400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сабақ жоспары: "Қосылыстың салыстырмалы молекулалық массасын формула бойынша есептеу."

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге қосымша материал.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі:

7.3 С Салыстырмалы атомдық масса және қарапайым формула.

Мектеп: №4 Ю.А.Гагарин атындағы орта мектеп

Күні:16.06.2017 ж

Мұғалімнің аты-жөні: Нұғыманова А.Т.

Сынып: 7

Қатысқандар саны: қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы: Қосылыстың салыстырмалы молекулалық массасын формула бойынша есептеу.

Оқу мақсаты

7.1.2.12 Зат формуласы бойынша салыстырмалы молекулалық массасын есептеу.

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар білу керек:

  • Элементтерден формула құра алады

  • Формуланың атын оқиды

  • Салыстырмалы молекулалық массасын есептейді

Көптеген оқушылар білу керек:

  • Күрделі заттардың молекулалық массасын, элементтердің массалық үлестерін есептейді

Кейбір оқушылар білу керек:

  • Күрделі заттардың массалық үлестерін есептейді

Бағалау критерийі

Оқушы оқу мақсатына жетеді, егер:

  • Химиялық қосылыстың формуласы бойынша оның салыстырмалы молекулалық массасын, массалық үлестерін есептейді.

Тілдік мақсаттар

Екі немесе одан да көп элементтерден тұратын қосылыстардың молекулалық массасы туралы білімдеріне сүйене сипаттай алу керек

Пәнге қатысты лексика мен терминология

Салыстырмалы атомдық масса, молекулалық масса,массалық үлес, қосылыстар, есептеу

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер

Бұл не/осы қосылыс формуласын қалай жазуға болады?

Бұл ...болуы керек, (себебі)...

Молекулалық массаны қалай есептеу/не нәрсе?

Біріншіден біз қосамыз/көбейтеміз..., себебі…

Құндылықтар

Қарым – қатынас жасау қабілеті, өзгелердің мәдениетіне және көзқарастарына құрметпен қарау

Пәнаралық байланыс

Математика

Алдыңғы білім

Химиялық элементтердің периодтық кестесі

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтың жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

(5 мин)


Мұғалім оқушыларға сұрақтар қою арқылы береді.

1.Заттың химиялық формуласы нені көрсетеді?

2.Химиялық формуладағы индекс нені көрсетеді?

3.Валенттілік дегеніміз не?


Сабақтың ортасы (2 мин)

Мұғалім оқушыларды үш топқа бөледі. Период нөмірлері жазылған түрлі – түсті қағаз қиындылары арқылы топқа бөлінеді.

Интербелсенді тақта


(15 мин )












































(5 мин)











Топтық жұмыс

1.Молекулалық массаны есептеу. Молекулалық массаны есептеу үшін заттың формуласындағы әр элементтің атомдық массаларының қосындысын индекстерді ескере отырып, есептейді Mr (АхВу) = (x*Ar (A))+ (y*Ar (B))

Мысалы: Mr (О2) = 16*2=32

Mr (СО2) = 12+(16*2) =44

Mr (CaCO3) =40+12+(16*3)=100


Мына заттардың молекулалық массаларын есептеңдер:

1 топ.

Mr (H2O) = Mr (P2O5) =

Mr (NO2) = Mr (Na2O) =

Mr (H2S) = Mr (AL2O3) =

2 топ.

Mr (CH4) = Mr (ZnO) =

Mr (СuО) = Mr (FeS) =

Mr (Na2S) = Mr (H2SO4) =

3 топ.

Mr (CaS) = Mr (MnCl2) =

Mr (К2О) = Mr (Ag2O) =

Mr (Fe2O3) = Mr (MgN2) =

2. Элементтердің массалық үлестерін есептеу. Элементтердің массалық үлесін w (омега) есептеу үшін молекулалық массасын есептеп, элементтің атомдық салыстырмалы массаны молекулалық массаға бөліп, 100-ге көбейтеміз:

w= Ar ⁄ Mr * 100%

Mr (Fe2O3) = (56*2) + (16*3) = 112+48=160

w (Fe2)= 112 ⁄ 160 * 100%=70

w (O3)=100-70=30

1 топ AL2O3 ; СО

2 топ CH4; P2O5

3 топ FeO; CaCl2


Бағалау критерийі

Дескриптор

формула арқылы молекулалық массаны , массалық үлесті есептейді, массалық үлестері формуласын біледі

  • Молекулалық массаны есептей алады

  • Күрделі заттардың элементтердің массалық үлестерін есептей алады.

Қалыптастырушы бағалау: Өзара бағалау


Жұптық жұмыс

3.Семантикалық карта:

Химиялық формула

Заттың аталуы

Салыстырмалы молекулалық массасы

1.

Натрий оксиді


2. LiOH



3.


98

4. CaCO3



5.

Калий хлориді


6.


44

Қалыптастырушы бағалау: Ашық микрофон әдісі












Интербелсенді тақта

Карточка арқылы































Интербелсенді тақта









Сабақтың соңы

(5 мин)




(8 мин)









(5 мин)


4.«Аквариум» әдісі

Келесі сұрақтар бойынша оқушылармен әңгімелесу.

1.Молекулалық масса деген не?

2.Молекулалық массаны қалай есептейді?

3.Заттағы элементтің массалық үлесін қалай есептейді?

5.Топтық жұмыс. Шығармашылық жұмыс.

Молекулалардың модельдерін құрастыруға арналған жиынтықтарды пайдаланып, келесі қосылыстардың формулаларымен молекула модельдерін құрастырыңдар.

Жұмыс ақталған соң топтағы бір оқушы тапсырманы орындағаны жөнінде есеп береді және сынып оқушыларымен бірге қателерді талдайды.

Қалыптастырушы бағалау: Ойлан – жұптас - бөліс


Оқушылардың бүгінгі сабақтан алған әсерін ББҮ кестесі бойынша толтырады. (кері байланыс)

Білемін

Білгім келеді

Үйрендім




«Кемпірқосақ»

Shape1

Қызыл-толықтай түсіндім

Сары-түсінуге жақын,аздап білдім

Жасыл-түсінбедім, сенімді емеспін

Үйге тапсырма. 7.1.2.12


Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы


Барлық, көптеген, кейбір оқушыларға тапсырмаларды беруді мақсат құрып, сабағымның мақсатын сараладым, берілген тапсырманы оқушы деңгейіне қарай алға жетелеуге бағыттап, тапсырмамды сараладым, дерексөздерді сараладым – оқушының ішкі уәжін нығайтып креативті тұлға қалыптасады, бағалауды сараладым – оқушылар өзіне баға беру арқылы өзіндік сенімі артады.

Бұл сабақта бағалау химиялық формулаларға қажетті түсініктерді еске түсіру үшін сұрақтар қою кезінде , топқа бөлу, топтық және жеке жұмысты орындау барысында өзара бағалау, ашық микрафон тәсілі, кері байланысқа кемпір – қосақ тәсілі жүргізіледі.

Оқушылар қарым – қатынас жасау қабілетін, өзгелердің мәдениетіне және көзқарастарына құрметпен қарайды.

АКТ-мен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік ережесін сақтау

Сабақ бойынша рефлексия


Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Оқу мақсатыма сай сабақ мақсатын SMART форматында құрдым.

Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Оқушыларым оқу мақсатына қол жеткізді, түрлі әдіс тәсілдерді пайдалану арқылы

Жеткізбесе, неліктен?

-

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабағымда саралау дұрыс жүргізілді деп есептеймін, 1-ден сабағымды сараладым барлық, көптеген, кейбір оқушыларға тапсырмаларды беруді мақсат құру арқылы,

берілген тапсырманы оқушы деңгейіне қарай алға жетелеуге бағыттап, тапсырмамды сараладым, дерексөздерді сараладым – оқушының ішкі уәжін нығайтып креативті тұлға қалыптасады, бағалауды сараладым – оқушылар өзіне баға беру арқылы өзіндік сенімі артады.

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

әрбір тапсырмама сай уақыттық кезеңдерді сақтадым

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Сабақ жоспарында ешқандай ауытқулар болған жоқ.

Жалпы баға


Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:


2:


Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:


2:


Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?




































































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
19 қараша
609
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі