|
Мақсаты: Салауатты өмір салтын ұстану
қажет екенін құндылығы арқылы түсіндіру.
Міндеттері:
-
Білімділік: Оқушыларды
құмарлықты тыя білуге үйрету.
-
Дамытушылық: Оқушылардағы
әлеуметтік және азаматтық жауапкершілік қасиеттерін
дамыту.
-
Тәрбиелік: Оқушыларды уақытты
үнемдей білуге тәрбиелеу.
|
Ресурстар:
(материалдар,
дереккөздер)
-
bilim-all.kz
|
|
Сабақтың
барысы:
1. Ұйымдастыру
кезеңі.
5 Т –
ережесі:
-
Тәртіп.
-
Талап.
-
Тыныштық.
-
Тазалық.
-
Татулық. Балалар ережені есімізге түсіріп, сыныптың
тәртібін сақтап, оқып - білуге талаптанып, тыныштықты орнатып,
тазалықты сақтап, бүгінгі күнімізді татулықпен
өткізейік.
Тыныштық
сәті. «Нұрға
бөлену».
Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу
ұстаңыздар. Аяқ - қолыңызды айқастырмаңыз, қолыңызды тізеге немесе
үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды
өтінемін.
Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден
өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл
түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді.
Балғын таза, әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді,
эмоцияңызды тілек қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын
ашты.
Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай
бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Ой мен осы
нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп,
сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, тек ізгі істерді істейді және
баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр
сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге
апарады. Олар нұр мен махаббат құралына
айналды.
Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге
тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады.
Нұрды құлақтарыңызға ба ғыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен
әсем әуенді ғана естиді. Нұр көзімізге де жетті. Көзіміз тек
жақсыға қарап, бәрінен жақсы лықты ғана көреді. Сіздің басыңыз
түгелдей нұрға бөленіп, басыңыз ға тек ізгі, сәулелі ой
келеді.
Нұр бірте - бірте қарқындап және шұғылана
бастайды, сіздің денеңіз ден шығып, жан - жағыңызға сәуле шашады.
Осы нұрды туысқанда рыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға,
таныстарыңызға бағытта ңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп
жүрген адамдарға да бағыттаңыз. Олардың да жүрегі нұрға
толсын.
Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан -
жануарларға, өсім діктерге, тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық
түкпір - түкпіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын...
Нұр менің ішім де... Мен
Нұрмын»
Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде
отыра тұрыңыз...
Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз.
Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта
сақтаңыз.
Жаймен көзіңізді ашуға болады.
Рахмет!
2. Үй тапсырмасын
тексеру.
-
№10 – сабақ. «Менің өмірлік
мақсаттарым» тақырыбында шығарма
жазу.
-
Келесі сабақ. №11, В.
Ягодинский мәтінін оқып келу.
Сұрақтар:
1. Денсаулықты сақтаудың
қандай шарттары бар?
2. Зиянды әрекеттерге нелер
жатады?
3. Темекі шегу қандай
ауруларға шалдықтырады?
4. Ішімдіктің адам ағзасына
келтіретін зияны?
5. Нашақорлық зардаптары
туралы не білесің?
6. Мәтіннен қандай қорытынды
жасауға болады?
|
|
|
3. Сабақтың
дәйексөзі.
(Оқушыларға үш рет айтқызып,
дәптерлеріне жаздырту)
Сау дене, азат ақыл, адал
көңіл,
Үшеуінен болады - бақытты
өмір.
Халық
даналығы.
Сұрақтар:
1. Денсаулық, салауаттылық дегенді қалай
түсінесіздер?
2. Осы екі
ұғымның арасында қандай байланыс бар? 3. Өзіңіз салауатты өмір сүру үшін қандай іс
- әрекеттер жасайсыз?
4.
Салауаттылық - өмір негізі деген көзқарасқа қалай
қарайсыз?
5. Дәйексөзден қандай ой
түйдіңіз?
Қорытынды: Салауатты өмір салты -
адам үшін аса маңызды, денсаулықпен тікелейбайланысты құнды форма.
Ол адам мәдинетінің бір бөлігі. Ал денсаулықадам бақытының негізгі
бөлігі. Қоғамның болашағы әрбір адам денсаулығына байланысты.
Денсаулыққа тек дененің сыртқы бүтіндігі ғана деп қарау ағаттық,
жалпы алғанда оны организмнің жан-жақты дамуымен бүкіл қызметтердің
жүзеге дұрыс асырылуы деп ұққан жөн. Дені сау адамның көңіл-күйі
көтеріңкі өмірге құштар,қандай іске болсын дайын, мақсатына жету
жолындағы қиыншылыққа төзімді
болады.
|
|
-
Оқиға айту (Мұғалім
сыйы).
Салауаттылық - кең ұғым. “Бірінші
байлық-денсаулық” деп тегін айтылмаған. Адам денсаулығы оның жаны
мен тәнінің саулығынан
құралады.
Салауатты өмір
салты: Сапалы
тамақтану;
Денсаулықты
сақтау;
Бос
уақытты тиімді
пайдалану;
Жеке бас гигиенасын
сақтау;
Спортпен
шұғылдану;
Дұрыс
ұйқы.
Денсаулықтың
достары:Демалу Тазалық Тиімді
тамақтану
Зиянды
әдеттер: Салақтық, Дұрыс
тамақтанбау
Денсаулықтың
қастары:Жалқаулық, Ашушаңдық, Күн тәртібін
сақтамау
Никотиннің
зардабы.
Темекі – алқа тұқымдасына жататын, құрамында
есірткі бар бір және көп жылдық шөптесін өсімдік. Қазақстанда оның
3 түрі: кәдімгі темекі, мәдени темекі, махорка өсіріледі. Темекі -
өте улы, құрамында алколойдтар, әсіресе есірткі заттары көп
өсімдік.
Алкогольдің
зардабы Алкоголь — ол
биологиялық у. Ол барлық органдарды
зақымдайды. Ағзаның жұқпалы
ауруларға қарсы тұратын қабілетін бірден жойып
жібереді. Ішкен арақты аш
ішек тез арада сіңіріп, қанға бірден өткізеді. Қан алкогольді
барлық денеге таратады. Ол ең алдымен мидың қызметін бұзады. Нерв
жүйесін бұзады. Күнделікті тұрмыста болатын травмалардың 20% арак,
ішуден болады. 50% транспорттық апат осы арақ ішуден
туындайды. Есірткінің
зардабы Нашақорлық-наркомания (грек тілінен narke –
мелшию және manіa – ессіздік, құтырыну) – есірткі заттарға
патологиялық дағдыланудың нәтижесінде пайда болатын созылмалы
ауру.
Қорытынды: Сау дене, азат ақыл, адам
көңіл,
Үшеуімен бақытты болады өмір,-
дегендей, өмірге адам болып келген соң, адам болып өту, өмірімізді
мәнді де, сәнді өткізу, келешекке оң көзқараспен қарау –
міндетіміз. Бұл өмірді дұрыс өткіземін десең, салауатты өмір салтын
ұстан.
Салауаттылық – саулық кепілі, ал саулық –
байлық негізі.
Өркениеттің жолындағы елдің ертеңі – халқының
саулығына байланысты. Дені сау халық – бай халық, халқының дені сау
болып тұрса, мемлекеттің де мықты болып тұрары сөзсіз. Жаны сұлу,
тәні сау ұрпақ, саған аманат еткен тәуелсіз мемлекетіміздің алтын
кілтін жоғалтпай, көк туын көкке қарай биік
көтер!
Есірткі, нашақорлық – азаматты жұтатын аждаһа
екенін бір сәт естен
шығармайық!
Өміріміз - өз қолымызда. Біздің бақытымыздың
оннан тоғызы денсаулығымызға байланысты. Адамға өмір бірақ рет
беріледі. Бұл ретте оның денсаулығы мықты, рухы күшті болғаны
абзал!
Жаңа ғасыр азаматы – дені сау, рухани бай
адам!
|
Видеролик
|
|
5. Шығармашылық жұмыс,
топпен жұмыс.
Оқушылар екі топқа
бөлінеді.
1 - топ:
«Денсаулық»
2 – топ:
«Салауаттылық»
Тапсырма: «Мен салауатты өмірді таңдаймын» тақырыбында
сурет салу.
|
|
|
6. Топпен ән
айту.
Өміріңе немқұрайлы
қарама
әні: Сәкен Дәрібаев
сөзі : Серік Сейітман
Тыңда досым, мен айтайын от тілек,
Дүниеден кетті бай да, өтті бек.
Өміріңе немқұрайлы қарама,
Дәулетіңмен тұрсаң дағы көк тіреп.
Әр
күн сайын тек сен үшін атып таң,
Зерлі шапан киінсең де жақұттан.
Өміріңе немқұрайлы қарама,
Шақша басың айналса да бақыттан
қайырмасы:
Бақ құсыңды қонған кезде бағала.
Қолда мәңгі тұрмайтын ол шағала.
Кенелсең де досым қанша шаттыққа
Өміріңе немқұрайлы қарама,
Бақ құсыңды қонған кезде бағала.
Қолда мәңгі тұрмайтын ол шағала.
Қанша азап көрсең дағы,бауырым,
Өміріңе немқұрайлы қарама,
Тұсау салып бастатқызбай көш
дара,
Етсе дағы дұшпан күлкі,дос таба.
Өміріңе немқұрайлы қарама,
Тағдыр желі қарсы алдыңнан соқса да.
Сын
сағатта сақтау үшін өз басын,
Сатып кетіп сеніп жүрген жолдасың.
Өміріңенемқұрайлықарама, Айдынкөлгеайналсадакөзжасың.
|
Караоке
|
|
7. Үй
тапсырмасы.
1.
№11
– сабақ. Денсаулық, салауаттылық туралы мақал
– мәтелдер жазу.
2. Келесі сабақ. №12,
У.Есдавлетовтың «Қара пима» поэмасынан үзінді оқып
келу.
|
|
|
8. Сабақтың қорытынды
сәті.
Тыныс алуға зейін
қою.
Баяу музыка
қойылады.
Мұғалім: Сіздерден
аяқ-қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін. Біз қазір
тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде,
біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен
қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі
мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз.
Кәне, дайындалайық, балалар.
Көзімізді жұмамыз..., арқамызды тіктейміз..., қолдарыңды тізеге
қоюға болады...
Д е
м а л..... ш ы ғ а р... (жаймен 9-10 рет)немесе1..................2
[3].
Рахмет!
Бүгінгі сабақтан игерген жақсы
қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге
сақтайық.
|
|