400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сабақ жоспары "Құстар біздің досымыз" бастауыш сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларды жергілікті жердің құстарымен таныстырып, оны күтіп баптауға, аялауға, оларға мейірімділікпен қарауға құстарға деген сүйіспеншілік сезімге, қамқорлық жасауға тәрбиелеу. Тілдерін дамыту, сөздік қорларын молайту. Балаларды табиғат арқылы адамгершілікке тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Автор: Живаева Алина Сабировна

Түркістан облысы

Бастауыш сынып.

Сабақтың тақырыбы: «Құстар біздің досымыз».

Сабақ мақсаты:

Балаларды жергілікті жердің құстарымен таныстырып, оны күтіп баптауға, аялауға, оларға мейірімділікпен қарауға құстарға деген сүйіспеншілік сезімге, қамқорлық жасауға тәрбиелеу. Тілдерін дамыту, сөздік қорларын молайту. Балаларды табиғат арқылы адамгершілікке тәрбиелеу.

Көрнекіліктер:

Құстар бейнеленген көрнекіліктер, құстар жайлы үнтаспа, ойындар, орманшы кейіпкер.

Сабақтың барысы:

Көңілді әуен ойнайды, сол кезде ортаға топқа балалар шеңбер жасап тұрады.

Тәрбиеші: Балалар, сендер бір бақшаға, бір топқа келесіңдер. Өзара тату доссыңдар. Сол достықты қимылмен көрсетейікші.(балалар қол шапалақтап арқа түйітіріп, бір-бірін қолын алып көрсетеді)

Балалар: Біз доспыз сіздерге де достық тілейміз деп тілек айтады.

Тәрбиеші:Балалар табиғат дегеніміз не?

Балалардың жауабы: Табиғат дегеніміз гүлдер, жануарлар, өсімдіктер, құстар бұларды табиғат деп айтады.

Тәрбиеші: Яғни біз бүгін табиғаттың тірі бөлшегі «Құстар біздің досымыз» деген тақырып өтеміз. Құстар үш топқа бөлінеді жыл құстары, қыстайтын құстар және үй құстар болып бөлінеді. Жыл құстары деген не? Қыстайтын құстар деген не? Құстардың несі бар? Құстарға тән қасиет?

Балалар: Құстардың қанаты, аяғы, тұмсығы, қауырсыны болады. Құстар ұшады, шоқиды, тығылады.

Тәрбиеші: Балалар біз бүгін ойша орманға саяхатқа барамыз.

Ой балалар орман қандай керемет!

Балалар ағашта бізге хат қалдырыпты. Хатты орманшы ағай қалдырыпты. Хатты ашып көреміз ба?

Балалар: Ия, хатта бізге тапсырмалар беріліпті. Осы тапсырмаларды орындасаңдар орманға кіре аласыңдар депті.

1-тапсырма: Балалар құстарға не істеуге болмайды? Не істеуге болады?

2-тапсырма: Жұмбақ жасырамын. Жауабын айта аласыңдар ма?

Шарлап келіп даланы,

Үйме, үйін салады. (Қарлығаш)

Ағаштарды тазалап,

Орманды емейді,

Зиянкесті тазалар. (Тоқылдақ)

3-тапсырма: Енді балалар менің достарым аз болғандықтан сендердің көмектерің керек. Ол үшін маған мына орындықтарға отырып, үстел үстіндегі қиынды бөлшектерден құстарды құрастырыңдар.

Тәрбиеші: Орманға кіруге рұқсат.

Тәрбиеші: Ал балалар біз қоштасайық. Сау болыңыз!

Орманшы:Рақмет саған Сау бол!

Балалар қараңдаршы мына ағашта не көріп тұрсыңдар?

Балалар: Құстар,ұя (Интерактивті тақтадан құстар жайлы сүреттер көрсетіледі)

Құстардың атын атаңдаршы (қарлығаш,аққу,тоқылдақ,көгершін,қарға,торғай)

Тәрбиеші: Балалар енді бойымызды сергітіп алайықшы.

Кел, балалар тұрайық.

Үлкен шеңбер құрайық

Құстар құсап ұшайық

Ұшып- ұшып алайық.

Қанат жая жалма жан

Талпынғандай Ұшуға

Иіліп келіп қол созам

Аяғымның ұшына.

Тәрбиеші: Көктем құстарын кім атайды?

Балалар: аққу, қарлығаш, тоқылдақ, көгершін

Тәрбиеші:Осы құстар нені қорғайды?

Балалар:Ағаштарды

Тәрбиеші:Ағаштар не үшін керек?

Балалар:Таза ауаны шығарады

Тәрбиеші:Ендеше сол таза ауамен тыныс алып көрейік(балалар тыныс алу жаттығуын жасайды)

Ойын: Жапалақ пен көбелек.

Мақсаты: Күн дегенде көбелек ұшады түн дегенде жапалақ ұшады.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
09.11.2021
721
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі