Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Сабақ жоспары "Рәміздер күні"
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Тақырыбы: «Рәміздерім-мақтанышым!»
Мақсаты: Өз елінің өткен тарихын біліп, ата-бабамыз аңсаған, ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен келген Тәуелсіздіктің, гүлденген тәуелсіз ел – Қазақстанның болашағы ұрпақ қолында екенін сезіне білуге тәрбиелеу, балалардың бойына Отансүйгіштік қасиетін сіңіріп, елін, жерін, қорғауға баулу.
Көрнекілігі: Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері, Туы, Елтаңбасы, Әнұраны, Н.Ә.Назарбаевтың суреті.
Сөздік жұмыс: Республика,тәуелсіздік,рәміз,елтаңба,қыран құс,ту,ғимарат.
Билингвалды компанент: ту-флаг, елтаңба-герб, Гимн-Гимн
Оқу қызмет кезеңдері |
Тәрбиешінің қызметі |
Балалардың қызметі |
Мотивациялық –қозғаушылық Ұйымдастырушылық-ізденістік Б.Д.Н.К Рефлексифті-түзетушілік |
1.Психологиялық сәт. -Сәлеметсіздер ме,балалар! -Бүгін бізге қонақтар келді. -Қонақтармен орнымыздан турып амандасып алайық. Балалар,қазір жылдың қай мезгілі? Далада ауа райы қандай? Біздің көңіл күйіміз қандай? Біздің тобымыз қандай? Бүгін бізге қонаққа қуыршақ келіпті оның қолында адемі қорапша бар екен ішінде не бар екен көремізбе? Достарым мен мына қорапшаны атам мен әжемнен алдым оның ішінде адемі суреттер бар екен. Мұның не екенін білемізбе? Бұлар біздің рәміздеріміз. Біз қандай елде тұрамыз? Біздің елбасымыз кім? Біз желтоқсан айында қандай мерекелерді тойлаймыз? Балалар, енді барлығымыз шаттық шеңберге тұрайық. Кел бәріміз тұрайық, Шаттық шеңбер құрайық Армысың ,шапағатты күн – Ана ! Армысың, қайырымды аспан -Ана ! Армысың ,мейірімді жер -Ана ! Құт дарып,бар әлемді жарылқа ! Гимн орындалады. Әнұранды орындағанда міндетті түрде орнымыздан тұрып,оң қолымызды жүректің тұсына қоямыз.
Батысында қар жатса. Шығысында көктем ел. Жеткізбейтін неткен ел. -бұл қай ел деп ойлайсыңдар балалар? -Балалар ,айтыңдаршы, Отан дегеніміз не? -Иә,балалар, Отан деген сендер тұратын жер,үйлерің,халқымыз, біздің табиғатымыз,бізді қоршаған орта. -Балалар,сендер қай ұлтқа жатасыңдар? -Балалар,сендер қай тілде сөйлейсіңдер? Олай болса біздің Отанымыз -Қазақстан. Отан отбасынан басталады. Әр адамның өз Отаны болады.Біз Отанымызды мақтан етеміз. -Балалар ,Отан туралы тақпақ білесіңдер ме? Жарайсыңдар,балалар !Ал,Отан туралы қандай мақал-мәтел білесіңдер?
Ғажайып сәт. Топқа Білгішбек келеді, амандасады.Өзін балаларға таныстырады.Қолында кішкентай сандық. -Балалар, менің қолымдағы не зат? -Сандық қандай? -Түсі қандай? -Балалар,сандықтың ішінде тапсырмалар бар,оған жауап бересіңдер ме? Ойын: «Күннің шуағы» Ойынның мақсаты:Балалардың есте сақтау қабілеттерін,сөздік қорларын арттыру.Жүйелі сөйлеуге баулу. Ойын шарты:Тақтаға шуағын шашқан күн суреті ілінеді. Күннің шуақтарында сұрақтар жазылған. Білгішбек балаларға сұрақтарды бір- бірден оқиды. Рәміздер туралы әңгімелесу. Қазақстан Республикасының рәміздерін кім атап береді? Тәуелсіз мемлекеттің өз Елтаңбасы,Туы,Әнұраны болады. -Балалар,мынау біздің еліміздің Туымыз. -Тудың түсі қандай? Көк түс неге ұқсайды? Тудан ненің бейнесін көріп тұрсыңдар? Сабына бекітілген тұста ұлттық оюлармен көмкерілген тік жолақ өрнектелген. Тудың көгілдір ашық түсі бұлттсыз ашық аспанды,бейбітшілікті білдіреді,бүркіт тәуелсіздіктің белгісін,биікке,болашаққа самғайды. -Мынау Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы. -Елтаңбада не бейнеленген? Шаңырақ-ошақтың амандығын білдіреді.Отбасының негізі.Шаңырақта жан-жаққа таралған сәулелер тәрізді уықтар бейнеленген.Бұл шаңырақ пен уық елімізде тұратын халықтардың бірлігін көрсетеді. -Балалар,сонымен бірге тағы не көріп отырсыңдар? Тұлпар-батырлық,қажырлық нышаны.Жұлдыз жарықтың белгісі. Балалар оқу қызметінің басында сендер не тыңдадыңдар? -Гимн дегеніміз не? -Әр мемлекеттің өз Гимні болады.Оны салтанатты жиындарда орындайды. Сергіту сәті: Бейне ролик арқылы дене жаттығуын жасау Ойын:«Бәйтерек» Мақсаты: Балалардың қиялын арттыру, шапшаңдыққа баулу. Ойын шарты: Әуен қосылады,балалар бөлікке бөлінген бәйтеректі құрастырады. Тәрбиеші ойынның қортындысын айтады. Қортынды. -Сендерге бүгін оқу іс-әрекеті ұнады ма? Біздің мемлекетіміз қалай аталады? Қазақстан рәміздерін ата?Балалар бізге қонаққа кімдер келді? Мадақтау : Білгішбек, балалар сендер білімді,тәртіпті балалар екенсіңдер.Сабаққа жақсы қатыстыңдар.Менің сендерге әкелген кішкене сыйлықтарым бар ,мен сендерге соны таратып берейін.Білгішбек балаларға еліміз гүлдей жарқырасын деп гүл,аспанымыз ашық болсын деп күн,жұлдыздай жарқырасын деп жұлдыз үлестіреді. |
Сәлеметсіз бе ,апай?
Амандасады.
Қазір жылыдың қыс мезгілі Суық Тамаша Тамаша
Ия,көреміз
Қазақстан Н.Назарбаев Президент күні,Тәуелсіздік күні
Балалар шеңбер болып тұрып,өлең шумағын айтып, қимылмен жасайды.
Орындарынан тұрып,оң қолдарын жүректің үстіне қойып,әнұранды тыңдайды.
Қазақстан біздің ел.
Отан біздің үйіміз,тұратын жеріміз,халқымыз.
Қазақ ұлты.
Қазақ тілінде Отан туралы тақпақ,мақал-мәтел айтады. Отан туған үйіміз Отан туған жеріміз. Отан ортақ үйіміз. Отан ән мен күніміз. Жері байдың,елі бай. Отан оттан да ыстық Амандасады
Сандық. Үлкен. Қызыл.
Иә,жауап береміз
Балалар сұраққа жауап беріп,күннің шуақтарын жинайды. Ойынға қатысқанына қуанады.
Рәміз сөзін қайталайды Елтаңба.Ту,Гимн
Тудың түсі көк, ашық көгілдір түс. Аспанға Күн,қыран құс,ұлттық ою
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде пәніңізді белгілеп, керек материалды алып сабағыңызға қолдана аласыз |