400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 20 материал табылды

Сабақ жоспары "Сен табиғатқа қандай пайдалы іс-әрекет жасадың?" мектепалды даярлық сыныбы

Материал туралы қысқаша түсінік
мектепалды даярлық сыныбы мұғалімдеріне арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАРЛАУ

ПӘНІ: Жаратылыстану

Тақырыбы: Сен табиғатқа қандай пайдалы іс-әрекет жасадың?

Мектеп № 34 ОМ




Күні

Педагогтің аты-жөні Бошанова Г.А.


Мектепалды даярлық сыныбы

Қатысқандардың саны: Қатыспағандардың саны:


Сабақтың оқытылу мақсаты

0.4.1.1. Табиғатқа зиян келтіруі ықтимал жағдаяттар мен іс-әрекеттерді атау.


Күтілетін нәтиже

Барлық балалар:

• «Табиғатты қорғау» деген ұғымды түсіндіре алады.


Көпшілік балалар:

  • Табиғатқа пайдалы іс-әрекеттерді атайды.

  • Табиғатқа зиян келтіруі ықтимал жағдаяттарды атайды.




Кейбір балалар:

  • Табиғатты қорғау не үшін керек екенін айтып бере алады;

  • Қоршаған ортаға зиян келтіретін жағдаяттармен және іс-әрекеттермен күрес жолдарын айтып береді.

Тілдік мақсат

Дағдыларды дамыту.

«4 бұрыштың стратегиясы (сыни тұрғыдан ойлауды дамыту)» технологиялық тәсілі шегінде болжамдар ұсыну.

Болжамдар ұсыну үшін тіректер пайдалану.

Табиғатқа пайдалы іс-әрекеттер мен зиян келтіруі ықтимал жағдаяттарды салыстыру. Табиғатқа пайдалы іс-әрекеттер мен зиян келтіруі ықтимал жағдаяттардың маңыздылығы туралы әңгіме. Көптілділік: көмек – помощь – help

негізгі терминдер мен сөз тіркестері:

Табиғат қорғау, табиғатты сақтау, пайдалы іс-әрекет, зиянды іс-әрекет; Ағаш отырғызу, гүлге су құю, қоқысты тастау, ағаш сындыру.

сабақта диалог/хат үшін қолданылатын тіл:

Талқылауға арналған сұрақтар.

Табиғатқа пайдалы және зиянды іс-әрекеттер?

Сен табиғатқа қандай пайдалы іс-әрекет жасадың?

Өткен сабақтардан алған білім

Табиғат туралы қарапайым түсініктер; табиғатты сақтап қалу, табиғаттың зиянды амалдар жасамауға және пайдалы іс-әрекеттерге біршама тәуелділігі.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

ресурстар


I. Дұрыс әсерлі көңіл күй орнату.

0-2 мин.

(Ұ) Ұсынылатын мәтін (мысал ретінде)

Табиғат – бізді қоршаған орта, ол адам санасынан тыс, өздігінен пайда болған дүние. Адамсыз табиғат, табиғатсыз адам өмір сүруі мүмкін емес. Табиғат адам үшін – асыл ана. Табиғаттағы жануарлардың мүйізінен, өсімдіктердің тамырынан дәрі-дәрмектер жасаймыз. Қазіргі таңда табиғаттың ластануы үлкен мәселе. Бұл адам өміріне қауіпті. Қазақта «Бір тал кессең, он тал ек» деген сөз бар. Адамның қоршаған ортасы таза болуы тиіс. Табиғаттың қорғаны – жас ұрпақ.

Біз киетін киімді, оқитын кітапты, тағамды – бәрін де табиғаттан аламыз. Табиғатты қорғау – адамның өзін-өзі қорғауы.


II. Өмірлік тәжірибені

маңыздандыру.

Мақсатты болжам.

2–5 мин.

(Ұ) Педагог балаларға бүкіл топ ішінде жайылып қойылған суреттерді жинауды және онда бейнеленгендерді бір сөзбен атап берулерін сұрайды. Педагог балалардың табиғатты қорғау жайында не білетінін анықтап, бүгінгі сабақта не білгілері келетінін, неге үйренгілері келетінін сұрайды (Балалардың пікірлері тыңдалады).

Болжамдар:

  • Табиғатты қорғауға ағаштарды отырғызу жататын шығар.

  • Табиғатқа зиян келтіретін амалдарға жануарларды қоректендіру жата-тын шығар.

Қандай дереккөзден біз мұны біле аламыз? Кітаптардан.

Табиғатты қорғау туралы түсініктерін дамыту

Болжам


Табиғатты қорғауға байланысты бейнеленген суреттер.


Сабақтың ортасы

III. сабақтың тақырыбы

бойынша жұмыс

6 – 28 мин.

(Ұ) «Әли мен Айя, Ағаш отырғызу» мультфильмінен үзінді көруді ұсыну.

(т) «Бұрыштар» сыни тұрғыдан ойлау стратегиясы. табиғатты қорғау керек пе, керек емес пе? Топтарда түсіндіріңдер: 1-топ – керек, 2-топ – керек емес (Не үшін? Неге?).

Педагог балалардың назарын болжамдар ұсынуды үйренуіне аударады. Балалар бұл кезде осы тіректі пайдалануына болатындығын ескертеміз:

  • ықтимал

  • болжамдайық

  • мүмкін

  • солай дейік

  • ал, егер…

(Ұ, т) Әліппе-дәптермен жұмыс. (1-тапсырма)

Балаладың іс-әрекеттерінің қайсысы дұрыс, қайсысы бұрыс екенін түсіндіріп айтады. Әр бала өз ойын айтады.

(Ұ) Өзекті мәселе.

Табиғатқа пайдалы іс-әрекетке ағаш отырғызуды жатқыза аламыз ба?

БОЛЖАМДАР. Ойланшы, бұл іс-әрекет табиғатқа қалай көмектесе алды? (Ұ) Динамикалық кідіріс.

(Ұ, т) Бақылау.

Педагог балаларға тіршілік үшін бәріміз бірге табиғатты қорғамасақ, не болатындығы туралы БОЛЖАМДАР ұсынуды сұрайды? (Ағаштарды кесу. Ағаштың суреті бар карточка тақтаға бекітіледі). Ағаштарды кесіп азайтып, не тіпті жойып жіберсек, не болады, болжамдаңыз. Ал егер ағаштарды көптеп отырғызып жіберсек не болады? (Таза ауа, желден).

«Әли мен Айя, Ағаш отырғызу»

мультфильмінен үзінді.

Әліппе-дәптер.

Ағаш отырғызып жатқан суреттер.



Сонымен жануарларды аялап, сақтауға тырысу табиғатты қорғауға жатады ма? (Қошақанды емізіп жатқан баланың суреті бейнеленген карточка тақтаға бекітіледі). Өсімдіктерді қорғауға не керек? (Жарық, судың суреттері бейнеленген карточкалар тақтаға бекітіледі).

(Пт, Ө) табиғат өзін қалай сақтайды?

• Жануарлар жыл мезгіліне қарай түсін ауыстырады. Өсімдіктер өсетін жеріне қарай бейімделеді.

(Ө) Өзекті мәселе.

Біздің табиғаттың осы қалпында сақталып келе жатқанына не көмектеседі? (Балалардың болжамдары: ағаштардың отырғызылуы, жануарларға адамдардың қамқорлығы,…) тәжірибелік-зертханалық жұмыс іс-әрекеті мүмкіндігі болып жатса, педагог пен тәрбиеленушілер іс-әрекетінің шапшаңдығына байланысты): «қағаз неден жасалады». Нәтижесінде балалар қағаздың ағаштан жасалынып, оны көп ысырап етпеуін үйренуі керек. Әр тәжірибенің элементі туралы сипаттау керек.

Балаларға сурет бойынша тірек сөздердің көмегімен сұрақтар құрастыруға тапсырма беру.

Балаларға түсінікті және қарапайым суреттерді қолдану.

Үлгі сұрақтар: Табиғатқа зиян келтіретін қандай іс-әрекеттер бар? Пайдалы іс-әрекет дегеніміз не? Табиғатты қалай қорғаймыз? Табиғатқа қамқорлық дегенді қалай түсінесіндер? т.б.

Өсімдіктерді қорғауға не керектігімен салыстырамыз. (Жануарларға

керектінің бәрі өсімдікке де қажет деген қорытындыға келеді)

Сабақты қорытындылап, осы ұғымдармен балалар жетік танысуы керек.

Табиғат – күн, ауа, жер-су, өсімдіктер, жануарлар.

Табиғатқа қамқорлық – табиғатты зиян заттардан қорғап, оны сақтап қалу.

Пайдалы іс-әрекет – нәтижесінде жақсы көрсеткіштер болатын іс-әрекет.

Ағаш, су, күн сәулесі, қошақан, лақ бейнеленген

карточкалар.

Әліппе-дәптер.

Ағаш қоқымдары, попирустар, қазіргі қағаздар.



Зиян келтіретін амалдар – өзінен кейін жамандық қана қалдыратын амалдар.

(Ө) Әліппе-дәптермен жұмыс. Деңгейлік тапсырмалар.

2-тапсырма. «Табиғатты қорғау» тақырыбында сурет салады.

3-тапсырма. Берілген суретті бояйды. Әңгімелейді.

Әліппе-дәптер.

Сабақтың соңы

IV. сабақтың қорытындысы. рефлексия.

28-30 мин.

(Ө, Қ) Педагог балаларды қорытынды жасауға әкеледі: Жануарларға тіршілік үшін жылу, тамақ, су және ауа керек. Өсімдіктерге де осы компоненттер қажет. Жануарлар мен өсімдіктерді қорғау арқылы, біз табиғатты қорғаймыз. Сондықтан жануарлар мен өсімдіктер әлемін қорғау біздің парызымыз.

Рефлексивті бағалау.

Педагог балаларға жапырақты кез келген түсті қарындашпен бояп шығуға ұсыныс жасайды:

1 (бір) деңгей – ештеңе түсінбедім.

1 және 2 (екі) деңгейлер – түсіндім, бірақ түсіндіріп бере алмаймын. 1, 2 және 3 (үш) деңгейлер – бәрін түсіндім, басқаға түсіндіріп бере аламын.

Әліппе-дәптер.

Түрлі түсті қарындаштар.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
16 ұстаз жүктеп алған
18 мамыр
2606
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі