Қысқа мерзімді (сабақ) жоспары
|
Бөлім |
3.Еңбек бұйымдарын талдау және бағалау |
|||||
|
Педагогтың Т.А.Ә. |
Искаков Ф.Н. |
|||||
|
Күні |
|
|||||
|
Сынып 9 Б |
Қатысушылар саны: |
Қатыспағандар саны: |
||||
|
Сабақтың тақырыбы |
Сандық жасау |
|||||
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары |
9.3.1.1 техникалық терминологияны қолданып, өз жұмысында және басқалардың жұмысында көрсетілген идеялар мен тақырыптарды сипаттау; |
|||||
|
Сабақтың мақсаты |
а) білімділігі: қазақ халқының қолөнер туындыларының шығу тарихы, жасалу технологиясы мен тұрмыста қолданылуын түсіндіру. ә) дамытушылығы: оқушыны еңбекке машықтандыру арқылы іске икем-ділігін,іскерлік пен шеберлік дағдыларын қалыптастыру. б) тәрбиелілігі: ұлттық қолөнерді құрметтеуге үйрету және эстетикалық тәрбие беру. |
|||||
|
Сабақтың барысы |
||||||
|
Сабақтың кезеңі/ уақыт |
Педагогтың әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
||
|
1.Ұйымдастыру кезеңі ( 2 мин) |
Оқушылармен амандасу,сабаққа қатысуын және даярлығын тексеру. Психологиялық көңіл- күй. |
Амандасу, сабаққа дайындық |
|
. |
||
|
2. Өткен сабақты қайталау ( 2 мин) |
Өткен сабаққа шолу жасау. 1)Ағашты қол арамен кесудің қандай жолдары мен тәсілдері бар? 2)Ағашты сүргілейтін аспаптардың қандай түрлері бар? 3)Сүргіні кері қозғалтқанда,қалыптың артқы жағын неге көтереді? |
Сұраққа жауап беру |
|
Интерактивті тақта,дайын жасалған сандықша, сандық жасаудың нұсқау картасы, “Ағашты қолмен өңдеу және металмен өңдеу кезіндегі техникалық қауіпсіздік ережесі” плакаты,чеканка,буклет,тірек сызба.
ағаш,қол арасы,сүргі,егеу түрлері,жұқа қаңылтыр, шекімелеу құралдары, балға,қарындаш,сызғыш т.б. |
||
|
3. Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарын хабарлау. Теория бөлімі: ( 10 мин) |
1)Ағаштың тарихы жайлы түсінік беру. 2)Ағаштан жасалатын үй жиһаздары туралы. 3)Қолөнер бұйымдарының өрнек мотивтері. 4)Сандықтың тарихы,түрлері /қолсандық,жағлан,әбдіре/ 5)Сандықшаның жасалу ерекшелігі,композициялық көркемдеу стилі. Оқушылар!Бүгін біздер сабақта үй жиһазы-сандықты /сандықша/ жасап үйренеміз.Ежелден қазақ халқы үй жиһазын ағаштан жасаған.Қазақстанның мына аймақтарында ағаштың түрлері бар:Солтүстік Шығыста,Алтай төңірегін-де қайың,шырша,қарағай; Оңтүстікте терек, жеміс ағаштары; Батыста қара-ғай,қайың,жөке.Ағаш ұқсатумен айналысатындарды үйші,оймашы,балташы, тоқушы деп шартты түрде төртке бөлген.Ағаштың адамзатқа,тұрмыс-тіршілі-гіндегі қолданылатын орнымен қатар ата-бабаларымыз үшін қасиетті де, киелі ағаштың орны бір бөлек екенін байқаймыз. “Ел іші-өнер кеніші” дегендей біздің өлкемізде де ағаштан түйін түйетін небір атақты шеберлеріміз болған.Мысалға,соның бірі жерлесіміз белгілі қолөнер шебері-Айдос Мұратұлы атамыз.Халық шеберлерінің ағаштан жаса-ған,кең тараған бұйымдарының бірі-сандық.Оған киім-кешек т.б. заттарды салуға арналған.Қыз ұзатқанда қыз жасауы сандық болған.Ағаштан жасалған үй жиһаздарының безендіру тәсілдерінің де ерекшеліктері бар.Мысалы: Оңтүстікте бояумен сәндеу,ою жүргізу басымырақ болса,Солтүстік,Орталық, Шығыста түсті металдар мен әсемдеу жиі кездеседі.Ал,Батыста бедерлеп ою ойылып,қосымша түрлі-түсті бояулар жағылып үйлесімді көркемделеді. Қолөнерге бай қазақ халқының үй жиһаздарының ішінде сандықтың ежелден үш түрде жасалып келген киім-кешек,әр түрлі ұсақ-түйек бұйымдар сақтау үшін үлкенді-кішілі қолсандық,жағлан және әбдіре пайдаланған.Үлкен әбдіре-сандықтың ұзындығы 90-100 см,биіктігі мен ені 45-50 см шамасында жұқа қарағай тақтайлардан жасалады.Жағландар әбдіре-сандық сияқты үлкен емес.Оның ұзындығы 60-70 см,ені мен биіктігі 30-35 см шамасында. Қол сандықтарды бойжеткен қыздарға арнап жасатады.Оның көлемі де шағын,ұзындығы 45-50 см,ені 25-30 см,биіктігі 15-20 см шамасында болады. Жасалу ерекшеліктеріне байланысты да әрқилы.Мысалы:ағаштан ойған сандықтар,терімен қапталған жағландар,сүйек сандықтар,жұмсақ қаңылтырмен әсемделген сандықтар.Олардың аяғы болмаған.Қазіргі жағ-дайда сандық жасағанда,жерге қойғанда түбі дымқыл тартпау үшін оның астыңғы төрт бұрышына үйлестіре тақтайдан бұрыштап аяқтар орнатамыз (1-сурет).Екі қапталына екі тұтқа орнатылады және төмендегідей үлгіде жасалы-нады (3-сурет).Тұтқаларды қалың сым темірден немесе қалың қаңылтырдан дайындауға болады.Сандықшаның алдыңғы қабырғасының дәл ортасынан қақпағына кекіл орнатылады.Кекіл сандықшаны құлыптап қою үшін қажет (2-сурет).Жасалынатын сандықшаның қарама-қарсы қабырғалары бірдей болғандықтан,олар бірге дайындалады.Бұл екі беті бірдей сүргіленген қара-ғай тақтайларды бір-біріне қапсырып қағуымыз керек немесе желім жағып желімдеуге болады (4-сурет).Қақпағын екі жерден топсамен (5-сурет) бекітіп, тұтқасы мен кекілін орнатамыз.Сандықшаның даярлама бөлшектері дайын болғаннан кейін 6-суреттегідей етіп,ретімен мұқиаттап қағамыз.Енді сандық-шамыз әзір болғасын, оның бет жағын әсемдеуді жасаушы оқушылардың өзіндік логикалық ойлау ерекшеліктері мен (фантазиясы) шеберліктеріне байланысты.Сонымен,оқушылар,біздер сандықтыңшығу тарихын,түрлерін, оның беті қандай және қалай өрнектелетіні туралы біраз ой қозғадық,ерек-шеліктері мен жасалу технологиясына тоқталдық.Қазіргі сабақта қол сандық-ты жасап үйренеміз.Қол сандықты жасауды нұсқау картасына сүйене отырып дайындаймыз.Әрі қарай ендігі жұмысты техника қауіпсіздігі ережелерін есте сақтай отырып, сарамандық жұмысты жүргіземіз. |
Зейінмен мұғалімді тыңдау, дәптерге жазу |
|
|||
|
Сергіту сәті ( 1 мин) |
1. Қолды жоғары көтеріп, “арамен кесіп жатқандай” қимыл жаса. 2. “Балғамен ұрып жатқандай” оң және сол қолға кезекпен қимыл жаса. 3. “Бояу жағып жатқандай” екі қолмен ауада айналдыра қимыл жаса. 4. Терең дем алып, баяу шығарып, иықты айналдыр. 2-3 рет қайталау. |
Жаттығу жасау |
|
|||
|
4. Кіріспе нұсқаулық ( 5 мин) |
Ағашты қолмен өңдеу кезіндегітехника қауіпсіздігі ережелері: 1. Жұмысты бастамас бұрын құрал-саймандарды түгендеп,мұқият тексеру керек(верстактың қысқыш қораптары т.б.) 2. Жұмыс кезінде әр нәрсеге алаңдаушы болма және басқаға кедергі жасама. 3. Кесу,сүргілеу кезінде өңделетін ағаш мықтап бекітілуге тиіс және сол қолды араға жақын ұстамаңдар. 4. Жұмыс соңында жасап жатқан бұйымыңды,материалынды кезекшіге немесе мұғалімге тапсыр. Металмен жұмыс істеу барысындағы техника қауіпсіздігі ережелері: 1. Қаңылтырдың бетін,жиегін саусағыңмен сипама. 2. Қаңылтырмен жұмыс істегенде,міндетті түрде қолғап кию қажет. 3. Сым темірмен жұмыс жасағанда,оның екінші ұшына сақ болған жөн. |
Зейінмен тыңдау, есте сақтау, дәптерге жазу |
|
|||
|
5. Сарамандық жұмыс ( 20 мин) |
Сандықшаның жасалу технологиясы: 1 кезең Өлшемі бойынша бет жағын және артқы жағын,екі жанын жасайды. 2 кезең .Өлшем арқылы қақпақтың екі жанын бірдей жасайды. 3 кезең Сандықшаның бет жағына түсетін оюды қағаздан ойып,қаңылтырға түсіреді.Қаңылтырды өлшемі арқылы қию. 4 кезең .Шеку шегесі (чекан) және балғамен алдын ала қаңыл-тырға түсірілген өрнекті бедерлеп шеку,түзету. 5 кезең 1,2,3,4 кезеңде жасалған бөлшектерді құрыстырады. Алдымен қорабы мен қақпағын жинап,шегелеп,содан кейін қораптың бет жағына чеканка орнатады.Екі бүйіріне тұтқа қағып,топсаларымен кекілін бекітеді. |
Технологиялық карта бойынша бұйымды жасау |
|
|||
|
6. Сабақтың соңы. Рефлексия ( 1 мин) |
1. Бүгін сабақта мен не жасадым? 2. Маған не ұнады? 3. Маған не қиын болды? 4. Мен кімге көмектестім немесе кім маған көмектесті? 5. Келесі сабақта мен не жасағым келеді? |
Оқушылардың жауаптары |
|
|
||
|
7. Қорытындылау. (бағалау, үй тапсырмасы) ( 4 мин) |
5 кезеңнің жұмыстары, әр оқушы өздерінің жасаған жұмыстарын қорғап,қорытынды жасайды. Оқушылардың тапсырманы орындау барысындағы қателерін талдап, білім-дерін бағалау. Үйге тапсырма: Сандықтың түрлері туралы мәнжазба жазып келу. Оқушылар еңбек құралдарын жинап мұғалімге тапсырып, шеберхананы жинастырады. |
Жұмыстарын қорғайды, құралдарды тапсырып, шеберхананы жинастырады. |
|
|
||

жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Сабақ жоспары Сандық жасау 9 сынып

шағым қалдыра аласыз