Сабақтың
тақырыбы: Құдайы
қонақ
Сабақтың
мақсаты: Оқушыларды
мәтін мазмұнымен таныстыру. Мәтін идеясын ұғынуға ықпал
ету.
Оқушылардың жеке тұлға ретінде өзіндік
пікірін айта білуге, көркем сөйлеу тілін , ой өрісін
дамыту.
Салт дәстүрді сақтауға , үлкенді құрметтеуге,
оның қадірін білуге
тәрбиелеу.
Сабақтың
көрнекілігі: Жазушының суреті,
суреттер
Сабақтың түрі
: жаңа
сабақ
Сабақтың
әдісі:Ребус. Бес жолды
өлең
Сабақтың
барысы:
Психологиялық дайындық : Балалар бір-біріне
бүгінгі сабаққа сәттілік
тілейді.
Үй тапсырмасы
«Ұяшық
ашу»
-Айтылған оқиға Қазақстанның
қай аймағында болған?
- Мәтіндегі ең өкінішті
сәті?
-Қарт диқан неге
кейіді?
-Қарт диқанның арманын кім
орындады?
-Мәтінді қай шығармамен байланыстыруға
болады? Неге?
-Аграном қандай
мамандық иесі?
-Күрішті өлке
деп қай елді атауға болады екен?
-Кетпенді неге
ешкім алғысы келмеді?
-Адамдар неге
өкінді?
-Ыбырайдың
арманын кім орындады?
-Мәтінді қай
шығармамен байланыстыруға болады? Неге?
Оқушылардың
жауаптары тыңдалады
Жаңа
сабақ:Ребус
шешу
,, ,,
қ
Демек балалар ребустан қандай сөз шықты
қонақ. Олай болса бүгінгі өтетін сабағымыздың тақырыбы Құдайы қонақ
деп аталады.Құдайы қонақ туралы авторымыз не
жазыпты. Алдымен біз
автормен танысып алайық сосын мәтінмен
танысамыз

Нысаналин Аян
1942 жылы 1 наурызда Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек ауданы
Жетімтау ауылында дүниеге келген.Балалар
сендердің үйлеріңе де қонақтар келіп тұрады ма?Олай болса қонақ
дегенде сендерге қандай ой келеді?
Топтастастыру
құруКөңіл күй.
Сыйлықтар. Тәтті тағамдар. Тазалық.Ал қандай қонақ түрлерін
білесіңдер?
1.Арнайы қонақ Арнап дайындалып
шақыртумен келген қонақ
2.Құдайы қонақ Аяқ астынан келіп
қалған қонақ
3.Қыдырма қонақ Үйге келген
қонақпен еріп жүретін қонақ
4.Қылқыма қонақ Келген қонақпен
еріп келетін қонақ
5.Құтты қонақ Арнайы шақыртумен
келетін қадірлі қонақ
Балалар
сендер қонақ туралы мақал- мәтелдер
білесіңдерме? Олай болса мақалдың аяғын жалғастырып
айтамыз
1Жаман үйдің қонағы
...........
Қонақ асына емес
.....................
Қонақ бір күн қонса
құт, ................
Қонақтан аяғаның
...............................
Қонақ аз отырып,
...............................
Қонақ қонса ет
пісер, ..............................
Қонақ алдымен қабағыңа
қарайды........................
Сергіту сәті:
Мақалдар
«Қонақ келсе, ер жігіт құт
келеді» дейді Махмуд ҚашқариМәтінде кім қонақ
болып келеді екен ?
Қажы Мұқан
Мұңайтпасұлы — Қазақ халқының тарихындағы тұңғыш
кәсіпқой балуан. Тұтас ғұмырын күрес өнеріне арнап,
ұланғайыр жері мен өршіл халқын бірінші болып өзге жұртқа паш
еткен, өзінен бұрынғы қандастары баспаған топырақты басып, көрмеген
елді көріп, өзге қазақ тақпаған алтын, күміс медальдарды мойнына
тұңғыш ілген Қажы Мұқан
бабамыз.
Тарихи деректерге сүйенсек ол 1871 жылғы 7
сәуірде Ақмола уезі, Сарытерек болысына қарасты Жәдік деген жерде
дүниеге келген

Олай болса оқулықпен жұмыс жасаймыз.
Мәтінді екі бөлікке бөліп оқу мазмұнын айту . Оқушылар
бір-біріне сұрақтар қояды.Оқушылардың жауаптары
тыңдалады
Оқулықпен жұмыс
: оқушылар оқулықтан мәтінді
оқиды.
Топтық жұмыс
:
Әр топқа сұрақтар салынған түрлі түсті шарлар
таратылып беріледі.
1-топ Құдайы қонақты көрген сәттен бастап баланы
қандай сезім биледі?
2-топАсылмұраттың өмір жолына болашағына құдайы
қонақтың келуі қалай әсер етті?
3-топ
Қажымұқанға сипаттама
бер
4-топҚонақ сөзіне бес жолды өлең
жаз
Дәптермен жұмыс : Оқулықтағы сөздіктерді
жаздыру
Ал балалар енді қонақ туралы ырым сөздер
білесіңдерме?
Қонақ келгенде есікті үй иесінің өзі ашады.
Ал қонақ шығарда есікті үй иесі ашпайды, қонақтың өзі ашып
шығады.
Неге? Өйткені қонақ келгенде құт бірге
кіреді ,ал кетерде үй иесі есік ашып берсе құт та әлгі кісімен
бірге кетеді деп ырымдаған
Оқушылардың жауабы
тыңдалады
Қорытындылау: «Сұрақтар
бұрқасыны»
Мәтін не
жайлы?
Айтылған оқиға Қазақстанның қай аймағында
болған?- Мәтіндегі ең өкінішті
сәті?
-Қарт диқан неге
кейіді?
-Қарт диқанның арманын кім
орындады?
-Мәтінді қай шығармамен байланыстыруға
болады? Неге?
-Аграном қандай
мамандық иесі?
-Күрішті өлке
деп қай елді атауға болады екен?
-Кетпенді неге
ешкім алғысы келмеді?
-Адамдар неге
өкінді?
-Ыбырайдың
арманын кім орындады?
-Мәтінді қай
шығармамен байланыстыруға болады? Неге?
Оқушылардың
жауаптары тыңдалады
Үйге тапсырма: Мәтіннің мазмұнын айту
Бағалау
Кері
байланыс:
Бағдаршам (тақтаға іледі)Жасыл
түсі – білдім, үйрендім
Сары
түсі –қиындықтар кездеседі, бірақ жеңе білдімҚызыл түсі – түсінбедім,
Үйренбедім
Бағалау:
Марапаттау.