Сабақ жоспары Шай, шай түрлері

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сабақ жоспары Шай, шай түрлері

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал "Тамақтандыру кәсіпорындарының өнім өндіру технологиясы және оны ұйымдастыру" мамандығының студенттеріне арналған. Студенттер өз мамандықтары бойынша кәсіби терминдермен танысады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Шай.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: лексикалық тақырыппен таныстыру, әңгімелеу, тақырып бойынша оқушылардың лексикалық сөз қорын толықтыру, сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін дұрыс қойып қолдануға үйрету, оқулық материалдарынан тыс кең көлемде түсінік беру. Лепті сөйлемдерді қайталау.
Дамытушылық: оқушылардың ой - өрісін, ойлау қабілетін дамыту, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, ізденіс жұмысын жасауға үйрету, қазақ тіліне қызығушылығын, белсенділігін арттыру.
Тәрбиелік: Шай ішу адам денсаулығына пайдасын білуге, жұрт алдында сөйлей білуге тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: әңгімелеу, мәнерлеп оқу, сұрақ - жауап, шығармашылық ізденіс.
Пайдаланылған құралдар: компьютер, интерактивті тақта, презентация, флипчарт.
1 бөлім. Ұйымдастыру
1. Сәлемдесу
2. Кезекшінің мәліметі
2 бөлім Үй жұмысын тексеру
Сұрақ – жауап.
- Кофенің шығу туралы нелер бар?
- Кофенің шығуы туралы көптеген аңыздар бар.
- 17 ғасырдың басында кофені Батысқа кім әкелді?
- 17 ғасырдың басында Венеция көпестері Батысқа көп мөлшерде көфе әкелді.
3. бөлім. Жаңа сабақ.
Оқытушының сөзі:

Балалар, біз бүгін ас туралы тақырыпты жалғастырып, шай туралы әңгіме жүргіземіз. Шай бізге қайдан пайда болғанын білеміз. Шайды дұрыс шығару ережелермен танысамыз. Қазақ тіліндегі жалғауларды, шылау сөздерді қайталаймыз.
1. Жаңа сөздер: сусын – напиток, қою – густой, шығарылу – заваривать, кірден тазартатын заттар – чистящее средство, қайнату – кипятить, құрғақ – сухой, сіңіру – впитывать. (мұғалім оқиды, оқушылар хормен оқиды)
2. Мәтінмен жұмыс.
Шай.

Шайдың шаршағанда, басты, көңілді жайландыратын, таңертең ішкен кезде ұйқы ашатын және денені сергітетін, рақатқа бөлейтін қасиеті бар. Шайдың арғы тегі Қытайдан шыққан. Ол қытайша «жас жапырақ» деген сөз. Шайдың байхы деген сорты бар. Бұл да қытайдың «байхоа» сөзінен болуы керек.

Шай – адам организміне өте пайдалы, шипалық қасиеті бар сусын.

Қара шайда күрең қызыл түс, хош иіс, тіл үйіретін сүйкімді дәмі болады. Дайындау технологиясына байланысты қызыл, сары түсті, қызыл түсті шай өндіріледі.

Үндістанда теңіз деңгейінен 300-1800 метр биіктіктегі таулы жерлерде 370 мың гектар жерге шай егіліп, жылына 500 мың тонна шай өндіріледі. Ал шай өндірісі ежелден дамыған Қытайда 333 мың тонна шай шығарады.

Шайдың Отаны – Қытай. Біз шай деген атауды солтүстік (Пекин) диалектісі «ча» атауынан алсақ, француздар «тэ», ағылшындар «ти» деп атауды оңтүстік қытай диалектісінен алған.

Шай түрлері: ақтамақ шай – шикі қаймақ қатқан қою шай

Ащы шай – сүтті мол қатқан қою шай

Қара шай – сүті жоқ шай

Қақ салған шай – сүтсіз, қақ салған шай

Қарақат салған шай – терлеу үшін қарақат салған шай

Сарқасқа шай – сарымай салған шай

Тәтті шай – қант, бал қосқан шай

Түйе сүтін қатқан шай – түйе сүтінен құйылған шай

Сөздік:

Шаршап- шалдыққанда – когда устаешь

Рахатқа бөлейді – наслаждаешься

Денені сергітіп –подбадривает

Сөзінен тараған – был распространен

Сүйкімді дәм – приятный вкус

Шай өндіріледі – производится чай

Ұйқы ашатын – бодрящий

Арғы тегі- происхождение

Мағына береді- означает

Күрең қызыл түс – темно-красный цвет

Дайындау әдісі – технология приготовления

Ақтамақ шай – чай с молоком

Қара шай – чай без молока

Сарқасқа шай – желтый чай, чай с сливочным маслом

Ащы шай – густой чай

Қақ салған шай – чай с сушеными фруктами

3. Сұрақ – жауап

1. Шайдың Отаны қай ел?
2. Шай нешінші ғасырдан бастап белгілі болған?
3. Шайды немен беруге болады?
4. Грамматикалық тапсырмалар
1. Қарамен жазылған сөздерді септеу?
Шайды дұрыс шығару ережелер:
1. Шай қайнататын арнайы ыдыс болуы керек.
2. Шәйнекті алдын ала ыстық сумен шаю керек.
3. Дастарқанға әкелерден бұрын 5 минуттай шығарып қояды.
4. Шайды жабылатын ыдыста сақтау керек.
5. Сабақты бекіту
6. Үй жұмысы.
Өз отбасыларыңдағы шай ішу рәсімі туралы әңгімелеу.





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
30.10.2018
820
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі