400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сабақ жоспары "Қос сөздер" 3 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Қос сөздер
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тексерілді:

Қысқа мерзімдік жоспарлау


Пәні: қазақ тілі

Сабақ тақырыбы: Қос сөздер

Күні:

Сынып:

Мұғалімнің есімі:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары)

Сөйлемнен ішінен бір сөздің қайталануы арқылы және екі түрлі сөздің қосарлануы арқылы қос сөздерді табады. Оқушылар топпен жұмыс істейді, логикалық ойлау қабілеттерін дамытады.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: Сөздер туралы біледі

Оқушылардың басым бөлігі: Сөздер жазуды біледі.

Кейбір оқушылар:Қос сөздерді таба алады

Тілдік мақсат

Оқушылар істей алады: білгендерін қолданып, шығармашылық тапсырмаларды орындай алады.

Негізгі сөздер мен тіркестер:

Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер: сөз,сөйлем,сөз тіркесі

Талқылауға арналған тармақтар: Сөз дегенде нені түсінесіңдер?

Сіз неліктен ... екенін айта аласыз ба? Сендер қандай сөздер білесіңдер?

Жазылым бойынша ұсыныстар: мазмұндама жазады

Алдыңғы оқу

Мазмұндама. «Аяқталмаған ойын»

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз)

Ресурстар

Басталуы

ББ кестесін толтыру

ББ кестесі

Ортасы

Кейбір сөздер екі сөздің қосарлануы арқылы жасалады. Оларды қос сөздер дейміз. Жазуда қос сөздің арасына дефис (-) қойылады: қора - қора, бүгін - ертең, әке - шеше, үлкен - кіші, алыс - жақын. Оқулықтағы тапсырмаларды орындау.

Берілген жаттығуларды топтарға бөліп орындау.

Қосымша шығармашылық тапсырмалар.

Терме диктант.
Қос сөздерді теріп жазу.
Түйеқұс, ата - ана, үйір - үйір, қосаяқ, бала - шаға, алабота, анда - санда, Темірқазық, жалт - жұлт.


Оқулық

А4 қағаз

Диктанттар жинағы

Аяқталуы

Кеспе қағаздармен жұмыс
1 – тапсырма Өлеңнен қос сөздерді тап.
Көк құтандар көлбеңдеп
Көтеріле алмайды
Жалғыз - жалғыз ербеңдеп
Көк қояндар зулайды.
2 – тапсырма Мақалдан қос сөздерді тап.
Көре - көре көсем болады,
Сөйлей - сөйлей шешен болады.
3 – тапсырма Осы өлеңнің ішінен қос сөздерді тап.
Сеңгір - сеңгір таулардан
Секіріп Бурыл гуледі.

Жұмбақтар сайысы.
1. Қабат - қабат киінген
Төбеден шашы түйілген
Жеп көріп ем өзінен
Жас шығарды көзімнен (Пияз)
2. Жерге тырс - тырс тамады,
Сайға қарай ағады.
Шешуін кім табады? (Жаңбыр)
Үш топқа үш тапсырма
Берілген сөздерден қос сөздер жасау.
1 - топ ---------------- 2 - топ ----------------- 3 - топ
Дұп - дұрыс -------- қап - қара ------------- сап - сары
Қып - қысқа -------- тәп - тәуір ------------- шоп - шолақ
Қып - қызыл ------- моп - момақан ------- сүп-сүйкімді

Кеспе қағаздар

дәптер

Қосымша ақпарат : мазмұндамалар жинағы,журналдар

Саралау – Сіз қосымше көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау – оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Панаралық байланыс. Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері. АКТ-мен байланыс. Құндылықтардағы байланыс

Деңгейіна қарай тапсырмалар беремін.

Ұпайлармен бағалау.

Қазақ тілі,дүниетану.

Рефлекция.Сабақ/оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен? Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білді?




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
27 желтоқсан
707
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі