400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сабақ жоспары Сақтар 5 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал тарих пәні мұғалімдеріне жарамды. жаңартылған бағдарлама бойынша жасалған сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 5.3.А. Сақтар

Күні:

Сынып: 5 Мұғалім аты-жөні: Дәүлетқанова Б.Т

Сабақ тақырыбы

Берел қорымынан табылған олжалар сақтардың мәдениетін қалай сипаттайды ?

Оқу мақсаты

5.2.2.1.- археологиялық ескерткіштерді сипаттау;

5.2.1.2.- ежелгі тайпалардың дүниетанымын сипаттау;

5.2.2.3.- ежелгі тайпалардың қолданбалы өнер ерекшеліктерін сипаттау

Сабақ мақсаты

Барлық оқушылар:

  • Археологиялық ескерткіштерді, ежелгі тайпалардың дүниетанымын, қолданбалы өнер ерекшеліктерін сипаттай алады;

Оқушылардың басым бөлігі:

  • Берел қорымынан табылған олжаларды саралап, сақтар мәдениетінің маңыздылығын түсіндіре алады;

Кейбір оқушылар:

  • Ежелгі тайпалардың қолданбалы өнер ерекшеліктерін тұжырымдап, бағалай алады;

Ойлау деңгейлері

Білу, түсіну, қолдану

Тарихи концепт

Себеп салдар

Бағалау критерийі

  • Археологиялық ескерткіштерден табылған жәдігерлерді атайды;

  • қорған құрылысын талдайды,сипаттайды;

  • табылған мұрағаттардың ерекшелігін және ортақ белгілерін анықтайды;

  • Ежелгі тайпалардың жерлеу ғұрыптарын талдайды;

  • жерлеу ғұрыптарының мағынасын ұғынады, түсіндіреді;

  • жәдігерлер арқылы наным-сенім мен дүниетанымын сипаттайды;

  • Қолданбалы өнер ерекшеліктерін атап, олардың белгілерін сипаттайды;

  • қолданбалы өнер стилін атайды;

  • өнер туындыларын бағалайды;

Тілдік мақсаттар

Термин сөздер: Саркофаг. Грифон. Мәңгі тоң қабаты. Бальзамдау. Лақат.

Айтылым дағдысы жүзеге асады; Зымыра сұрақтар.Кинеметафора.

Бейнеталдау.

Тыңдалым дағдысы жүзеге асады; Бейне роликтер көру, тыңдау.

Өзара сұхбаттасу,пікір алмасу, «Өрмекші» ойыны.

Жазылым жүзеге асады; «Борттық журнал» кесте толтыру,

«Ассоциация» топтастыру, «Тазалық» стратегиясы толтыру.

Оқылым дағдысы жүзеге асады; Мәтінмен жұмыс.



Құндылықтарға баулу

  • Мәдени құндылықтарға құрметпен қарау,отансүйгіштік рух қалыптастыру.

  • Өз елі үшін мақтаныш сезімін қалыптастыру

Пәнаралық байланыс

Дүниетану, Дүниежүзі тарихы , География.

АКТны қолдану

Видео роликтер, музыка, интернет ресурстары.

Алдыңғы білім

5.2.2.1. археологиялық ескерткіштерді сипаттау;

5.1.2.2. әлеуметтік топтардың ерекшелігін түсіндіру;

5.2.1.2. ежелгі тайпалардың дүниетанымын сипаттау;

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарлаған кезеңдері

Сабақтағы жоспарлаған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин











5 мин


















5 мин

I. Ұйымдастыру кезеңі.

- Шаттық шеңбер. Психологиялық ахуал.

- «Аялдама» ойыны . 1.2.3. топтарға бөлу

1 топ «Сақтар» , 2 топ «Қорған», 3 топ «Берел»


Қызығушылығын ояту. Үй тапсырмасын сұрау.

Миға шабуыл


I. Зымыран сұрақтары:/айтылым дағдысы/


1.Сақтар қорғанының түрлері

2.Алып және орташа қорғандардың биіктігі қанша?

3.Қорғандарда кімдер жерленуі мүмкін?

4. Сақ қоғамында неше топ болды?

5. Сақ қоғамында абыздардың рөлі қандай болды?

6. Әлеуметтік теңсіздіктерді жерлеу ғұрпынан көруге болама? Дәлелде

7. Патшаларға неге алып қорғандар тұрғызылды ?


Үй тапсырмасын бағалау дискрипторлары:

  1. Барлық сұрақтарға толық жауап берген оқушылар (1-7)-5б

  2. 0-1 – 1 б

  3. 2-3 – 2 б

  4. 4-5 – 3 б

  5. 6-7 – 4 б


Қазақстан қартасына назар аударып, Шығыс Қазақстан туралы қысқаша мәлімет беру.


«Берел қорғандары» деректі фильм көрсетіледі.

Балалар сендер осы деректі фильмнен не білдіңдер?

Оқушылар көргендерін талқыға салады.

Сонымен біз бүгін Берел қорғандарынан табылған олжалар сақтар мәдениетін қалай сипаттайтынын зерттеп білеміз.Демек бүгінгі өтетін тақырып «Берел қорымынан табылған олжалар арқылы сақтардың мәдениетін »








Үй тапсырмасы жазылған карточкалар























Қазақстан картасы









«Берел қорғаны» бейнефильм

http://www.royalalbertamuseum.ca/vexhibit/genghis/intro.htm


Сабақтың ортасы

25 мин












2 Тапсырма

Ойланыңдар .Суреттен нені көріп тұрсыңдар? Қандай аң екенін болжап көріңдер. Осындай бейнелерді сақтар неліктен жасады деп ойлайсыңдар ?

2

1

3

1 топ тапсырмасы «Грифон»

Қандай аң екенін болжап көріңдер. Осындай бейнелерді сақтар неліктен жасады деп ойлайсыңдар ?


2 топ тапсырмасы « Безендірген жылқы»

Берел қорымынан табылған жылқылар неге ерекше безендірілген?

3 топ тапсырмасы «Берел қорғаны»

Берел обаларының ерекшелігі неде ?


Деңгейлік сұрақтар

«С» деңгейлі тапсырма;

Неліктен сақтар қолданбалы өнер туындыларында аңдарды бейнелеген?

«В» деңгейлі сұрақ;

Неліктен берелдіктер мәйіттер мен жылқылардың денесін ұзақ сақтағысы келді.

«А» деңгейлі сұрақ ;

Сақтардың қолданбалы өнер туындыларына қандай баға берер едіңдер ?


Дискрипторлар:

  • Табылған мұрағаттардың атауын атайды;

  • «Аңдық стил» белгілерін сипаттайды ;

  • Сақтар қолданбалы өнердегі аң стилінің мәнін ашады;

  • Наным-сенімдері мен жерлеу ғұрыптарын анықтайды;

  • Жерлеу ерекшеліктерін дүниетаныммен байланыстырып сипаттайды?

  • Сақтар обаларымен Берел обасын салыстырып, ерекшелігін айқындайды.


«Баспалдақ» әдісі бойынша

бағалау.


3 Тапсырма 1-2-3 топтар

«Борттық журнал» ( Гудлат)


Терминдер тізбегін жасайды және терминдерге

түсінік береді .



Маған таныс терминдер

Мен үшін жаңалық терминдер

Антрополог

Саркофаг

Археолог

Грифон

Аңдық стил

Мәңгі тоң қабаты

Қорған

Бальзамдау

Абыз

Лақат

Экспедиция

Ақ алтын

Әскери демократия



Дискрипторлар;

  • Терминдерді атайды ;

  • Терминдерге түсінік береді;


«Бағдаршам» әдісімен

бағалау


Сергіту сәті «Жер сілкінісі»


4 тапсырма «Өрмекші ойыны»

Барлық оқушылар шеңберг

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
17 желтоқсан
1027
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі