15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Сабақ жоспары "Қыс қызығы"
|
Сабақтың тақырыбы 5 «Б» -сынып |
Лексикалық: Қыс қызығы Грамматикалық: грамматикалық минимумдарды қайталау. |
||
|
Мақсаты |
Сөздік қорын байыту,ауызекі сөйлеу тілін дамыту, өзара қарым-қатынасқа түсіру жолдарын меңгерту, қыстың ерекшеліктерін меңгерту. |
||
|
Күтілетін нәтиже |
Өз беттерімен кез келген тапсырмаларды орындай білуге машықтанады. Бір –біріне көмектеседі. Оқушылар өздерін еркін ұстай отырып, ойларын тиянақты жеткізеді, тапқырлық қасиеттерін шыңдайды. |
||
|
Керекті жабдықтар |
Оқулық, суреттер, бағалау парақшалары, стикер,постер,маркер. |
||
|
Қолданылатын әдістер: «Ашық-жабық» сұрақтар, «Миға шабуыл» , «Қар лақтырыспақ», «Ойлан,жұптас, бөліс», « Екі жақты күнделік», «Алақан әдісі», формативті бағалау , АКТ-ны пайдалану, сын тұрғысынан ойлау , диолгтік оқыту, топтық жұмыс, жұптық жұмыс, жеке жұмыс, «Сұрақ –жауап» әдісі. |
|||
|
Сабақ кезеңдері |
Мұғалім әрекеті |
Оқушы әрекеті |
|
|
Ұйымдастыру кезеңі Тыңдалым Мағынаны тану Оқылым |
1.Психологиялық ахуал орнату 2.Топқа бөліну 3 мин. 3 топқа бөлінеді. «Желтоқсан» тобы Желтоқсан Желтоқсан – қыстың бірінші айы. Жел және тоқсан деген сөздің қосындысынан шыққан. Ежелгі түріктер бұл айды жел айы деп атаған. Қыс күшіне еніп, боран болады. Халық тілінде қыс түсті деп айтылады. Желтоқсанның 22-сінде күн барынша қысқарады. Мұны күннің тоқырауы дейді. Қазақтар желтоқсанда соғым сойып алады.
« Қаңтар» тобы Қаңтар Қаңтар –қыстың екінші айы. Күннің барынша қысқарып барып, одан әрі бара алмай қаңтарылып тұрып қалуына орай қаңтар деп аталған. Бұдан кейін күн ұзара бастайды. «Қаңтарда күн қарға адым ұзарады» дейді халық. «Ақпан» тобы Ақпан Ақпан - қыстың және жылдың соңғы айы. Ақпан -қазақтың ақ ықпа яғни боран деген сөзінен шыққан. Бұл ай қыстың ең ауыр әрі қаһарлы кезі. Қатты суық, аяз, үскірік борандар осы айда болады. Ақпан жылдың ең қысқа айы, ол кейде 28, кейде 29 күнмен бітіп отырады. (Әр топтан оқушылар айдың ерекшелігіне тоқталады.)
Топта жақсы жұмыс істеу үшін топ ережесін құру. Қызығушылықты ояту. 5 мин. 1.Үнтаспадан Абай Құнанбаевтың «Қыс» өлеңін тыңдау. 2. Слайдшоу көрсетіледі. Оқушыларға сұрақтар қойылады. Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай? (Оқушылар сабақтың тақырыбын өздері айтады). Сабақтың мақсатын айту. І кезең Оқулықпен жұмыс 6 мин Қыс қызығы Қыстың күндері қандай суық болса да, балалар ешқашанда үйлерінде отырмайды. Қыстың қызығын тамашалайды. Қарлы таудан шанамен, шаңғымен сырғанайды. Сырғанаққа барып, коньки тебеді, хоккей ойнайды. Қардан қарқала, аққала жасап, қызықты, көңілді ойнайды. І топ. Мәтінді оқып, аудару ІІ топ. Мәтіннің ішінен сын есімдерді теріп жазу. ІІІ топ. Мәтін бойынша сұрақ дайындау. |
-Армысыздар, қонақтар! - Армысыздар, апайлар! -Сәлем,сәлем, достар!!! Аспанымыз ашық болсын. Заманымыз тыныш, денсаулығымыз мықты болсын! Оқушыларға бағалау критерийлары жазылған парақ көрсетіледі және топтың ережесімен таныстырылады. Оқушылармен келісіледі. Топ белсенділері тағайындалады. (бағалаушы, уақыт сарапшысы, көшбасшы) Ереже
2.Көпіршік сұрақтарға жауап беру. «Бағдаршам» әдісі бойынша топтық бағалау Бағалау парағын толтыру
Оқушылардың айтқан жауаптары бойынша әңгімені қорытындылау. |
|
|
Жазылым Грамматикалық тапсырмалар 6 мин |
І топ Берілген сөздерді тәуелдеңіздер: шана, шаңғы ІІ топ Берілген сөздерге фонетикалық талдау жасаңыздар: сырғанақ, көңілді ІІІ топ Берілген сөздерге фонологиялық талдау жасаңыздар: қырау, төмен Бағалау парағын толтыру |
Топтың жазған жауаптарын тексереді және өз пікірлерін қосады.
Сергіту сәті «Көңілді күн». |
|
|
Ой толғаныс 5 мин. Топтық жұмыс Айтылым Релаксация 2 мин Сөйлесім 5 мин Сабақты бекіту 5 мин. «Қар лақтырыспақ» ойыны |
І
топ. Жарнама жасау «Тыныштық сәті» І топ. Диалог құру ІІ топ. “Бес жолды өлең” ІІІ топ. “Екі жақты күнделік” |
Оқушылар постерге салып, қорғайды, түсіндіреді. Бағалау парағын толтыру Топтық жұмысқа қатыстым (Өзін –өзі бағалайды)
1.Қыстың белгілері қандай? 2.Қыс мезгіліне байланысты қандай өлең, ертегілер білесіңдер? 3.Қандай қысқы ойындарды білесіңдер? 4. Қысқы демалыс саған несімен қызық? 5.Қыс қай айдан басталады? 6.Бұл мезгілде ауа райы қандай болады? 7.Адамдар қалай киінеді? 8.Қыс мезгілінің мерекелерін ата.
|
|
|
«Соңғы 5 минут» әдісі 2 мин.Бағалау |
Оқушылар сабақта грамматикалық және лексикалық тақырыптар бойынша не туралы сөйлескендерін өз сөздерімен қорытындылайды, бір-бірін бағалайды, сабақтың өтілу барысында неге үйренгендері туралы айтады.
|
Формативті бағалау, бағдаршам, бірін- бірі ауызша бағалайды. Критериалды әр топ басшылары өздерінің топ мүшелерін бағалайды. Қорытынды бағаны айтады. Бағалау критерийлері жазылған парақшалар . |
|
|
Үйге тапсырма 1 мин. |
«Қыс » тақырыбына байланысты буклет жасап келу. |
|
|
|
2 мин.Рефлексия «Алақан» әдісі |
|
Оқушылар тілектерін стикерге жазып, жапсырады. |
|

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген