|
Сабақтың
ортасы
35
мин
|

Дескриптор:
1-тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті
қосымшаларды қойып, мақал-мәтелді
жаз.
1. Қыз - ауыл...
көркі,
Жігіт - ауыл...
серті.
2. Ана... көріп, қызын
ал,
Ата... көріп, қыз...
бер.
3. Қыз - қылы...
сүйкімді,
Ұл - әдебі...
сүйкімді.
Дескриптор:
2-тапсырма. Суреттерге қара. Саған қай
қыздың киімі ұнайды? Не
себепті?

Дескриптор:
3-тапсырма. Мәтінді оқы. Мәтінге тақырып
қой. Жоспар құр.
Қазақ халқы «Қыз — жат
жұрттық», -деп, қыздарын қатты құрметтеген. Қыз — болашақ келін.
Сондықтан қыздың тәрбиесіне ерекше мән берген. Қыздың тәрбиесіне
анасы жауапты болған. Қазақ қыздарын ізетті, ибалы болуға, әкесін
күтуге, анасын сыйлауға, дөрекі сөйлемеуге, ұқыпты болуға, өсек
айтпауға, ұлттық дәстүрлерді сақтауға, ана тілін құрметтеуге
тәрбиелеген. «Қызға қырық үйден тыю», — деп, әр басқан қадамын
бақылап отырған. Қызды жалғыз жібермеген, оның жанында жеңгесі қоса
жүрген.
Қазақ халқы қыздың киіміне де
ерекше мән берген. Қазақ қыздарының киімдері өте әдемі тігілген.
Олар үнемі ұзын көйлек киіп жүрген. Бұл ибалықты білдіреді.
Көйлектерді ою-өрнекпен, тастармен безендірген. Бастарына жазда
тақия кисе, қыста бөрік киген. Сырға, білезік, жүзік сияқты әшекей
бұйымдар таққан. Қазақ қыздарының шаштары да ұзын болған.
Бойжеткендер бұрымын өріп, шаштарына шолпы таққан. Қыз тәрбиесінде
шолпының маңызы зор болған. Анасы қызына «қатты жүгірме, шолпың
сыңғырламасын, әдепсіз қыз дейді», - деп
отырған.
Дескриптор:
-
Мәтінді
оқиды.
-
Мәтінге тақырып
қойады.
-
Жоспар
құрайды.
4-тапсырма
Екі мәтіндегі ақпаратты
салыстыр. Мәтін мазмұнындағы ұқсастық пен айырмашылықты Венн
диаграммасына түсір. Ойыңды дәлелдеп айт. Мәтін мазмұны бойынша
пікір жаз. Мәтінде қыз баланың тәрбиесіне байланысты барлық ақпарат
қамтылған ба? Пікіріңді осы мәселелерді
ескер.
Дескриптор:
5-тапсырма. Мәтінді мағыналық бөлікке
бөліп, әр бөлігіне тақырып қой. Әр бөлік бойынша екі сұрақтан
дайында.

Дескриптор:
-
Мәтінді мағыналық бөлікке
бөліп, әр бөлігіне тақырып
қойады.
-
Әр бөлік бойынша екі
сұрақтан дайындайды.
|
Жаңа сөздермен
танысады.
Көп нүктенің орнына тиісті
қосымшаларды қойып, мақал-мәтелді
жазады.
Суретке қарап, өз ойын
айтады.
Мәтінді
оқиды.
Мәтінге тақырып
қойады.
Жоспар
құрайды.
Екі мәтіндегі ақпаратты
салыстырады.
Мәтін мазмұнындағы ұқсастық
пен айырмашылықты Венн диаграммасына
түсіреді
Мәтінді мағыналық бөлікке
бөліп, әр бөлігіне тақырып
қойады.
Әр бөлік бойынша екі
сұрақтан дайындайды.
|
ҚБ



ҚБ



ҚБ



ҚБ



ҚБ



|
Жаңа
сөздер
Оқулық
Оқулық
Мәтінмен
жұмыс
Оқулық
Оқулық
|