жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
сабақ жоспары "Қос сөздер" 4-сынып
4-сынып
Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Қос сөздер
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Қос сөздер туралы түсінік қалыптастыру. Қос сөздердің жазылу ерекшеліктерін
меңгерту.
Дамытушылығы: Оқушылардың ой өрісін дамыту, өз ойын еркін жеткізуге баулу, жүйелі
түрде жеткізуге дағдыландыру, белсенділік қабілетін дамыту.
Тәрбиелігі: Оқушыларды қауымдасып жұмыс істеуге, бірінің сөзін бірі зер салып тыңдауға,
батыл сөйлеуге, тиянақтылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: Талдау, түсіндіру, жинақтау, сұрақ-жауап.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың көрнекілігі:Сызба, суреттер, қима қағаздар, слайдтар.
Сабақтың пәнаралық байланысы: Дүниетану, математика, музика, ана тілі.
Қолданылған технология: Сын тұрғысынан ойлау.
Сабақтың барысы: 1. Ұиымдастыру кезеңі.
а) Психолагиялық ахуал.
«Жылы лебіз» тренингін жүргізу
Армысың Алтын күн!
Армысыз, Қонақтар!
Армысыз, Достарым!
Сіздерді көріп қуанам .
Жылуыма жылу қос,
Міне, менің алақаным.
Мұғалім. Жарайсыңдар,
Ал, енді қазір жылдың қай мезгілі?
Оқушылар: Қыс мезгілі.
Мұғалім: Қыс мезгілінде әртүрлі табиғат құбылыстары болады. Бұл күніжаңбыр жауса, бір күні блран соғып, аяз болады. Бір күні күн бұлттанса, бір күні қар жауады. Олай болса сол табиғат құбылыстарының ішінен бізқар, бұлт, жаңбыр деп 3топқа бөлінеміз.
Оқушылар қардың, жаңбырдың, бұлттың суреттерін таңдау бойынша 3 топқа бөлінеді.
1-топ қар.
2-топ жаңбыр.
3-топ бұлт.
Мұғалім: Топ басшыларын сайлап алайық.
1-топ. Аман Айдос.
2-топ. Амирали Дулат.
3-топ. Акимбаев Ерасыл.
Мұғалім: бүгін кім кезекші екен?
Нұрдәулет: бүгін желтоқсан айының он екісі
Тізім бойынша 19 оқушы. 1еуі жоқ. Тұрар Жалғас- себепті
Мұғалім: Бүгін кім кезекші екен?
Нұрдәулет: Бүгін желтоқсан айының он екісі. Тізім бойынша 19 оқушы. Біреуі жоқ. Тұрар Жалғас
себепті.
2.Өткен сабаққа кері байланыс жасау.
Үйге: 48-жаттығу берілген. Ребусты шешіп, Тауешкі сөзінеәңгіме құрастыру.
3. байланыс Сұрақ қойып жауап алу.
Кубизм әдісі бойынша: Дөңгелекшелерді әр топқа лақтыру. Онда сұрақтар жазылған.
1-топ. Біріккен сөз дегеніміз не? Мысал келтір. Дәлелде.
2-топ. Біріккен сөздерді ата.
3-топ. Біріккен сөздер қалай жазылады.
4. Мұғалім: Бейнетаспаға көңіл аударайық. Бейнетаспадан 5-6 сурет кезектесіп көрініп отырады. Онда көп қойлардың, киіз үйлер, халық, түйе т.б.
49-жаттығу. Өлеңді оқы.
Қара –қара қой жатыр
Қарын-қарын май жатыр
Түйе-түйе жүн жатыр
Ауыл-ауыл ел жатыр.
Ахмет Байтұрсынұлы.
-
Күрделі сөздерді тап. Олардың қалай жасалып тұрғанын байқа мағынасын түсіндір.
-
Күрделі сөздің бір сыңарын алып таста айтып көр. Сонда нені байқадың?
Мұғалім: Өлеңнің авторы туралы топтық жұмыс жүргізейік.
1-топ. Ахмет Байтұрсынұлы кім?
Постерге түсіріңдер.
ақын ғалым
Ахмет Байтұрсынұлы кім?
![]()
Тұңғыш «әліппе» Қостанай обылысында ағартушы
2-топ Ахмет Байтұрсынұлының қандай шығармаларымен таныстық және қандай кітаптары бар?
Маса Екі шыбын
![]()
Ахмет Байтұрсынұлының шығармашылығы, еңбек-тері, кітаптарының аты.
Қырық Аққу, Шортан,
Мысал Шаян
![]()
![]()
Тіл тағылымы Мен қалай Оқуға шақыру
оқуға бардым?
3-топ. Ұстаз туралы бес жолды өлең жазу.
1. Зат есім Ұстаз.
2. Сын есім. Ақылды , мейірімді, білімді.
3. Етістік. Оқытады, үйретеді, түсіндіреді.
4. Сөйлем құрау. Ол мейірімді адам.
5. Түйіндеме. Адам.
49-жаттығудағы қора-қора,қарын-қарын,түйе-түйе, ауыл-ауыл сөздері арқылы қос сөзді түсіндіру
Жаңа сабақ.
Күннің жадысын жазу
Жаңа тақырыпты ашу.
Ережемен жұмыс.
Оқулық( ережемен жұмыс) Ережені оқушыға оқытып, жаттап алуды ескертемін.
50 Мақалды оқып, жатқа жаз.
Көре-көре көсем боласың,
Сөйлей-сөйлей шешен боласың.
-
Қос сөздердің астын сыз.
-
Қос сөздердің бір сынарын алып тастаса, сөйлем мағынасында қандай өзгеріс болады?
Топтық жұмыс кубизм әдісі
1-топ. Мақал дегеніміз не?
2-топ. Жаңылтпаш дегеніміз не?
3-топ . Мәтел дегеніміз не?
Сергіту сәті.
51 Қос сөздерді оқып шығып, көшіріп жаз.
Биік-биік, ыдыс-аяқ, кіп-кішкене, көйлек-көншек, анда-санда, қарқ-қарқ, жап-жасыл.
-
Қос сөздердің құрамындағы сөздерге назар аудар.
-
Өзің қалаған қос сөздерді қатыстырып бірнеше сөйлем құра.
Кластер әдісі бойынша.
1-топ. Биік-біиік,кіп-кішкене,
2-топ. Ыдыс- аяқ, қарқ-қарқ.
3-топ. Көйлек-көншек,жап-жасыл.
52 Қарама жазылған сөздерді қос сөзге айналдырып, сөйлемдерді көшіріп жаз.
1.Балалар қардан аққала жасап ойнап жүр. Үсті-бастары қар. 2. Биік таулар алыстан көз тартады.
3. Айгүлдің шашы желмен желп етті. 4. Жанат бұғн қуана келісті.
-
Қос сөз сөйлемге қандай мғына үстегенін байқа.
-
Қос сөзді құрап тұрған сыңарларды салыстыр.
53 Жұмбақты шешіп, шешіуіндегі сөзбен сипаттау мәтінін құрастыр.
Бұл не деген көп киім,
Жетпіс қабат көк киім,
Жаңбыр одан өтпейді,
Қабат-қабат тоны бар,
Түймелеуге жетпейді.
-
Жұмбақтың шешіуіндегі сөз күрделі сөздің қай түрі?
Топтық жұмыс.
1-топ. Мәтін.
Екі немесе оданда Әңгімелеу
көп сөйлем құрал
Мәтін
![]()
![]()
Пайымдау Сипаттау Мәтінге ат қоюға болады
Бұл мәтінге жатама?
2-топ. Айгүл мектепке барды. Самат спортпен шұғылданғанды жақсы көреді. Бұлбұл орманда сайрайды.
3-топ. Орамжапырақ сөзіне сипаттау мәтінін құру.
Орамжапырақ бақшада өседі Оның жапырақтары кезектесе,тығыз орналасқан. Жапырағының түсі жасыл болады. Гүлі ақ, қызғылт сары, көк түсті болады. Орамжапырақтың құрамы дәрумендерге өте бай.
Оранып көп жапыраққа
Өсіп жатыр атырапта
Үнемі қарап жүремін
Сүйсініп оған таңдана.
Рефлекция. Семантикалық карта.
Сөздердің біріккен немесе қос сөзге жататынын анықтау.
Үйге тапсырма: 6 сөйлем жазу. Қос сөздер болуы керек.
Бағалау:

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген