту барысында дұрыс қиялдаудың шындыққа ұласатынын, қоғамымыздағы ұлттық бірлік , бейбітшілік пен келісім негізінде Мәңгілік Ел ұлттық идеясының құндылығын түсінді.

Рефлексия

Сабақ / оқу

мақсаттары

шынайы ма?

Бүгін оқушылар

не білді?








Сыныптағы ахуал

қандай болды?









Мен жоспарлаған

саралау шаралары

тиімді болды ма?







Мен берілген

уақыт ішінде

үлгердім бе?



Мен өз жоспарлауымда

қандай түзетулер

енгіздім және

неліктен?

Оқу мақсаттары -шынайы, Ұзақ мерзімді жоспардан алынды.




Әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолданып, жеке, топтық жұмыстар жүргізу арқылы білім алушылардың бүгінгі тақырыпты меңгергеніне көзім жетті.Білім алушылар топтық жұмыстарды орындауда бір-бірімен ынтымақтастықта болды.


Мәтін бойынша сұрақтар құрастырып, жауап беруде белсенділік танытты. Жеке жұмыс орындауда өз бетінше ізденіп, нәтижеге қол жеткізуге тырысты. Қиялдың адамға тән қасиет екендігін түсінді. Тақырып бойынша сұрақтар құрастырды. Сұрақтарға өз ойларын дәлелдеп, жауап берді.


Жоспарланған саралау тапсырмалары оқушы қабілетіне сәйкес болды.

Сабаққа байланысты жоспарлаған саралау тапсырмалары оқушылардың қажеттіліктеріне қарай жұмыс жасауына, оқушыларды ынталандыруға оң ықпалын тигізді.


Тапсырмалар уақытқа шақталып берілгендіктен сабақ өз деңгейінде өтті.Уақытты тиімді пайдалана білдім.


Сабақ жоспарын құруда түзетулер енгіздім. Тыңдалым барысы тапсырмасын орындатуда «Бумеранг» әдісі тиімді болды. Бұл әдістің тиімділігі оқушылар топпен жұмыс орындап, жұмыстарын көрші топпен ауыстырып, кері байланыс жасады.




Кері байланыс


Жаңартылған білім мазмұнын үйрену курсында тренерім Ұзақбай Айжан Жұбанқызының сабағынан көптеген жаңа мәліметтерді алдым. Жаңа білім мазмұнының ерекшеліктерін, оның дәстүрлі сабақтан айырмашылықтарын ажырата білдім. Айжан Жұбанқызынан «Жаңа білім мазмұнының спиральдік қағидатқа негізделгені жайында, оқу мақсаттарының Блум таксономиясымен сәйкестендірілетіні мен пәнаралық байланыстарды жүзеге асыруда ортақ тақырыптардың берілетіндігін, тәрбиенің әлеуетін арттыруда «Мәңгілік Ел» идеясының енгізілгендігі жайында түсініктер алдым.Тілдік дағдыларды дамытуда қолданылатын тиімді әдіс-тәсілдерді курс барысында тәжірибе жүзінде көру арқылы меңгердім Ең бастысы, қысқа мерзімді жоспар жасау үшін қалыптастырушы бағалау алгоритімін құрастырып үйрендім. Белсенді оқу әдіс-тәсілдерін, саралау тапсырмаларын ұйымдастыру жолдарын меңгердім. Тренерімнің берген кері байланысының нәтижесінде жоспар құруда жіберген көптеген кемшіліктерімді түзетіп, дұрыс бағыт алдым.

Қысқа мерзімді сабақ жоспарын жасау барысында білім алушылардың белсенділігін арттыруда әріптесім В.-ның кері байланысын ескере отырып «Бумеранг» әдісін қолдандым. Ықшамсабақты жоспарлауда әріптестерімнің берген кері байланыстары мен үшін тиімді болды



















ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ САБАҚ ЖОСПАРЫ

Пәні: Қазақ тілі

Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі:

5-бөлім

Күні: 11.12.2017ж.

Сынып: 5- сынып


Мектеп: Мұнайлы ауданы

Атамекен селосы

«№7 жалпы білім беру орта

мектебі» КММ

Мұғалімнің аты-жөні: Акмурзаева Б.С.

Қатысқандар: Қатыспағандар:


Сабақтың тақырыбы:

Бос уақытта саяхаттау пайдалы

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

5.Т/А5. Тыңдалған мәтін мазмұны негізінде сұрақтарға жауап беру, көтерілген мәселе бойынша өз ойын білдіру.

5.Ж4. Эссенің кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімдерін сақтай отырып, өзіне таныс адамды, белгілі бір мекен мен оқиғаны сипаттап не суреттеп жазу.



Сабақ мақсаттары:

Барлық оқушылар орындай алады: Мәтінді тыңдап, мазмұнын түсінеді, нақты ақпаратты анықтайды. Сұрақтар құрастыра алады. Жауап береді.

Білім алушылардың көпшілігі орындай алады: Мәтін мазмұнын түсінеді,нақты ақпаратты анықтауға бағытталған сұрақтар құрастырады. Көтерілген мәселеге байланысты өз ойын білдіреді.

Кейбір білім алушылар орындай алады:

Мәтін мазмұнын түсінеді, көтерілген мәселе бойынша өз ойын білдіреді, мәтін мазмұны негізінде сұрақтарға нақты жауап береді. Ақпаратты анықтауға бағытталған сұрақтар құрастырады.

Бағалау критерийлері


Білім алушы

- Мәтін мазмұнын түсінеді.

- Нақты ақпаратты анықтайды.

- Мәтін мазмұны негізінде сұрақтар құрастырады.

- Мәтінде көтерілген мәселе бойынша өз ойын білдіреді.


Ойлау дағдыларының деңгейлері

Білу, түсіну және қолдану


Тілдік мақсаттар

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: «саяхат», «бос уақыт»

Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестері: менің ойымша..., мен бұл пікірмен келісемін/ келіспеймін

Талқылауға арналған сұрақтар:

• «саяхат» дегенді қалай түсінесің?
• «Бос уақыт деген не ?
• Бос уақытыңды қалай өткізесің?

Құндылықтарға баулу

Зайырлы қоғам және жоғары руханият.

Өмір бойы білім алу, құрмет, ынтымақтастық, ашықтық құндылықтарына баулу.


Пәнаралық байланыс

Сабақ барысындағы тапсырма мәтіндері оқушының ой ұшқырлығын, дүниетанымын кеңейтуге бағытталғандықтан өзін-өзі тану пәнімен байланыстырдым.


Тақырып бойынша алдыңғы білім


«Уақыт алға жетелейді» тақырыбына жалпы шолу


Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы


3 минут

Қызығушылықты ояту.

«Шеңбер бойынша әңгімелесу» әдісі арқылы оқушылар «Менің хоббиім» тақырыбында өз қызығушылығы туралы ой бөліседі.

Оқушыларды топқа бөлу.

1.

2.

3.

4.


Қима қағаздар

Сабақтың ортасы


Білу, түсіну,

5 минут













Бағалау критерийлері

Білім алушы:

- Мәтін мазмұны негізінде сұрақтарға

жауап береді;

-Көтерілген мәселе бойынша өз ойын білдіреді.

Мағынаны тану

1-тапсырма. Жалпыға арналған тапсырма.

«Ой шақыру» әдісі

Тыңдалым алдындағы тапсырма

  • Суреттен не байқадыңдар?

  • Астанаға саяхаттап көргендерің бар ма?

  • Не үшін саяхат жасайсыңдар?

  • Қайда саяхат жасағыларың келеді?



Сурет




















Қолдану



15 минут


«Идеяны ұстап ал» әдісі

  • Тыңдалым барысы тапсырмасы

мәтіннен аудиодискіден тыңдайды.





Тыңдалым мәтінінен не түсіндіңдер?

(Оқушылар түсініктерін айтады)

  • Мәтінді қайта тыңдау арқылы нақты сұрақтарға жауап береді.



Тыңдалымнан кейінгі тапсырмалар





Дескриптор

- Мәтін мазмұны негізінде сұрақтарға

жауап береді;

- Көтерілген мәселе бойынша өз ойын білдіреді.


Қалыптастырушы бағалау

Смайликтер арқылы

Picture 3


Кері байланыс






Аудиодиск 5-сынып Қазақ тілі

«Атамұра» баспасы 2017 жыл









































Смайликтер бейнеленгенсуртер

5 минут

Бағалау критерийлері

Білім алушы:





2-тапсырма. «Бумеранг» әдісі.

Топтық жұмыс.

Тыңдалған мәтін мазмұны бойынша оқушылар сұрақтар жазып, бір-біріне ауысады; сұраққа жауап беріп, кері байланыс жасайды. Бұл әдіс оқушыларды ұйымшылдыққа, белсенді жұмыс жасауға, бірін-бірі бағалауға оң ықпалын тигізеді.


Дескриптор

  • Мәтін мазмұны бойынша сұрақтар құрастырады.

  • Өз ойын дәлелдер келтіріп, жауап береді.


Қалыптастырушы бағалау. «Екі жұлдыз, бір тілек»


Сергіту сәті

1 минут


«Қыдырып қайтайық!» биі

Сілтеме

https: //v-s.mobin







5 минут
















Бағалау критерийлері Білім алушы

  • Мәтін мазмұны негізінде сұрақтар құрастырады.

  • Көтерілген мәселеге байланысты өз ойын білдіреді.

  • Сұраққа жауап береді.

3-тапсырма. Топтық жұмыс

«Балық қаңқасы» әдісі


Дескриптор Білім алушы

  • Мәтін мазмұны негізінде сұрақтар құрастыра алады

  • Берілген сұрақтарға нақты жауап береді

Қалыптастырушы бағалау. «Бас бармақ» әдісі













Сабақтың соңы



2 минут

Рефлкторлық экран

Менде бәрі сәтті шықты...

Мен ... үйрендім

Сабақта мен орындай алдым...

Бәрінен маған ұнағаны...

Бәрінен маған қиын болғаны...

«Рефлекторлық экран» әдісі

Оқушыларға кері байланыс тапсырмалары жазылған қима қағаздар беріледі.

Қосымша ақпарат


Саралау – Сіз қосымша

көмек көрсетуді қалай

жоспарлайсыз? Сіз

қабілеті жоғары

оқушыларға тапсырманы

күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау – оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін, үйренгенін қалай тексересіз?

Пəнаралық байланыс

Қауіпсіздік жəне еңбекті

қорғау ережелері

АКТ-мен байланыс,

құндылықтармен

байланыс

Білім алушылардың жеке қабілеттері мен қажеттілігін ескере отырып, түрлі деңгейдегі топтар үшін оқытудың әр түрлі әдіс-тәсілдерін саралап тапсырмалар бердім.

Білім алушының оқуға деген ішкі уәжіне қолдау көрсету мақсатында саралау тапсырмаларын ұйымдастырдым.

Барынша қолдау көрсету үшін төмен деңгейлі тапсырмалар;

мәтіннен негізгі және қосымша ақпаратты анықтайды.

Орташа қолдау: Негізгі ақпаратты ала отырып, кестелер толтырады.

Қолдау көрсету шектеулі білім алушылар деңгейіне қарай шығармашылық тапсырмалар орындайды.


1. «Қиял» сөзіне түсінік беріңіз.

2.»Венн диаграммасы» әдісімен «қиял», «арман» сөздерін Венн диаграммасына салыңыз.

3. «Қиял» сөзіне өлең шығарыңыз, мәнерлеп оқып беріңіз.

5. «Қиял – шындыққа

ұласады» тақырыбына әңгіме жазыңыз, жазғаныңызды айтып беріңіз.Тапсырмаларды үшбұрыш әдісімен қабырғаға іліп қоямын. Оқушылар өздері таңдаған тапсырмаларды орындайды.










Қалыптастырушы бағалау «Бас бармақ», «Екі жұлдыз, бір тілек», «Смайликтер» арқылы және графикалық түрде жұлдызша, төртбұрыш, үшбұрыш белгілері арқылы бағалаймын. Бұл әдістер білім алушылардың бірін- бірі бағалай білуге, шынайылыққа үйретеді.

Қалыптастырушы бағалау білім алушының алға ілгерілеуіне, нәтижеге қол жеткізуіне, ынталануына ықпал жасайды..


Сабақ барысындағы тапсырма мәтіндері оқушының ой ұшқырлығын, дүниетанымын кеңейтуге бағытталып, өзін-өзі тану пәнімен ұштастырылғандықтан өзін-өзі тану пәнімен байланыстырдым.

Сабақтағы сергіту жаттығулары мен белсенді оқу түрлерін қолдану білім алушылардың сабақта сергек, белсенділік танытуына оң ықпалын тигізеді.

АКТ-ны қолдану -графикалық органайзерлермен жұмыс жасауда, кесте толтыруда білім алушылардың тиімді жұмыс жасауына мүмкіндік берді. «Балық қаңқасы» гаафикалық органайзерін мәтін бөліктері бойынша сұрақ құрастырып, жауап беруде тиімді қолданды.

Қиял, қиялдай білу тақырыбын өту барысында дұрыс қиялдаудың шындыққа ұласатынын, қоғамымыздағы ұлттық бірлік , бейбітшілік пен келісім негізінде Мәңгілік Ел ұлттық идеясының құндылығын түсінді.

Рефлексия

Сабақ / оқу

мақсаттары

шынайы ма?

Бүгін оқушылар

не білді?








Сыныптағы ахуал

қандай болды?









Мен жоспарлаған

саралау шаралары

тиімді болды ма?







Мен берілген

уақыт ішінде

үлгердім бе?



Мен өз жоспарлауымда

қандай түзетулер

енгіздім және

неліктен?

Оқу мақсаттары -шынайы, Ұзақ мерзімді жоспардан алынды.




Әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолданып, жеке, топтық жұмыстар жүргізу арқылы білім алушылардың бүгінгі тақырыпты меңгергеніне көзім жетті.Білім алушылар топтық жұмыстарды орындауда бір-бірімен ынтымақтастықта болды.


Мәтін бойынша сұрақтар құрастырып, жауап беруде белсенділік танытты. Жеке жұмыс орындауда өз бетінше ізденіп, нәтижеге қол жеткізуге тырысты. Қиялдың адамға тән қасиет екендігін түсінді. Тақырып бойынша сұрақтар құрастырды. Сұрақтарға өз ойларын дәлелдеп, жауап берді.


Жоспарланған саралау тапсырмалары оқушы қабілетіне сәйкес болды.

Сабаққа байланысты жоспарлаған саралау тапсырмалары оқушылардың қажеттіліктеріне қарай жұмыс жасауына, оқушыларды ынталандыруға оң ықпалын тигізді.


Тапсырмалар уақытқа шақталып берілгендіктен сабақ өз деңгейінде өтті.Уақытты тиімді пайдалана білдім.


Сабақ жоспарын құруда түзетулер енгіздім. Тыңдалым барысы тапсырмасын орындатуда «Бумеранг» әдісі тиімді болды. Бұл әдістің тиімділігі оқушылар топпен жұмыс орындап, жұмыстарын көрші топпен ауыстырып, кері байланыс жасады.




Кері байланыс


Жаңартылған білім мазмұнын үйрену курсында тренерім Ұзақбай Айжан Жұбанқызының сабағынан көптеген жаңа мәліметтерді алдым. Жаңа білім мазмұнының ерекшеліктерін, оның дәстүрлі сабақтан айырмашылықтарын ажырата білдім. Айжан Жұбанқызынан «Жаңа білім мазмұнының спиральдік қағидатқа негізделгені жайында, оқу мақсаттарының Блум таксономиясымен сәйкестендірілетіні мен пәнаралық байланыстарды жүзеге асыруда ортақ тақырыптардың берілетіндігін, тәрбиенің әлеуетін арттыруда «Мәңгілік Ел» идеясының енгізілгендігі жайында түсініктер алдым.Тілдік дағдыларды дамытуда қолданылатын тиімді әдіс-тәсілдерді курс барысында тәжірибе жүзінде көру арқылы меңгердім Ең бастысы, қысқа мерзімді жоспар жасау үшін қалыптастырушы бағалау алгоритімін құрастырып үйрендім. Белсенді оқу әдіс-тәсілдерін, саралау тапсырмаларын ұйымдастыру жолдарын меңгердім. Тренерімнің берген кері байланысының нәтижесінде жоспар құруда жіберген көптеген кемшіліктерімді түзетіп, дұрыс бағыт алдым.

Қысқа мерзімді сабақ жоспарын жасау барысында білім алушылардың белсенділігін арттыруда әріптесім В.-ның кері байланысын ескере отырып «Бумеранг» әдісін қолдандым. Ықшамсабақты жоспарлауда әріптестерімнің берген кері байланыстары мен үшін тиімді болды









Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
4 ұстаз жүктеп алған
25 желтоқсан
7207
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі