жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Сабақ жоспары "Сабақтас құрмалас сөйлем"
Сабақтың тақырыбы: Сабақтас құрмалас сөйлем. Сабақтас құрмалас сөйлемнің жасалу жолдары
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Сабақтас құрмалас сөйлем және оның жасалу жолдары ұғымын меңгерту; тіл дамыту қызметтерін ұйымдастыру.
Дамытушылық: Оқушылардың бұрыннан бар білімін жаңа біліммен байланыстыра алуына қажетті логикалық ойлау әдістерін қалыптастыру, грамматикалық сауаттылықты дамыту.
Тәрбиелік: Жаттығу мазмұнына қарай оқушыларды тазалыққа, ұқыптылыққа, жақсы қасиеттерді бойға сіңіруге, бауырмалдыққа, баулу, ғылымға деген қызығушылығын ояту, шығармашылық қабілетін дамыту.
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту.
Сабақтың түрі: Саяхат сабағы.
Сабақтың әдісі: Иллюстрациялық түсіндіру, сұрақ-жауап.
Сабақтың көрнекілігі: Ақпараттық технология-интерактивті тақта, кестелер.
Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі.
Сәлемдесу, оқушылардың сабаққа қатысуын, оқу, тақта құралдарын тексеру. Оқушылардың көңілін сабаққа аудару. Үнтаспадан теңіз шуылы, шағала дауысы естіледі.
Бағыныңқы сөйлемдер
Мен келсем, … Біз келсек, …
Сен келсең, … Сендер келсеңдер, …
Сіз келсеңіз, … Сіздер келсеңіздер, …
Ол келсе, … Олар келсе, …
Сабақтас құрмаласта бағыныңқы сөйлем басыңқы сөйлемнен бұрын тұрады. Тек төл сөзді сөйлемде, өлеңде олардың орны ауыса береді.
Қайнайды қаның, ашиды жаның, мінездерін көргенде.
Құрметті команда мүшелері! 122-жаттығуды орындаңыздар. Сабақтас құрмалас сөйлемдерді теріп, жазып, жасалу жолына тоқталыңыздар!
ІІ. Сабақтас құрмаластың жасалу жолдары бағыныңқы жай сөйлемнің баяндауышына қарай белгіленеді:
Мысалы:
Күз болып, дымқыл тұман жерді басқан. Демек, сабақтас құрмалас
сөйлем көсемшеден жасалады. Бағыныңқының баяндауыш етістіктің көсемше түрінен жасалады.
Бағыныңқының баяндауышы шартты райлы етістіктен болады екен.
Қалауын тапса, қар жанады
а) Аздың азаншысы болғанша, көптің қазаншысы бол
Алматының аспаны ашылмағандықтан, жаңбыр төпеп жауын тұр.
ІІ. Қайталау сұрақтары:
Балалар, біз жаңа сабақты бастамас бұрын өткен тақырыптарға шолу жасап өтейік.
Құрмалас сөйлем дегеніміз не?
Құрмалас сөйлем нешеге бөлінеді?
Салалас құрмалас дегеніміз не?
Салалас құрмаластың мағыналық түрлерін ата?
Сабақтас құрмалас сөйлем дегеніміз не?
ІІІ. Жаңа сабақ:
Есімшеге – ша/-ше, -дай/-дей жұрнақтары немесе жатыс, көмектес септік жалғаулары, болмаса – дықтан/-діктен қосымшасы жалғану арқылы жасалады.
ә) Есімшеден кейін сайын, соң, бері, шейін, бұрын шылаулары арқылы жасалады;
Күн шапағы қоюланған сайын, көгершін қанаттары да қызғылттана бастады.
Есімшеден кейін кезде, шақта, уақытта көмекші сөздерінің келуі арқылы жасалады.
Мезгіл түске тармасқан кезде, қарлы жаңбыр бәсеңдеді.
Тірек сызба мен мысалдарды түсіндіруде кезек-кезек көрсетіліп тұрады.
Бағыныңқының баяндауышы
Тұлғалық белгісі
Сызбасы:
1. Шартты рай — са, — се Бағыныңқы /барса/ басыңқы
2. Көсемше — а, — е, — й,
— ып, — іп, -п,
— қалы, — келі,
— ғалы, — гелі /………/ келе, /………./
/……../ ойлап, /……../
/……../ естігелі, /……/
3. Есімше — ған, — ша, — ше
(-ген) -дай, -дей
-ған, -да, -дей
(-ген) –мен
-ған -дықтан,
-діктен /……../ көргенше, /……../
/……../ оқығандай, /……../
/……../ жазғанда, /……../
/……../ келгенмен, /……../
/……../ барғандықтан, /……../
/……../ оқыған сайын, /……../
/……../ барған, соң /……../
/……../ естіген кезде, /……../
/……../ келгенге шейін, /……../
/……../ айтқаннан бері, /……../
4. Етістік негіздері -ысымен, (ісімен) /……../ келісімен /……../
Бүгін қара жел басылымен, қиыршықтап қар да түсе бастады.
ІІІ. Мен оқушымын дегенде баст. пен баянд. қалай байланысып тұр?
Бағыныңқы сөйлемнің шартты райдан болған баяндауышы ғана бастауышпен жақ жағынан жекеше, көпше түрде қиыса байланысады.
Мұғалім: Балалар, біз ненің шуылын, үнін естідік? (Жауап беріледі)
Демек, балалар, біз теңіз бетіне білім кемесімен саяхатқа шығамыз. Ал, сендер менің жаңа командам боласыңдар! Қалай, келісесіңдер ме? (Жауап беріледі)
Олай болса, балалар, кемеде капитан мен теңізшілермен қоса кімдер болуы керек?
Жауап: балалар, құрметті қонақтарымызды да саяхат жасауға шақырып, сапарымызды бастаймыз! Сәт сапар!
І. Тақтадан дайын мысалдар көрсетіледі.
Мыс: Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде (мәтел)
Берілген мақал-мәтел-құрмалас сөйлем. Бірінші жай сөйлемін өз алдына бөлек айтуға келмейді, өйткені іздегенше баяндауышы тиянақсыз. Құрмалас сөйлемнің құрамындағы мұндай тиянақсыз жай сөйлемдерді бағыныңқы сөйлем дейміз.
Құрмалас сөйлемдердің екінші жай сөйлемдері тиянақты, олар өздігінен дербес айтыла береді. Мыс: ауырмайтын жол ізде. Құрмаластың құрамындағы мұндай жай сөйлемдерді басыңқы сөйлем дейді екенбіз.
— Ал, балалар бізге тағы бір хабарлама жер бетінен келіп жатыр, қанеки назар аударалық.
ІV. Қорытындылау:
Тыңдаңыздар! Теңіз бетіндегі білім қарақшылары! Сіздерге тапсырма 121-жаттығуды орындаңыздар!
1-қатар: Бағыныңқының баяндауыш етістіктің көсемше түрінен болған сөйлем.
2-қатар: Бағыныңқының баяндауыш есімшеден болған сөйлем.
3-қатар: Бағыныңқының баяндауыш шартты райлы етістіктен болған сөйлемді көшіріп жазамыз.
V. Үй тапсырмасы: Тыйым сөздерге байланысты 124 -жаттығуда керемет сөздер берілген. Өздерің мәтіндегі сөйлемдерді ыңғайына қарай көп бағыныңқылы сабақтас етіп құрастырыңдар.
VІ. Бағалау: «Ізденген жетер мұратқа» дегендей, балалар, біздің білімге жасаған саяхатымызда өз мәресіне жетті. Теңізшілердің тілімен айтқанда, бағыттағы портқа да жеттік. Осы сапарымызда орасан зор еңбек еткен оқушыларымызға бағасын беремін.
— Бүгінгі сабақта белсене атсалысқандарыңыз үшін көп рахмет!
Сау болыңыздар!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген