400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сабақ жоспары "Салауатты отбасы" 2 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға салауатты болудың маңыздылығын түсіндіре отырып, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мектеп: ст.Шамалған ҚОМ 15 сабақ

Тақырыбы: Салауатты отбасы . Мұғалім: Сарсембаева У.И

Құндылық :дұрыс әрекет. Қасиеттері: кешірімділік,татулық, шыдамдылық

Күні Сыныбы: 2

1.Сабақтың мақсаты: Оқушыларға салауатты болудың маңыздылығын түсіндіре отырып, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.

Сабақтың міндеттері:

білімділік:Оқушы/ға кешірімді болудың қажеттілігін түсіндіру

дамытушылық: Отбасында бір бірімен тату болуға үйрету;

тәрбиелік: кешірімділікке,татулыққа, шыдамдылыққа тәрбиелеу;

Ресурстар:

үнтаспа ,оқулық

Сабақтың барысы:

2 .Ұйымдастыру кезеңі.

(5 Т ережесі: тәртіп,талап,тазалық,татулық,тыныштықты бақылау)

Тыныштық сәті : ойша саяхат.

Мұғалім: Бірнеше рет терең тыныстаңыз; денеңізді босатыңыз. Біз қазір барлық дене мүшелерінің қозғалысын тыңдаймыз. Алдымен басымызды тыңдаймыз Басымызды қозғаймыз, көзімізді ашып-жұмамыз, құлағымызды қозғалтамыз, аузымызды ашамыз,жабамыз.Осылай қолымызды,денемізді,ішмізді,аяғымызды, башпайларымызды қозғаймыз.Барлық денеміздің мүшелері қозғалады.Енді мүлдем қозғалмай көрейік.Қайсысы жағымды- қозғалған ба,әлде қозғалмай қалған ба? Ендеше үнемі қозғалыста жүргіміз келсе денсаулығымызды сақтайық. Жаттығу аяқталды енді бір- біріңе күлімдеп қарап, бір -біріңе сүйспеншіліктеріңді білдіріңдер.

1.Қандай сезімде болдыңдар?

Сабақты жағымды күйге келтіру (баяу әуенмен)

3.. Үй тапсырмасын тексеру: : Бақытты отбасының сыры.

  • Өсиет әңгімеден не түсіндіңдер?

  • Бақытты отбасы дегенді қалай түсінесіңдер?

Өсиет әңгіме.Жеке оқушымен жұмыс.

4. Дәйексөз : Бір адам жаққан отқа, жүз адам жылынады.

  • Дәйексөздің мағынасын қалай түсіндіңдер?

  • Жүз адам жылынады дегенді қалай түсіндіңдер ?

Дәйексөздің мағынасын түсініп оқып, жаттап алыңдар.

Қазақ мақалы




5.Мұғалімнің Жүрегіңнің отын сөндірме

Бір жігіт көршісіне өзін ренжіткен досын жамандай бастайды. Көршісі оны тыныштандырып,досын кешіруді өтінеді.Сонда ол ашуланып: «Мен неге өзімді ренжіткен адамды кешіруім керек,неге мен өзімді сатып кеткен адамның алдында кешірім сұрауым керек ? -дейді. Тыңдап тұрған көршісі оған бір аңызды баяндап береді.

Ертеде бір адам өмір сүріпті.Ол Табиғат анадан шам жақпас үшін ешқашан түннің болмауын,пеш жапас үшін қыстың болмауын өтініп сұрайды.Алайда табиған ана адамның өтінішін орындай алмайтынын айтады.Қатты ренжіген адам «Ендеше саған жарық бермес үшін шам жақпаймын,саған жылу беру үшін ешқашан от жақпаймын деген екен»

Осыны естіп тұрған жаңағы жігіт көршісіне: Бұл неткен ақылсыз адам бұл өзінің жаққан шамымен жарық.жаққан отымен Табиғат анаға жылу беремін деп ойлайды екен ғой,дейді

Сонда көршісі: Сенде өзіңе соны істеп тұрсың.Сенде өзіңнің жүрегіңнің отын жақпай тұрсың. Саған өзгелердің келіп жылытқанын күтпей,өз жүрегіңнің отын жағып,өзгелерге жарығың мен жылуыңды сыйласаң мүмкін өзгелерде өз жолын табуға ұмтылар ма еді.деген екен.

  • Бұл әңгіменде не жөнінде айтылған?

  • Әңгімедегі жігіттің ісіне қандай баға бересіңдер?

  • Аңыз іңгімедегі жарық пен жылу нені сыйпаттайды?

  • Сол жігіттің орнында болсаң қандай әрекет жасар едің?

  • Бірніші болып қадам жасау үшін адамның бойында қандай қасиеттер болу керек?

Өсиет әңгіме. Интернеттен

алынған


6. Шығармашылық жұмыс:

1-тапсырма. «Менің отбасым қандай?» тақырыбында шағын әңгіме жазыңдар.

2-тапсырма. Жағдаятты оқып, сұрақтарға жауап беріңдер.

Айнұрдың әке-шешесі күні бойы жұмыста. 2-сыныпта оқитын Айнұр әжесімен бірге қалатын. Әжесі Айнұрға ылғи да үйдің тазалығын сақтау оның міндеті екенін айтып отыратын. Әжесінің бұл ақылын Айнұр түсінбейтін...

  • Айнұр неліктен әжесінің ақылын түсінбеді?

  • Үйдің таза болуы неге байланысты деп ойлайсыңдар?

3-тапсырма. Кестеге назар аударыңдар. Отбасындағы аға, іні, әпке, сіңлі, қарындастың міндеттерін жазыңдар.

Аға


Іні


Әпке


Сіңлі


Қарындас


Аға



Жеке жұмыс.

Оқулықпен және дәптермен жұмыс

7. Топпен ән айту:

Таң атады арайлап,

Күн күлімдеп туады.

Жадырайды бар аймақ,

Жарқырайды шуағы.

Дала гүлін жинаған,

Жазып ерлік дастанды.

Аталарым сыйлаған

Бізге ашық аспанды.

Жарқын заман бӛбегін

Аялайды нұрлы таң.

Алтын бесік өз елім,

Туған өлкем Ұлы Отан.

Біз осылай өсеміз

Әнін жазған: Мұзафар Әлімбаев

Өлеңін жазған: Ибрагим Нүсіпбаев





8.Үй тапсырмасы: Жаның жеті жаманнан аман болсын



Ел аузынан

Оқып келу.53 бет

9. Қорытындылау сәті.



Сабақтан не үйрендік? Сабақтан не түсіндік?


















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
7 ұстаз жүктеп алған
22.12.2017
3930
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі