400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сабақ жоспары "Сапалық сын есім" 6-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Мен бұл материалды 6-сыныпқа сабақ беретін мұғалімдерге бір пайдасы тиер деген ойдамын.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мұғалімі: Кожакеева Г.У.

Қазақ тілі

Сыныбы: 6

Сабақтың атауы

Сапалық сын есімдер.


Сілтеме

Қазақ тілі оқулығының әдістемесі

Сабақтың жабдығы

Такта,флипчарт,оқулық, сұрақтарға жауап беру, салыстыру, постер салу, дәптермен жұмыс,рефлексия жасау

Жалпымақсаттар

а) білімділік: сын есімнің мағыналық түрлерінің ережесін меңгерту, мысалдармен дәлелдеп көрсету, ажырата алуға үйрету;
ә) дамытушылық: оқушылардың өз бетінше жұмыс істеу, есте сақтау қабілеттерін арттыру, тіл байлығын, сөздік қорын молайту;
б) тәрбиелік: оқушыларды өзара сыйластыққа, басқаның көзқарасын тыңдай білуге тәрбиелеу;
Сабақтың типі: жаңа тақырыпты меңгерту
Сабақтың өтілу әдісі: сұрақ - жауап, Венн диаграммасы
Көрнекілігі: Слайд, кеспе қағаздары, плакаттар, сурет

Оқыту  нәтижесі

Топқа бөлу

Сыныпты жыл мезгілдеріне қарай төрт топқа бөлу. Күз айында туылғандар 1 - топ, қыс айында дүниеге келгендер 2 - топ, көктем айындағылар 3 - топ, жаз айындағылар 4 - топ болып бөлінеді.

Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу

«Қара жорға » биін билету арқылы сыныпта психоло-гиялық ахуалды қалыптастыру


Ортаға шығып «Қара жорға» биін билеу арқылы көңіл күйлерін көтеру

Үй тапсырмасын сұрау

Қызығушылықты ояту


Тақтаға мына сын есімдерді жазып қою.
Әдемі қыз ----------- Өнерлі жігіт
Аласа үстел --------- Желсіз күн
Қызыл көйлек ------ Өткір пышақ
Ащы су -------------- Жазғы демалыс
Ауыр жүк ----------- Тәртіпті оқушы
Оқушылардан бұл сын есімдерді не үшін былай бөліп жазғанымды сұрай отырып, жаңа тақырыпты түсіндіру.
Мағынасына қарай сын есімдер сапалық сын есімдер және қатыстық сын есімдер деп екіге бөлінеді.
Заттың түр - түсін, сын - сапасын тікелей анықтайтын сын есімді сапалық сын есім дейміз. Мысалы: жақсы сөз, жуан ағаш, суық жел, жүйрік ат т. б

Мағынаны тану


Сапалық сын есім. Негізгі түбір сын есімнің өзінен болып, заттың сынын, түр-түсін тікелей анықтайтын болса, ол сапалық сын есім болғаны. Мысалы: көк (шөп), қызыл (бояу), жақсы (сөз), ащы (су), көкшіл (мата), қызғылт (орамал), жақсырақ (орын), ащылау (қымыз), жап-жасыл (орман), тұп-тұщы (өзен).

Оқулықта берілген тапсырмаларды орындау

Сергіту сәті

Иiлiп оңға бiр, иiлiп, солға бiр.

Жаттығу жасаймын.

Оң аяқ, сол аяқ, оң аяқ , сол аяқ

Жаттығу оңай-ақ.

Оқушылар денелерін жатықтырады

Ой толғаныс

1 - топ Венн диаграммасы арқылы бүгінгі жаңа тақырыпты түсіндіреді.
2 - топ сапалық сын есімдердің ерекшеліктерін топтастыру арқылы көрсетеді.

Үй тапсырмасы

Оқулықта берілген тапсырмаларды орындау

Үй тапсырмасын білу, түртіп алу

 Бағалау

Бағалау парақшаларын үлестіру

Өзін өзі бағалау

Кері байланыс

 









Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
22.12.2017
982
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі