жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Сабақ жоспары "Қиял арманға жетелейді" 3 сынып
Бекітілді:
Мектеп: Б.Нысанбаев орта мектебі
Мерзiм: 30.09.2017ж.
Сабақ: 5
Тақырып: Қиял арманға жетелейді
Құндылық: «Ішкі тыныштық»
Қасиеттер: шыншылдық, жауапкершілік, сүйіспеншілік
Мұғалiм:А.Борашова
Сынып: 3 «а» Оқушылар саны: 21
|
Сабақ мақсаты: Балаларды жақсы ниетпен армандай білуге, дұрыс өмір сүре білуге үйрете отырып, «Ішкі тыныштық» құндылығының мәнін ашу. Міндеттері: Білімділігі: оқушылардың қиял, арман туралы түсініктерді кеңейту; Дамытушылығы: Шығармашылық тұрғыдан қиялдау іскерліктерін дамыту; Тәрбиелігі: оқушыларды шыншылдыққа, жауапкершілікке, сүйіспеншілікке тәрбиелеу. |
Ресурстар: үнтаспа, оқулық, дәптер, стикер, маркер, ақ парақтар. |
|
Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңi. Оқушылармен амандасып,сабағымыз қызықты әрі тиімді өту үшін «Өзін – өзі тану» сабағының «5-Т» ережесін қайталаймыз. Тәртіп, талап, тыныштық, тазалық, татулық.
Тыныштық сәті Су асты патшалығына саяхат Ыңғайланып отырып, денелеріңізді түзу ұстап, аяқ – қолдарыңызды айқастырмаңыздар. Көздеріңізді жұмып, бірнеше рет терең тыныстап, денеңізді босатыңыз. Біз бүгін теңіз түбіне саяхат жасаймыз. Теңіз жағасымен келе жатқаныңызды елестетіңіз. Толқындардың жеңіл шылпылына, шағалалардың шуылына құлақ түріңіз. Жалаң аяқтарыңызбен құмды сезініңіз. Шалғайдан қара нүкте көріп тұрсыз: ол жақындаған кезде дельфин екенін түсіндіңіз. Ол сізді теңіз түбіне алып кету үшін келді. Ол өте әдепті сізді шыдамдылықпен күтіп тұр. Жайлап оның арқасына отырыңыз, мықтап ұстап, жолға шығыңыз. Дельфиннің арқасында жайланып отырып, өзіңді қауіпсіз сезіну, су астында жүзу қандай керемет. Жан – жағыңызға қараңыз: мұнда кемпірқосақ тәрізді арлы – берлі жарқырай қалқыған әсем балықтар қаншама. Теңіз түбіне бойлаған сайын айнала қалайша өзгереді, суда тербелген қаншама ғажайып балдырлар. Қараңызшы, қандай орасан зор балықтар, ал енді анау жаққа көз тастаңыз... бұл орасан зор сегізаяқ. Су асты неткен қызықты әрі ғажап әлем. Сіз бір нәрсені байқадыңыз ба? Мұнда неткен тұңғиық, толық тыныштық. Осы тыныштық күйде болыңыз. Ал қазір жоғарыға, өз әлемімізге кері қайтуға дайындалыңыз. Айналаға жіті қараңыз. Ғажап түстерге тағы бір рет қараңыз және тыныштыққа құлақ түріңіз. Осындай тыныштық сізге самалдай әсер береді. Енді дельфин кері қарай жолға шықты. Сіз су бетіне шықтыңыз, жағаға жақындадыңыз. Дельфиннің арқасынан түсіңіз, оны сипалаңыз және осындай ғажап саяхатқа апарғаны үшін ризашылық білдіріңіз. Сыныпқа оралыңыз және өз орныңызға келіңіз. Бірнеше секундтан соң көзіңізді ашыңыз, осы түйсінген тыныштықты өз бойыңызда сақтауға тырысыңыз. Жәймен көзіңізді ашуға болады. Сұрақтар: Қандай сезімде болдыңыздар? Жаттығу сіздерге қалай әсер етті? Үй тапсырмасын тексеру. А.Қайырханованың «Өнерлі балалар» әңгімесін түсініп оқып, мазмұнын айту. |
Сабақ барысын талқылау: Оқушылардың емін – еркін дұрыс отыруын қадағалау
|
|
Дәйексөз. «Армансыз адам болмайды.» Халық мақалы (Оқушылар дәйексөзді бірнеше рет қайталап, дәптерлеріне жазып, мағынасын түсіндіреді) Қорытынды: Қиял – шексіз, ол адамның әр нәрсені ойлап табуға бейімділігі. Арман – адамның болашақтағы қиялының іске асуы. Жақсы қиял ізгі адами қасиеттерден пайда болады. Мысалы: Отанның тыныштығы, өмірдің қызықтығы, сәтті, бақытты болуы. Әр адамның қиялы әр түрлі және ол шексіз. Қиял адамның ойын, болашаққа деген көзқарасын өзгертіп, дамытады. |
|
|
Әңгімелеу Ана қиялы Аңыз Баяғы өткен заманда, бір елді мекендегі сұрықсыз, жұпыны үйде екі баласымен жалғыз ана тіршілік етіпті. Ана өте өнерлі, ісмер болыпты. Ол үнемі кестелеп орамал тоқып, соны ас – суға айырбастап күндерін көріпті. Аналарының алып келген тамағына мәз болған балалар да уайымсыз өмір кешіпті. Балалар да ер жетеді. Ана қартаяды, кестелеуге қолдары илікпей, көз жанары да тацып, иқалжырай бастағаны болатын. Күндегі әдетінше кестелеп тіккен орамалын алып базарға келеді. Бұйымын қажетті заттарға айырбастамақ боп, базар аралап жүріп, бір кісінің сурет салып отырғанын көреді. Суреттегі әдемі бау – бақшалы, шатырлы әсем үйлер, ғимараттар жанында ерекше сымбатты киініп, қолдарына кітап ұстаған адамдар анаға үлкен әсер қалдырады. Суретке әлсін – әлсін қарап таңданады. Суретшінің қиялына дән риза болады. Өмірді де осы суреттегідей әлемнің болатынына сеніммен қарап, оны өзінің бұйымына айырбастап алады. Жолда келе жатып, осындай зәулім үйде өзінің шеберханасының болуын, онда әдемі, онда әдемі, асыл бұйымдарды әрі көп, әрі жылдам дайындауды, балаларының да суреттегі адамдардай оқымысты болып, ұқыпты да әдемі киініп, көліктермен жүруін қиялдайды. Ана қиялдарын ұлдарынан жасырмайды. -Бізде сондай күнге жетер ме екенбіз? – деп балаларына күрсіне қарады. -Егер бәріміз бірлесіп, жұмыс істеп, тіршілік жасасақ, ол күнге де жету қиын болмас, - деп балалары аналарын жұбатқандай болды. Анасының қиялын шындық өмірге айналдыруға екі ұлын бар күштерін жұмсайды. Ертемен тұрып, жер жыртып, астық егіп қаржы жинайды. -Қиял – адамның шексіз ойы. Қиялсыз өмір болмайды. Адам өзінің талабы, еңбегі, білімі арқылы қиялындағы арман – ойларын іс жүзіне асыра алады. Адам қиялының жақсы ниеттен туындауы, оның рухани дүниесінің тазалығына байланысты. Сұрақ: -Ана өз арманын балаларына қалай жеткізді? -Қалай ойлайсыңдар, ананың арманын қалай жүзеге асыруға болады?
|
|
|
Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс. «Менің жарқын болашағым» сурет салу.
Қорытынды: Өзіне – өзі сенімділік, адамдарға деген сүйіспеншілік, табандылық, еңбекқорлық қасиеттері адамның өз арманын жүзеге асыруына көмектеседі. Арман ақ ниетке, адал пейілге негізделіп, өзгелердің мүддесіне сәйкес болса, адамға қанат бітіреді. |
|
|
Топпен ән айту. ЕРТЕГІЛЕР ӘЛЕМІ Сөзі, әні Е. Елгезековтікі Ғажайып түс көрдім, Таң ата мен бүгін. Ертегі әлемнің қызығында жүрдім. Нұрына шомылдым бүгін. Жұлдыз, айы – көркем, Әдемі еді неткен!
Құстары сөйлейді, Бұлттар тербейді, Мен оянып кеттім, әттең! Ертегілер, ертегілер, Неге мені ертпедіңдер?! Әлемдеріңнің ғажап күйін Шертпедіңдер, сендер...
Гүлдерден, бұлттардан, Әр гүлде бір арман. Таусылмайтын тәтті, Сый әкеліп жатты Жан біткеннің бәрі маған. Ертегілер, ертегілер, Неге мені ертпедіңдер?! Әлемдеріңнің ғажап күйін Шертпедіңдер, сендер... |
|
|
Үй тапсырмасы. «Ана қиялы» аңыз әңгімені оқып, түсінік айту. |
|
|
Соңғы тыныштық сәтi. Балалар ішкі тыныштығымызды жүрегімізде сақтап, өз ойымыз, ісімізбен сөзімізге сенімді болып, ешкімге қиянат жасамай, дұрыс әрекет етіп, отбасымызды, бүкіл адамзатты риясыз сүйіспеншілікке бөлейік. Бүгінгі сабақтан алған әсерлерімізді жүрегімізге орналастырайық. Тыныштық, тыныштық, тыныштық, тыныштық бар жерде, тыныштық, тыныштық, тыныштық, тыныштық бүкіл әлемде. |
|

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген