Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы.
Білім беру саласы: «Шығармашылық»
Ұйымдастырылған оқу қызметінің бөлімі: «Аппликация»
Тақырыбы: «Қоян»
Мақсаты: Балаларды қоянмен таныстыра отырып, оның түрі,түсі, орманда өмір сүретіні жайында айтып түсіндіру, қыс мезгіліне тән негізі белгілерді, қыстағы табиғат көріністерін атау,жалпы жабайы аңдар туралы айту арқылы балалардың ой-өрісін дамыту,қоянды жапсыру жолдарын көрсету арқылы қолдарын жаттықтыру.
Әдіс-тәсілдер: әңгімелеу, көрсету, жапсыру,түсіндіру, сұрақ - жауап, ойын.
Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар: шаттық шеңбері.
Қажетті көрнекі құралдар: Теледидардан қыс көріністерінің суреттерін көрсету, жабайы аңдардың ойыншықтары,жапсыруға арналған құралдар.
Биллингвальді компонент: қыс-зима, қоян-заяц.орман-лес
|
Іс-әрекет кезеңдері |
Тәрбиешенің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
|
Себепті қызығушылығын ояту кезеңі
|
Шаттық шеңбері: Қол ұстасып бәріміз, Жылылықты сезейік Шуақ шашқан күндей боп, Күлімсіреп жүрейік-дегім келеді. Таңғажайып сәт: -Балалар дөңгелене шеңбер жасап тұрады. Ал балалар бәріміз теледидарға қарайықшы. -Қандай жыл мезгілін көріп отырсыңдар? - Қысқы ауа-райының белгілерін білеміз бе? - Қыс мезгілінің ерекшелігін айтайық. Қар жауады,күн суық. Аспанды бұлт басқан. Аяз болады. Адамдар жылы киінеді. -Енді балалар бәріміз көзімізді жұмып,өзімізді орманда жүргендей елестетейік. Орман қандай түске енген? -Жерде не жатыр? -Ағаштардың басын не жапқан? -Жарайсыңдар, балалар енді көзімізді ашайық. -Балалар сендер қысқы орман туралы өте жақсы жауап бердіңдер. -Орманда қандай аңдар өмір сүреді? Осы орманда өмір сүретін аңдарды қандай аңдар деп айтамыз? -Қандай аңдар қыс мезгілінде ұйқыға кетеді? -Өте жақсы, енді мына жерге назар аударайық, қысқы орманның көрінісін қарап ,онда өмір сүретін аңдармен танысайық. -Жақсы, енді қазір ормандағы «Аңдардың ізі» туралы ойын ойнаймыз. Ойынның шарты: мына орманда аңдардың жүріп қеткен іздері қалған, ненің іздері екенін тауып айтайықшы. (Тәрбиеші аңдардың аттарын сұрау арқылы іздерді айтады). -Осы аңдардың ішіндегі қандай аң-қорқақ. -Иә балалар қоян қорқақ екен. -Қоянның түсі қандай? |
Балалар тәрбиешінің айтқаны бойынша қимылмен жасайды. Қол ұстасып бәріміз, Жылылықты сезейік Шуақ шашқан күндей боп, Күлімсіреп жүрейік-дегім келеді. -Балалар қыс мезгілінің ерекшеліктері туралы толық сөйлеммен жауап береді. Балалар тәрбиешінің айтқанындай көздерін жұмып отырады да, сұрақтарға толық жауап береді. -Орманда өмір сүретін аңдарды-жабайы аңдар деп атаймыз. -Аю,борсық қыста ұйқыға кетеді. -Қыста басқа аңдардан қорғану үшін түсін өзгертеді. |
|
Ұйымдастырушылық ізденіс кезеңі
|
-Не себептен қоян түсін өзгертеді ? -Иә, балалар қоян қорқақ,сондықтан да қыста түсін ақ түске өзгертеді екен. -Қоян қыста үйілген маялардың түбінде ,не ағаш қуыстарында қыстайды. Қорегі –түрлі шөптер, ағаш қабықтары. Ол жылы тонының арқасында суыққа тоңбайды. Қыста ақ тон киіп, ал жазда қоңыр тонын киеді. Өзі қорқақ, сәбізді, қырыққабатты жақсы көреді. -Қане бүгінгі жаңа сөздерді айтып үйренейік: -Қоян-заяц, орман-лес. Сергіту сәті: Теледидардан физминутка - Жарайсыңдар балалар, енді біз осы өлеңдегі қоянды ақ қағазға жапсырып көрейікші. -Балаларға қоянның жапсыру тәсілін үйрету, жапсыру технологиясын түсіндіру) - Енді сендер мына суретке қараңдаршы ненің суретін көріп тұрсыңдар? - Дұрыс айтасыңдар балалар. Бұл қоянның суреті екен. - Қоян нені жақсы көреді? - Қане Бақтияр сен айтшы қоян нені жақсы көреді екен? - Басы қандай балалар? - Ал енді денесіне қараңдаршы, денесі қандай пішінді? - Денесінде несі бар? - Балалар сендер өте жақсы біледі екенсіңдер, біз бұл қоянды бұрыннан білеміз, қояндар орманда болады, ал үйде де асырауға болады екен. Қоян өте сақ, елеңдеп жан - жағындағы дыбыстарды тыңдап, және өзі өте қорқақ, үркіп отырады екен. - Сендер осы қоян туралы өлең білесіңдер ма? Үркек қоян, сақ қоян, Естіп қалып сыбдырды. Ойлы - қырлы жерлермен, Ытқып - ытқып жүгірді. Қарап еді артына, Қиығын салып көзінің. Келе жатқан томпаңдап, Көжегі екен өзінің. |
-Қоян-заяц, орман-лес,қыс-зима. -Қоянның суретін көріп тұрмыз. -Сәбізді -Басы дөңгелек пішінді -Денесі сопақша пішінді. Ал, кәнеки көжектей. Ырғып – ырғып қашайық Қолымызды созайық, Түрлі қимыл жасайық. Үркек қоян, сақ қоян, Естіп қалып сыбдырды. Ойлы - қырлы жерлермен, Ытқып - ытқып жүгірді. Қарап еді артына, Қиығын салып көзінің. Келе жатқан томпаңдап, Көжегі екен өзінің. |
|
Іс-әрекеттің бағалау кезеңі
|
-Балалар сендер теледидардан қандай жыл мезгілі туралы көрдіңдер? -Қысқы орманда қандай аңдар өмір сүреді екен? -Қоян қандай аң? - Сендерге оқу қызметі ұнады ма?Топта нені жапсырдыңдар? - Балалар, сендерге көп - көп рахмет! -Балалар сендер бүгінгі оқу қызметіне жақсы қатыстыңдар. |
-Қыс мезгілі туралы. - Иә ұнады. -Қоянды жапсырдық. |
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: Жалпы ормандағы жабайы аңдар,қоян туралы бәледі
Қандай түсініктерді меңгерді: Қыс мезгіліндегі ерекшеліктер туралы меңгерді.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Топта қоянды жапсыру дағдысын меңгерді.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Сабақ жоспары: "Қоян"

шағым қалдыра аласыз