400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сабақ жоспары, Құқық негіздері "Қазақстан Республикасы азаматтық жəне отбасы құқығының негіздері"

Материал туралы қысқаша түсінік
Негізгі кəсіптік білім беретін оқу орындарына, сабақ құрылымының қай бөлімі қанша уақытта жүзеге асырылуы қажет екендігі көрсетілген
Материалдың қысқаша нұсқасы

№__ Сабақ жоспары

Пәні Құқық негіздері

Оқытушы Устенов Б.

Сабақтың өтілу күні________________

Сабақ тақырыбы Қазақстан Республикасының азаматтық және отбасы құқығының негіздері

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Қазақстан Республикасының азаматтық және отбасы құқығының негіздерін түсіндіру.

Дамытушылық: алған білімдерін оқулықпен , карточкалар, электронды оқулықтармен жұмыс

істей отырып, ойлау, есте сақтау, сезіну қабілеттеріне жетілдіру.

Тәрбиелік: Құқықтық көзқарастарын қалыптастыру, олардың құқықтық мәдениеттілігін, құқыққа қатынасын ұғындырып. демократиялық түрде ойлап өмір сүруге үйретеді.

Сабақтың түрі _ әңгімелеу, сұрақ- жауап

Сабақ тың типі аралас

Оқыту технологиясы Студенттің өзіндік шығармашылық көтеру

Сабақтың көрнекілігі слайдтар, суреттер

Пәнаралық байланыс тарих, саясаттану


Сабақтың барысы


1. Ұйымдастыру кезеңі Сәлемдесу, түгендеу, оқушылардың сабаққа даярлығы. Студенттердің

көңілін сабаққа бөлу

(5 мин)

2. Үй тапсырмасын тексеру Әкімшілік сыбайлас жемқорлық – құқықбұзушылық ұғымы

(20 мин)

3. Жаңа тақырыптың мақсаты мен міндеттері ЦБР қолдану

4. Жаңа тақырып

(25 мин)

Азаматтық құқықтық мынадай принциптері бар:

Азаматтық құқықтың қатынастарға қатысушылардың теңдігі;

Менщікке жеке басқа заттық құқыққа қол сұқпаушылық;

Шарт еркіндігі;

Жеке істерге кімнің болса да озбырлықпен араласуына жол беруге болмайтындығы;

Азаматтық құқықтарды кедергісіз жүзеге асыру;

Нұқсан келтірген құқықтарды қалпына келтіруін қамтамасыз ету;

Азаматтық құқықты сот арқылы қорғау.

Азаматтық құқық - азаматтық құқық нормаларының тааптарына сәйкес туындайтын жеке бұл нолмаларды тәуелді болатын жақтар арасында қатынастар.

Адамдар өз өміріне жеке әрекет үстінде үнемі әрқилы азаматтық құқық қатынастарына араласып жүргенімен, өздерінің әрекетерінің заң жөніндегі сиптын көбінесе ескере бермейді.

Жеке тұлға-азаматтық құқықтың субьектісі, құқық қабілеттілігі мен әрект қабілеттілігі. Жек тұлға деп ҚР азаматтарын, басқа мемлекеттердің азаматтарын және азаматтығы жоқ адамдарды айтамыз.

Құқық қабілеттілігі ең алдымен толық түрде ҚР азаматтарына беріледі.

Құқық сүбьектілерін сипаттайтын негізі құқық қасиеттері құқық қабілеттілігі болып табылады. Азаматтық құқық қабілеттілігі- азаматтық құқыққа ие болып, міндет атқару қызметі барлық азаматтарға бірдей деп тұжырымдалады.

Құқық қабілеттілігінің теңдігі дегенде заңда бұл орайда ешкімге артықшылық бермейтіндігі ешкімге субъективтік құқық алуға тыйым салмайтындығы тұрғысынан түсінуі керек.

Азаматтық құқық қабілеттілігі оның туған сәтінен басталады,яғни ана құрсағынан тері туып, жеке өзі өмірге келгеннен кейін жеке тұлға болып есептеледі. Құқық қабілеттік-құқық субъектісінің өлуімен бірге қысқарады.

Азаматтардың әрекет қабілеттілігі дегеніміз- азаматтың өз әрекеттерімен азаматтық құқықтарға ие болуға және оны жүзег асыруға, өзі үшін азаматтық міндеттерді жасап, оларды орындалуға қабілеттілігі болып табылады.

Азаматтарды әрекет қабілеттілігі азаматтық құқық қабілеттілігімен ерекшеленеді. Азаматтық құқық қабілеттілігі оның дүниеге келген сәтінен бұл дүниеден озғанша бірге болады. Азаматық әрекет қабілеттілігі үшін оның өз еркімен мүлікті иеленіп оған билік ету немесе өзіне міндеттеме алуға тілек білдіруі қажет. Сондықтанда азаматтық құқық қабілеттілігі оның жасы мен психикалық жағдайына қатысты келеді.

Ол өзіне азаматтық құқық пен міндеттілікті алу үшін калыпты әрі толысқан психикада болуы тиіс. Нәтижесінде құқық қабілеттілігі барлардың бәрі бірдей әрекет қабілеттілігіне ие емес, бір сөзбен айтқанда, азаматта құқық қабілеттілік болғанымен, әрекет қабілеттілігі бір уақыт арасында болмауы мүмкін.

Әдебиеттерде азаматтық әрекет қабілеттілігі толық, інішара (толық емес), әрекет қабілеттілігі әдетті, жасы кәмелетке толмағандарға тән, ал берілетін әрекет ауқымы олардың жасына байланысты. Заң мұндай тұлғаларды екі топқа бөледі:

а) жасы кәмелетке толмаған 14 пен 18 жас аралығындағылар

б) жасы кәмелетке толмаған 14 жасқа дейінгі жас балалар.

14 пен 18 жас аралығындағылырдың әрекеттілігі мейлінше ауқымды, олар заңда көрсетілген шекте әртүрлі мәмілелер жасай береді. Ондай мәмілелерді екі түрге бөлуге болады:

  • Өздерінің заңды өкілдерінің келісімсіз-ақ өз бетімен жасалған мәмілер;

  • Ата-анасынан рұқсат берген жазбаша хаты негізінде жасалатын мәміле.

Азаматтың құқығы мен міндеттерін алу мен жүзеге асыру тиісінше дербестікке ие болуы керек. Әрбір жеке азамат өзінің атымен аталады. Азаматтық Кодекстің 15-бабы 1 тармағына сәйкес азамат өз фамилиясы, өз есімін, сондай-қаласа әкесінің атын қоса алады. Азаматқа туған кезде ат қояды. Некесіз туған бала әкесі жоқтығынан сот арқылы қажет болмаған жағдайда анасынын фамилиясы беріледі.

Отбасы құқығы - бұл Қазақстан Республикасының құқық салаларының бiрi болып табылады. Отбасы құқығы - неке-отбасы қатынастарың сондай-ақ оларды жүзеге асырудың кепiлдiктерiн белгiлеп, реттейді.

Неке-отбасы құқығымен реттелетiн қатынастар: 1)некеге түрудың некені тоқтатудың және оны жарамсыз деп танудын шарты мен тэрпбгн белгiлейдi; 2) отбасы мүшелерінің: ерлi-зайыптылардың ата-аналар мен балалардың (асырап алушылар мен асырап алынғандардың) арасындағы, ал неке-отбасы заңдарында көзделген жағдайларда және шектерде басқа туыстар мен өзге де адамдардың арасындағы азаматтық құқықтар мен мiндеттердi, мүлiктiк емес және мүлiктiк жеке қатынастарды реттейдi; 3) ата-анасының қамқорлығынсыз қалган балаларды отбасына орналастырудың нысандары мен тәртiбiн айқындайды; 4) азаматтық хал актiлерiн тіркеу және заңдарда белгіленген тәртіппен ақылы қызмет көрсету тәртiбiн реттейді.

Неке-отбасы қатынастарын реттейтiн негiзгi нормативтік акт бұл –

«Неке және отбасы туралы» 1998 ж, 17 желтоксандағы Қазакстан Республикасының Заңы.

Отбасы - некеден, туыстықтан, бала асы рап алудан немесе балаларды тәрбиеге алудың өзге де нысандарынан туындайтын мүлiктiк және мүлiктiк емес жеке құқықтар мен мiндеттерге байланысты және отбасы қатынастарын нығайту мен дамытуға жәрдемдесуге тиісті адамдар тобы.

Неке және отбасы, ана, әке және бала мемлекеттін қорғауында болады.

Қазақстан Республикасының неке-отбасы құқығының принциптерi: 1) еркек пен әйелдің некелi одағынын ерiктiлiгi; 2) ерлi-зайыптылардың отбасындағы құқықтарының тендігі; 3) отбасының ісіне кімнін болса да өз бетiнше араласуына жол берiлмеушiлiк; 4) отбасы iшiндегi мәселелердi өзара келiсiммен шешу; 5) балаларды отбасында тәрбиелеуге басымдық беру,
олардың өсiп-жетiлуi мен ол-ауқатты болуына қамкорлық жасау; 6) отбасының кәмелетке толмаған және еңбекке қабылетсіз мүшелерінің құқықтары мен мүдделерiн қорғауға басымдық беру: 7) отбасы мүшелерінің өз құқықтарын кедерпсіз жүзеге асыруын қамтамасыз ету, бұл құқықтарды сот қорғауының мүмкіндіктері; 8) отбасының барлық мүшелерiн салауатты
тұрмыс салтына ынталандыру принциптеріне негiзделедi.

Мемлекеттік азаматттық хал актiлерiн жазу органдарында қиылған неке ғана танылады.

Неке - ерлі-зайыптылар арасындағы мүлiктiк және мүлiктiк емес жеке қатынастарды туғызатын, отбасын қүру мақсатымен заңдарда белгіленген тәртіппен тараптардын еріктікті және толык келiсiмi жагдайында ~асалан еркек пен әйелдің арасындағы тен құқықты одақ.

Некеге тұру үшiн некеге тұрушы еркек пен әйелдін өзара ерікті келiсiмi және олардың неке жасына жетуi қажет.

Неке жасы еркектер мен әйелдер үшiн он сегiз жас болып белгiленедi. Дәлелді себептер болған жағдайда мемлекеттік тіркеу орны бойынша азаматтық хал актiлерiн жазу органдары неке жасын екі жылдан аспайтын мерзімге төмендетуi мүмкін.

Неке жасын төменлету туралы өтiнiштi некеге тұруға тiлек бiлдiрушiлер немесе олардың ата-аналары, не қорғаншылары (қамқоршылары) белгіленген неке жасын төмендету қажеттiгiн туғызатын себептерді көрсете отырып қозғай алады. Барлық жағдайларда неке жасын төмендетуге тек некеге тұрушылардың келiсiмiмен ғана жол берiледi.

Неке жасына толмаған адамдар арасындағы некеге ата-аналарынын немесе қорғаншыларының келiсiмiмен ғана рұқсат етіледі.

Араларында неке қиылуына жол берiлмейтiн адамдар.

  1. бiреуi болса да басқа тiркелген некеде тұрған адамдардың:

  1. тiкелей ата-тегі бойынша және өзiнен тарайтын жақын туыстардың (ата-аналар мен балалардың, атасының әжесінін және немерелерінің), аға-анасы бiр және ата-анасы бөлек әкесі немесе анасы ортақ ағалы-інілер мен апалы-сінілілердің (аға қарындастардың);

  1. асырап алушылар мен асырап алғандардың;

  1. бiреуiн болса да психикалық ауруының немесе ақыл eci кемдігінің салдарынан сот әрекетке қабілетсіз деп таныған адамдардың арасында жол берілмейді.

Некеге тұруға тiлек бiлдiрушi адамдарға медицинақ (сондайақ медициналық-генетикалық мәселедер және репродукциялық денсаулық қорғау мәселелері бойынша консультация беру мен
тексерудi мамандандырылған денсаулық сақтау мекемелерi және некеге туратын адамдардын екеуінің келiсiмiмен ғана жүргiзедi.

Некеге туратын адамдарды тексерудің нәтижелері медициналық қупия болып табылады және ол некеге тұруға ниеттенген адамға тексеруден өткен адамның келісмімен ғана хабарлануы мүмкін.

5. Жаңа тақырыпты бекіту таблицасын толтыру

(10 мин)

6. Сабақты қорыту Жалпылай сипаттама

(8 мин)

7. Бағалау Стуленттің белсенділігі мен тесттің қорытындысы бойынша бағалау

(7 мин)

8. Үй тапсырмасы реферат, конспект

(5 мин)



Оқытушы ___________________

(қолы)



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
22 желтоқсан
1043
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі