400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сабақ жоспары "Қызықты физика"

Материал туралы қысқаша түсінік
әдістемелік көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Олжабаев Марат Нұрмаханович

Жамбыл облысы, Жуалы ауданы

№27 Дихан орта мектебі

Физика пәнінің мұғалімі


Тақырыбы: Қызықты физика

Мақсаты: Физика пәні бойынша теориялық, практикалық білімдерін

пысықтау. Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын

арттыру және ұшқыр ойлауға, тапқырлыққа, ұжымдыққа баулу.

Сабақтың түрі: Жарыс сабақ


Ғылымдардың ғылымы

Әлемде бар қызығы,

Физика жайында

Кешіміздің мол азығы.


Бүгінгі сайысымыз 8 бөлімнен тұрады. Осы сайысымыз әділ болу үшін, әділқазылар мүшелерін сайлайық.


Жүру барысы:

І. Таныстыру

ІІ. «Білімді мыңды жығады»

(топтарға сұрақтар қою)

ІІІ. «Формула сырлары»


IV. «Шебер физика»

(физикалық тәжірибелер)

V. «Физика тілінде сөйлесек»


VI. « Ертегілер елінде»

( физикалық мағынада түсіндіру)

VІІ. «Сөзжұмбақ»


VІІІ. «Бәйге жарысы»

(топ басшылар сайысы)


Бүгінгі жас достарым,

Ғылымды жақсы ұғайық.

Физика

Құрметтеуге лайық!

***Сайысымыздың алғашқы бөлімі таныстыру.

Дүниедегі құбылыстың мәнінде

Табиғаттың, қозғалыстың бәрінде,

Мүмкін емес физикасы түсіну

Физика дүние кілті бүгінде

*** Ендеше, сайысымыздың екінші бөлімі «Білімді мыңды жығар» (топтпрға сұрақтар қою) арқылы өз білімімізді сынап көрелік.


Негізгі бар ғылымның физика

Жалықпай оқып үйрен тек қана.

Білімнің есігін ашты, көзін тауып

Ньютон, Эйнштейн, Архимедтер

***Келесі үшінші бөлім «Формула сырлары» бойынша берілген формулалардың мәнін ашу.

Айдан хабар алғызған

Зәулім үйді салғызған

Теңіз суын каналмен

Шөл далаға барғызған

Табиғат сырын аштырған

Газ және ток пен қазан астырған

Милион гектар астықты

Комбайынмен бастырған

«ФИЗИКА» ғылымы емей немене?

***Осындай физикалық құнды ұғымдарды біле отырып, өз шеберлігімізді ортаға салайық. «Шебер физика» сайысы бойынша физикалық тәжірибелер жасап көрейік.

1. Қажетті құралдар: Тарелка, су, теңге беріледі.

Жасалу жолы: Тарелкаға суды құйып ішіне теңгені саласың.

Тапсырма: Қолыңды суға батырмай және суды төкпей ішіндегі теңгені алу

керек.


2. Қажетті құралдар: 3 шар

Жасалу жолы: Шарларды ауамен толтырып (үрлеп),

бір – біріне гүлдеп байла.

Тапсырма: Шарларды жоғары лақтыр. Олар қайтып түспеу керек.


3. Қажетті құралдар: Қатынас ыдыс.

Кішкентай екі шыны ыдысты түтіктер арқылы

жалғастырған. Ішіне құйылған сұйық аялы алақанды

және жылы сөздерді жақсы көреді.

Жасалу жолы: Алақаныңа қойып, жылы сөздеріңді аяма.

Тапсырма: Төменгі ыдыстағы сұйықты жоғарыдағы ыдысқа ауыстыр.


4. Қажетті құралдар: Шар екі стакан.

Жасалу жолы: Шарды үрлегенде қолмен ұстама. Орнына екі жағынан

стаканмен ұстап урлеп ауамен толтыр.

Тапсырма: Шардың екі жағына стаканды ешқандай желімсіз жапсыр.


5. Қажетті құралдар: Механикалық машина.

Жасалу жолы: Механикалық машинаны 2 – 3 рет айналдыр.

Тапсырма: Қолыңды тигізбей қай ыдыстағы су ыстық су екенін анықта.


Қанша қиын болса да,

Мағынасын ұғайық.

Ғылым тілін түсініп,

Шешпей оны қоймайық!

*** «физика тілінде сөйлесейік» сайысы бойынша берілген сөздердің физикалық сөздік атауын айт.

І топ: күш – динамо, динамис

Табиғат – физика

бостық – вакуум

су, ылғал – гидро

жайылу, таралу, сіңу – дифузия

зарядтың ең ұсақ бөлшегі – электрон

мүмкіншілік – потенция

ІІ топ: ауадағы жылудың тасымалдануы – конвекция

Бөліктерге бөлу және санмен жабдықтау – градуирлеу

Янтар – электр

әрекетсіздік – инерция

өлшеймін – метр, метро

заттың ең ұсақ бөлшегі – молекула, атом

тұрақты – const

ІІІ топ:бостық – вакуум

майысу, иілу, бұрылу – деформациялану

ток өткізбейтіндер – диэлектриктер

бу, ауа – атмос

шар – сфера

сирек, тығыз емес – манос

жүрек соғуы – сфигмос

Ойлаймызда ойнаймыз,

Жақсылықпен бойлаймыз.

Ертегілер елінде,

Жеңіске жетпей қоймаймыз.


*** «Ертегілер елінде» сайысында әр топ өздерінің дайындалған ертегілерін қарсы топқа тапсырма ретінде береді. Оның физикалық мағнада түсіндіру қажет. Егер толық талданбаса, өздері толықтыруға болады. Қосымша ұпай өздеріне беріледі.

Кімдер шапшаң болар деп,

Ойлануда қазылар.

Жылдам, толық тапқан топтпрға.

Жырдан дастан жазылар

*** «Сөзжұмбақ» толық және шапшаң болуына қарай бағаланады.

Топ бастаған ортада

Басшы барын білеміз.

Күштілігін олардың

Сынап қазір көреміз

*** «Бәйге жарысы» топ басшыларға ортақ тапсырма беріледі.

Мына сөздердің соңғы әріптерін қолданып, француз ғалымының фамилясын шығар. (Паскаль)

Поршень, ауа, насос, сынап, атммосфера, металл, биіктік.


Бүгінде физика барлық жерде,

Құрылыста, техникада, өндірісте.

Сырларын бұл ғылымның меңгеріңдер,

Шәкірттер, зерделікпен меңгеріңдер!

Сондықтан табиғаттың сыры ткркң,

Деушіге оқып, зерттеп, білем, көрем.

Демесең болсын егер еңбегім еш,

Әуелі физиканы оқы дер ем!

Сайыстың қорытындысын хабарлауға әділқазы алқасына сөз беріледі.

Әр топ жетістіктері бойынша марапатталады.


Қорытынды: Сіздерге 4 жолдан тұратын экранда 1 шумақ ән көрсетіледі. Осы шумақты мұқият оқып, брлығымыз бірігіп айтамыз.

(мұғалімдер, оқушылар)


Жан шуағым мерекем, Жаңа ғасыр талабы,

Іздегенім сен екен. Компьютерлер заманы.

Өзіңменен шаттанып Физикадай сабақта,

Кірер менің берекем. Жетістіктер болады.

«Қызықты физика» кешіне

Қатысқандарыңызға мың алғыс!


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
22 желтоқсан
794
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі