Қуаныш жан-
шуағы
Мақсаты:1.Тәрбиеленушілерге қуаныш
сезімінің адам өміріндегі мәні туралы түсінік алуға жағдай
жасау.
а)
қуаныш сезімі ,біреуге қуаныш сыйлау, кез-келген жағдайды қуанышқа
айналдыра білуге үйрену;
б)
өзара жағымды қарым-қатынас жасау іскерлігін
дамыту;
в)
мейірімділікке тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар:
оқулық, дәйексөз жазылған парақтар,
түсті қағаз, маркер, желім, қайшы, ватман.
Шаттық шеңбері:
Арайлап таң атты.
Қайырлы таң!
Күн шықты биікке,
Қайырлы таң!
Жел есті алдымнан,
Қайырлы таң!
Баршаңызға тілейміз біз –
Қайырлы таң!
-Балалар , бүгін сендер мектепке келе жақанда
қандай қуанышты сәттерді кездестірдің-дер?(балалардың
жауаптары)
-Ой, тамаша! Қуанышты сезім адамның көңіл-күйін
көтерді. Бүгінгі сабақта қуанышты сезімі, оның адам өміріндегі
маңызы туралы әңгімелесеміз.
Тыныштық сәті.
Ойлану жұмысының алдында балалардың бір сәт
денесі ,ойы сергітіледі. Балалар денелерін түзу ұстап, бастарын
жоғары көтеріп, ыңғайланып отырады.Ауаны терең жұтып, еркін
тыныстайды. Денелерін бос ұстап,барлық тіршілік иесі оларды аялап,
қоршап қамқор болып жатқанын сезінеді. Тұла бойлары жақсылыққа,
қуанышқа, махаббатқа толғанын сезінуге ұмтылады. Осылайша екі
минуттай отырады.
Ойын «Күлкілі жүздер».
Бірнеше балаға ренішті, ал бірнешеуіне қуанышты
жүз көрсетуін сұраймыз.
-Балалар сендерге қандай жүздер
ұнайды?
-Ендеше, онда бәріміз жүздерімізді қуанышты етіп
көрейікші.
Оқулықпен жұмыс.
В.Сухомлинскийдің «Балалардың көз қуанышы»
әңгімесімен таныстыру.
Көктемнің жайма шуақ күні еді. Жан-жақтың бәрі
қуанышқа толы. Көгілдір аспанда тыраулап тырналар тізбегі ұшып бара
жатты. Бақтардағы ағаштар гүлдеп тұр. Алыстан сылдырлап ағып жатқан
бұлақтың ерке назы ес-тіледі. Ал биік қайыңның астында бір
кішкентай бала жылап тұр екен. Өткен кісілер баланы да, оның жылап
тұрғанын да байқар емес. Бір кезде қарт кісі келіп баланың басынан
сипады. Әлденені баланың құлағына сыбырлады. Біраз әңгімелескен
соң, баланың жүзі жадырап шыға келді. Енді ол бақтағы ағаштардың
гүлдегенін байқады. Көгілдір аспанда тыраулап ұшып жүрген
тырналардың тізбегін көрді. Алыстан сылдырлап ағып жатқан бұлақтың
ерке үнін естіді. «Көктем келіп қалған екен ғой»- деп бала ішінен
ойлады.
Тәрбиеші
балалардың пікірін білу үшін сұрақтар
қояды:
1.Кішкентай бала табиғаттың сұлулығын неліктен
байқамады?
2.Сенің ойыңша қарт балаға не айтуы
мүмкін?
3.Айналадағы әсемдікке көңіл аударуға не әсер
етті?
Балалардың жауаптарын тәрбиеші
түйіндейді.
-Балалар дұрыс айтасыңдар! Бала жылап
тұрғандықтан, айналасындағы табиғат сұлулығына да назар аударған
жоқ. Қуанышты сезімі жүрегіне ұялаған сәтте оған жан-жағы ,
айналасының бәрі әсем де, әдемі боп көрінді. Баланы қуанта білген
қарт та қандай бақытты! Біз де көңілді, қуанышты, күлімдеп жүру
үшін өзгелерге , айналамызға қуаныш сыйлай білуге
тиіспіз.
Дәйексөз. «Қуаныш – адамды
қанағаттандырады».
Қуаныш-адам жанының шуағы. Адам қуанған кезде
жүрегінде тыныштық, махаббат, бейбітшілік орнайды. Қуаныш біздің
әрқайсымыздың жүрегімізде ұялайды. Тіпті реніш болған жағдайда
қуана білу қажет. Егер біз қуана білсек, онда өмірдің қиын сәттерін
жеңе білеміз.
Жағдаяттарды шешу.
а)
Бүгін сенің досың мектепте сабақ айтудан «5» алды, ал сен «4» алып
қалдың. Егер сен қуана алсаң, не істейсің?
б)
Сенің көңіл-күйің жоқ, саған қонақтар келіп қалды. Егер сен қуана
алсаң, не жасайсың?
Тексеру ойыны.
Бұл
бала қуана ала ма?
Бәрін көтеріңкі көңіл-күймен
жасаса;
Өзінің көңіл-күйін көтере алса;
Көбінесе қабағы қату күйде
жүрсе;
Өзіне ғана керек кезде қуанса;
Біреулер үшін қуанса;
Жақсы істерді қуанышпен жасаса.
Шығармашылық жұмыс.
Тәрбиеленушілерге қатты қағаздардан әдемі етіп жасалған түрлі
кескіндердің үлгісі таратылып беріледі. Олар оның артқы бетіне
қатар отырған сыныптасын қуантатын сөздер жазып, жария етеді және
сыйға тартады.
Жұмыс соңында балалар өз әсерлерімен және
сезімдерімен бөліседі, пікірлерін білдіреді.
Жүректен – жүрекке.
Тәрбиеші
тәрбиеленушілерге үлкен етіп үрленген шарды береді, ол шарға
«Қуаныш» деп жазылған. Тәрбиеленушілер кезекпен сол шарды алып жақсы
тілектер , көңіл көтеретін сөздер айтады.
Тәрбиеші
тілек айтады:
-Балалар, осы шар барлық адамдарға жақсы
көңіл-күй мен қуаныш сыйласын деп, аспанға
ұшырайық.
Тәрбиеленушілер хормен айтады:
-Біз қандаймыз, қандаймыз,
Шұғылалы таңдаймыз!
Күлімдеген күндейміз