жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Сабақ жоспары "Қысқаша көбейту формулалары" 7 сынып
|
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7.3В Қысқаша көбейту формулалары |
Мектеп: Мектепке дейінгі шағын орталығы бар Қызыларық орта мектебі |
|||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Күні: 10.02.2020 ж |
Мұғалімнің аты-жөні: Борамбаева Раушан Жансултановна |
|||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Сынып: 7 |
Қатысқандар саны: |
Қатыспағандар саны: |
||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың тақырыбы: |
Қысқаша көбейту формулалары көмегімен өрнектерді түрлендіру |
|||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
7.1.2.14 тиімді есептеу үшін қысқаша көбейту формулаларын қолдану; 7.1.2.15 қысқаша көбейту формулалары арқылы алгебралық өрнектерді тепе-тең түрлендіруді орындау. |
|||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақ мақсаттары |
Барлық білім алушылар: - Қысқаша көбейту формулаларын өрнектерді тепе-тең түрлендіруде тиімді қолдана алады |
|||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Білім алушылардың басым бөлігі: Білім алушылар қысқаша көбейту формуласын пайдаланып теңдеу мен теңсіздік шешу, өрнектерді тепе-тең түрлендіру және сәйкестендіру іскерлік дағдылары арқылы өздігінен жүйелеу, дәлелдеу шеберліктерін арттырады |
||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Кейбір білім алушылар: қысқаша көбейту формулалары арқылы алгебралық өрнектерді тепе-тең түрлендіруді орындайды, шығармашылық тапсырмалар орындайды |
||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Бағалау критерийлері |
Білім алушылар: -қысқаша көбейту формулаларын біледі; -тиімді тәсілмен есептеу үшін қысқаша көбейту формулаларын қолдана алады; - қысқаша көбейту формулалары арқылы алгебралық өрнектерді тепе-тең түрлендіруді орындай алады және теңдеу мен теңсіздік шешеді |
|||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Тілдік мақсаттар |
Оқушылар: - қысқаша көбейту формулаларын ауызша тұжырымдай біледі; - ауызша тұжырымдалған қысқаша көбейту формулаларын жаза біледі; Бөлім бойынша лексика және терминология - қысқаша көбейту формулары; - екі өрнектің квадраттарының айырмасы; - екі өрнектің қосындысының квадраты; - екі өрнектің айырмасының квадраты; - екі еселенген көбейтінді; - үш еселенген көбейтінді; - екі өрнектің қосындысының кубы; - екі өрнектің айырмасының кубы; - екі өрнектің кубтарының қосындысы; - екі өрнектің кубтарының айырмасы; Пәндік мақсат - екі өрнектің квадраттарының айырмасы .... тең; - екі өрнектің қосындысының (айырмасының) квадраты .... тең; - екі өрнектің қосындысының (айырмасының) кубы ... тең; - екі өрнектің кубтарының қосындысы ( айырмасы) ...... ; - ортақ көбейткішті жақша сыртына шығару үшін...; - коэфициенттердің ең үлкен ортақ бөлгіші; - берілген өрнекті .... түрінде жазуға болады; |
|||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Құндылықтарды дарыту |
Құрмет құндылығын бір-бірін тындау, түсіну, ой бөлісу арқылы; ынтымақтастық құндылығын жұппен жұмыс, топтық жұмыс арқылы; ал еңбек және шығармашылық құндылығын өздігімен жұмыс жасау, басқалардың жұмысын бағалау арқылы жүзеге асады |
|||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Пәнаралық байланыстар |
Қазақ тілі, информатика |
|||||||||||||||||||||||||||||||||
|
АКТ қолдану дағдылары |
Презентация |
|||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Бастапқы білім |
Қысқаша көбейту формулалары |
|||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақ барысы |
||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың басы 5 мин |
І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесу. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру. "Көңіл - күй анықтау" смаиликтер арқылы Білім алушылар түрлі түсті қағазға жазылған Қысқаша көбейту формулаларын құрастыру арқылы сынып 4 топқа топқа бөлінеді. Жасырын сөз: «Қысқаша көбейту формулалары» Мұғалім: Олай болса, біз қысқаша көбейту формуласын қолдануға есептер шығарамыз. Мұғалім: Алдымен бүгінгі сабақтың мақсатын мынадай тапсырмалар арқылы шығарайық. Тапсырма: Есепте: №1.
№2. Теңдеуді шеш 100 - (х-19)2 =0 Білім алушыларға осындай тапсырмалар бере отырып бүгінгі сабақтың мақсатын ашу. |
смайликтер
формулалар |
||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың ортасы 5 мин |
«Ой қозғау» Ауызша тапсырмалар №1. Тұжырымды жалғастыр. Екі өрнектің квадраттарының айырымы ... . Екі өрнектің қосындысының квадраты ... . Екі өрнектің айырымының квадраты ... . Екі өрнектің қосындысының кубы ... . Екі өрнектің айырымының кубы ... . Екі өрнектің кубтарының қосындысы... Екі өрнектің кубтарының айырмасы ... №2. Қысқаша көбейту формуласын пайдалана отырып, көбейткіштерге жікте:
Бағалау: Жауап берген білім алушыларды әр түрлі смайликтер мен фишкамен мадақтау. Кейбіреулерін ауызша мадақтау Өте жақсы! Жарайсыңдар! Керемет! |
|
||||||||||||||||||||||||||||||||
|
10 мин |
Топтық жұмыс «Эстафета» Оқушылар тақтада дескриптор бойынша орындайды. Сонда оқушылардың барлығы жұмыс жасайды. 1 топ Тапсырма: 1) Өрнек түрінде жаз және мәнін есепте. а мен 2 сандарының қосындысының квадратын жаз. a = 2 болғандағы өрнектің мәнін табыңдар. Дескриптор: 1. Өрнекті жазады. 2. Қысқаша көбейту формуласы бойынша көбейткіштерге жіктейді. 3. Сандық мәнін орнына қояды. 4. Өрнектің мәнін есептейді. 5. Жауабын жазады. 2) Теңсіздікті шеш №35.20 (1) 3) Теңдеуді шеш №35.7 (1) 2 топ Тапсырма: Өрнек түрінде жаз және мәнін есепте. b мен 3 сандарының айырмасының квадратын жаз. b = 2 болғандағы өрнектің мәнін табыңдар. Дескриптор: 1. Өрнекті жазады. 2. Қысқаша көбейту формуласы бойынша көбейткіштерге жіктейді. 3. Сандық мәнін орнына қояды. 4. Өрнектің мәнін есептейді. 5. Жауабын жазады. 2) Теңсіздікті шеш №35.20 (2) 3) Теңдеуді шеш №35.7 (2) 3 топ Тапсырма: Өрнек түрінде жаз және мәнін есепте. а мен 2 сандарының қосындысының квадратын жаз. a = 2 болғандағы өрнектің мәнін табыңдар. Дескриптор: 1. Өрнекті жазады. 2. Қысқаша көбейту формуласы бойынша көбейткіштерге жіктейді. 3. Сандық мәнін орнына қояды. 4. Өрнектің мәнін есептейді. 5. Жауабын жазады. 2) Теңсіздікті шеш №35.20 (1) 3) Теңдеуді шеш №35.7 (1) 4 топ Тапсырма: Өрнек түрінде жаз және мәнін есепте. b мен 3 сандарының айырмасының квадратын жаз. b = 2 болғандағы өрнектің мәнін табыңдар. Дескриптор: 1. Өрнекті жазады. 2. Қысқаша көбейту формуласы бойынша көбейткіштерге жіктейді. 3. Сандық мәнін орнына қояды. 4. Өрнектің мәнін есептейді. 5. Жауабын жазады. 2) Теңсіздікті шеш №35.20 (2) 3) Теңдеуді шеш №35.7 (2) Бағалау: Тапсырмалары бірдей топтар бір-бірін тексереді және «бас бармақ» әдісі бойынша бағалайды. |
Қосымша 1 Қима қағаздар, оқулық |
||||||||||||||||||||||||||||||||
|
10 мин |
Жұптық жұмыс Жұпқа бірігу. Сыныпта білім алушылар қағазда жазулы тұрған аттарын суыру арқылы жұпқа бөліну. А деңгейі: Тиімді тәсілмен есепте: а)
692;
б) В деңгейі: Дәрежені көпмүше түрінде жаз: a) (3x-8y)2= b) (7z+11d)2= Шығармашылық тапсырма: Қандай сандар натурал сандар деп аталады? Мына тапсырманы орындауда n - нің орнына кем дегенде екі натурал сан қойып дәлелдеу. Натурал n – нің кез келген
мәнінде Бағалау: «Карусель» әдісі арқылы қатар отырған жұптар бір-бірінің дәптерлерін алып тексереді. |
Қосымша 2 Алгебра 7 сынып И.М.Ким. |
||||||||||||||||||||||||||||||||
|
2 мин |
Сергіту сәті Ойлаған санды табу. 10 –ға дейін бір санды ойлаңыздар. Сол санды квадраттап осы санға екі еселеп ойлаған санды және бірді қосыңыздар. Шыққан санды айтыңыздар. Мысалы, 8 ойлаған сан болсын. 64+16+1=81 √81=9-1=8. |
|
||||||||||||||||||||||||||||||||
|
5 мин |
Жеке жұмыс: Сәйкестік тест Өрнектерді сәйкестендіру жасаңдар.
Сіздің
жауаптар:
1_D_
2_G_
3_R_
4_B_
5_A_
6_F_
7_C_ | |||||||||||||||||||||||||||||||||


















Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген