Материалдар / Сабақ жоспары. Ш дыбысы және әрпі

Сабақ жоспары. Ш дыбысы және әрпі

Материал туралы қысқаша түсінік
 ш дыбысы және әрпімен таныстыру, сөздерге дыбыстық талдау жасау дағдыларын арттыру;  оқу түрлерін (буындап оқу тұтас оқу, түсініп оқу) қолдану арқылы сөздік қорларын арттыру;  әріптерді көркем жазу талаптарына сай жазуға дағдыландыру.
ЖИ арқылы жасау
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Сабақ жоспары

Пән: Әліппе

Мектеп: Нұр-Сұлтан қаласындағы Халықаралық мектеп (Халықаралық Бакалавриат бағдарламасы бойынша оқытылады).

Сынып: 1.

Мұғалімнің аты-жөні: Құдашкен Гүлнар Көшкінбайқызы

Сабақ тақырыбы: Шш дыбысы және әрпі

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

  • мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді;

  • оқу түрлерін (буындап оқу, тұтас оқу, түсініп оқу) қолданады.

Сабақ мақсаттары

  • ш дыбысы және әрпімен таныстыру, сөздерге дыбыстық талдау жасау дағдыларын арттыру;

  • оқу түрлерін (буындап оқу тұтас оқу, түсініп оқу) қолдану арқылы сөздік қорларын арттыру;

  • әріптерді көркем жазу талаптарына сай жазуға дағдыландыру.


Бағалау критерийлері

  • жұпта оқу дағдыларын дамытып, сөздік қорларын молайтады;

  • оқушы ш дыбысын сөз ішінде ажыратып, сөздерге дұрыс дыбыстық талдау жасайды;

  • әріпті көркем жазу талаптарына сай жазады.


Тілдік мақсаттар


тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым дағдыларын дамыту.

Тірек сөздер: шаңғы, шахмат, шана.

Сіңірілетін құндылықтар

  • уақытты дұрыс ұйымдастыру

Пәнаралық байланыстар

дүниетану

АКТ қолдану дағдылары

АctivBoard арқылы презентация көрсету, youtube каналынан ы дыбысы жайлы бейнефильм тамашалау.

Алдыңғы білім


Дыбыстардың дауысты және дауыссыз болып бөлінуі. Сөзге дыбыстық талдау жасау.

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері

Сабақтағы іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

1-3 минут











4-6 минут

Кіріспе тапсырма.

«Жел туралы ертегі» бейнефильмін көрсету

  • Жел қалай дыбыстайды?

  • Бүгінгі сабағымызда қандай дыбыспен танысамыз?

  • Сабақтың мақсаты қандай болады деп ойлайсыңдар? деген сұрақтар қою арқылы сабақтың тақырыбы мен мақсаты айқындалады.

  • Бүгінгі сабақтың бағалау критерийлерімен таныстыру, бағалау парағын тарату.

  • Бүгінгі сабақта:

  • Оқимыз (жұпта шапшаң оқу)

  • Сөз құрастырамыз (топпен берілген әріптерден сөз құрастыру)

  • Жазамыз (жазу жолынан шығармай, әдемі, көркем жазу)

  • Дыбыстық талдау жасаймыз (сөздерге дыбыстық талдау жасау

  • Ш дыбысын айтып көрейік, ш дыбысы қандай дыбыс? Оқушылар өздері қорытынды шығарады.

  • Қандай сөздерде ш дыбысы естіледі, мысалдар келтірейік.

  • Қандай ереже шығаруға болады?

(ш дыбысы дауысты дыбыс, себебі ол созылып, әндетіп, еркін айтылады).

Презентация слайд



Жел туралы ертегі бейнефильмі













Бағалау парағы









Сабақтың ортасы

    1. минут

  1. Оқулықтағы суретпен жұмыс.

  • Суретте кімдер бейнеленген?

  • Балалар қандай үйірмеге қатысады?

  • Олар не істейді? (домбыра тартады, теннис ойнайды, шаңғы тебеді, шана тебеді, суда жүзеді)

  • Ортадағы суреттегі балаға ш дыбысы бар баланың атын қояйық.

  • Ол не деп айтып тұр? (Тамаша!)

  • Тамаша сөзі нені білдіреді?

  • Суретті сөзбен сәйкестендір. (шахмат, шаңғы)

  • Ш дыбыс мен әрпі. Сөздер тыңдау және есте қалған сөздерді айту.

  • Оқылым. 1 минуттық жеке оқу. Оқушылар іштей оқиды. Болған соң жұпта жұмыс жасап бір-біріне оқып беріп бағалайды. Бағалау парағына белгілейді.

Оқу дескрипторлары:

Сөздерді буынға бөліп және тұтас оқиды;

Сөздерді қатесіз және шапшаң оқиды.

  1. Мәтінді оқу. Мәтін мазмұнымен жұмыс.

Шора қандай бала?

  • Ол неден орын алды?

  • Кім қуанды?

  • Анасы не істеді?

  • Шашу деген не? Сен шашуды көрдің бе?

  1. Айтылым тапсырмасы.

Сурет бойынша жұмыс.

  • Шоқан қандай үйірмеге барады?

  • Ол нені зерттеп жатыр? (өрмекші)

  • Оның қолында не бар? (ұлғайтқыш құрал)

  • Сен жануарларды, жәндіктер мен өсімдіктерді зерттегің келе ме? Ойыңды айт.

  • Біздің әңгімемізде қандай ш дыбысы бар сөздер болды?

  1. Топтық жұмыс. «Сөз құрастыр». Сәйкес келетін дыбыстарды қойып, топпен талқылап, сөз құрастыру.

а, т, о, р, н, қ, у, ш, з, с, д

1-топ: ...ар

2-топ: ...ала

3-топ: ...ана

4-топ: ...ара

Бағалау критерийі:

Сөздерді дұрыс құрастыру;

Топ ережесін сақтау;

Сынып алдында қорғағанда сөздерді анық және қатты айту.

Сергіту сәті: қимыл қозғалыс жаттығу жасау


  1. Шш әрпінің жазылуын бейнематериалдан тыңдау. Жазу дәптерімен жұмыс. Шш әрпінің бас және кіші әріптерін жазып үйрену.

Жазу жұмысының дескрипторын оқушылар өздері құрастырады:

  • Әріп элементтерін көлбеу жазады;

  • Жазу жолын сақтайды;

  • Байланысты сақтап жазады;

  • Көркем және таза жазады.

Саралау. Оқушыларға жеке қолдау көрсетіп, қадағалау.

Бағалау парағына жазылымды мұғалім бағалайды.

  1. Шш дыбысы бар сөздерге дыбыстық талдау жасау.

Оқу дескрипторлары:

  • Шахмат, шаңғы, шана, шар сөздеріндегі дыбыстарды дауысты және дауыссыз дыбыстартарды дұрыс ажыратады;

  • сәйкесінше қызыл және көк түспен бояйды;

  • буынға дұрыс бөледі.


Оқушылар дұрыс жауап үлгісі бойынша өзін-өзі тексереді.

сурет, оқулық











видео










оқулық















сурет














әріптер және сөз жазылған плакат, маркер














Жазу дәптері




































Сабақтың соңы

Рефлексия

35-40 мин



Бағалау парағын толтыру арқылы оқушылар өз жетістіктерін талқылап, қорытындылайды.

Сабақты қорытындылау.

  • Бүгін қандай әріп және дыбыспен таныстық?

  • Ш дыбысы қандай дыбыс?

  • Бүгінгі сабақта не ұнады?

  • Не қиын болды?

  • Өзіңді қай сатыда тұрмын деп ойлайсың?


Бағалау парағы, смайлик








ЖИ арқылы жасау
14 Қараша 2021
1555
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі