400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сабақ жоспары "Шеңберлерді тең бөліктерге бөлу" 9 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
сызу пәні мұғалімдеріне пайдалы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Тақырып: Шеңберлерді тең бөліктерге бөлу

Мектеп:

Күні

Қатысушының саны

Қатыспағаны

Пән: Сызу

Мұғалімнің аты-жөні

Бираяков КК


Сынып: 9

Оқыту

мақсаты:

Шеңберсызардың көмегімен шеңберді тең 3/4/5/6/7/8/12 бөліктерге бөлуді үйрету. Шеңберсызармен (циркуль) жұмыс істеу машығын дамыту.

Оқыту

мақсаты/ Күтілетін нәтижелер:


Барлығы: шеңбер сыза алады, тең төрт және сегіз бөліктерге бөлуді меңгереді

Көпшілігі: шеңберді тең үш, алты, он екі бөліктерге бөлуді орындайды

Кейбіреулері: шеңберді тең бөліктерге бөлуді пайдаланып өрнек эскизін орындайды

Тілдік мақсат:

Пәнге қатысты терминдермен танысып сөздік қорын молайтады: пепендикуляр, ось, фланц, гипотенуза, плашка(бұранда кескіш), ролик (аунақша)

Алдынғы (бұрынғы) оқыту:

Өткен сабақта кесінділер мен бұрыштарды тең бөліктерге бөлу кезінде шаңберсызармен жұмыстар атқарып жұмыс істеу дағдылары қалыптасады. Осы әдіс пен қалыптасқан дағдыны сабақта пайдаланамын.


Ж о с п а р

Жоспарлау уақыты (минутпен)

Жопарланған іс-әрекеттер

Бағалау


Ресурстар

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеттері

Кіріспе

5-7 мин

Сабақтың мақсатымен таныстырамын Кесіндіні тең бөліктерге бөлудің қарапайым тәсілдерін еске түсіреміз.

  1. Берілген АВ кесіндісін тең п бөліктерге бөлудің жолдарын кім айтып бере алады?

  2. Мына қол өнер бұйымдарындағы өрнектер мен түстік шеңбер туралы не айта аласың?

  3. Қандай пішіннің ішінде (фигурада) орналасқан? Осы өрнектер мен түстік шеңберді салу үшін сен неден бастар едің?

Яғни біздің бүгінгі тақырыбымыз: Шеңберді тең бөліктерге бөлу

Шеңбер туралы не білесіңдер? Тағы не білгің келеді?

Сұрақтарға берілетін мүмкін жауаптар:

  1. А төбесінен сүйір бұрыш жасайтын сәуле түсіріп осы сәуле бойынан шеңберсызардың көмегімен бірдей п кесінді аламыз соңғы нүктені В нүктесімен қосып осы кесіндіге параллель кесінділер салсақ АВ кесіндісі тең бөлінеді.

(Тақтада көрсетуіне болады)

  1. Оқушылар ойланып өз ойларымен бөліседі.

  2. Шеңберде орналасқан. Шеңбер сызудан бастар едім.

Білемін. Білгім келеді.

Кестені жұптасып толтырады.

Формативті қалыптастырушы бағалау. Жауап берген оқушыларға бас бармақ арқылы берген жауабын бағалату.

Сызу пәні оқулығы жалпы білім беретін мектептің 9сыныбына арналған оқулық. Авт В.Г Чукалин, М.М.Ахметжанов

Слайд 1

Презентация

8-10 мин

Шеңбер толық айналып келгенде қанша градус болады? Оның 4/1 қанша болады?

360/5=

Яғни транпортирдің көмегімен шеңберді тең бес бөлікке бөлуге болар еді.

Тақтамен жұмыс

Шеңберді тек циркульдің көмегімен тең бес және жеті бөлікке бөлуді көрсетемін

Шеңберге іштей дұрыс бесбұрыш салу үшін оның өзара перпендикуляр АК және МN диаметрлерін жүргіземіз. NО кесіндісінің ортасын табамыз |NL| = |LO| L нүктесін центр етіп алып, А нүктесі арқылы шеңбер жүргізеді. Міне, осы шеңбер МN диаметрін F нүктесінде қияды. Сонда АF кесіндісі берілген шеңберге іштей сызылатын дұрыс бесбұрыштың бір қабырғасының ұзындығын береді. Шеңберсызар сирақтарының бір ұшын А нүктесіне, екінші ұшын F нүктесіне орнатып, одан кейін шеңберсызар сирақтарының аралығын өзгертпей шеңбер бойынша, мысалы, А нүктесінен бастап төрт рет өлшеп салу арқылы В, С, D және Е нүктелерін аламыз. А және Е нүктелерінің аралығын А және F нүктелерінің аралығымен салыстырып көреміз

Шеңбер 3600

Шеңбердің 4/1 бөлігі 900болады

=72

Оқушылар дәптеріне менімен бірге сызып отырады.

Түсінбей қалған жерлері болса сұрақтар қояды

Нәтижесінде дәптерге екі сызба орындайды олар: шеңберді тең 5 және жеті бөліктерге бөлу.

Оқушылардың дәптерлеріне тақтадағы сызбаны көшіріп сызғанын қадағалаймын

Сызу пәні оқулығы жалпы білім беретін мектептің 9сыныбына арналған оқулық. Авт В.Г Чукалин, М.М.Ахметжанов


Слайд 2

Негізгі бөлім

25 мин


Топтар жұмыстарын қорғау үшін 10 минут

Оқулықпен жұмыс.

Оқушыларды отырған орындарында төрттен топтарға бөлу.

Шағын топтарда жұмыс істеу. Шеңберді тең үш, алты, он екі бөлікке бөлуді оқушылардың өздеріне тапсырамын. Оқушылардан тек берілген бөліктерге бөліп қана қоймай оны бір геомертиялық өрнектің эскизі түрінде ұсынса шығармашылықпен жұмыс істесе тіпті тамаша болатыны айтамын.

Бағалау критерийлерімен таныстырамын.

Топтар өз жұмыстарын қорғау кезінде сыныптағы тәртіпке және осы жұмыс бойынша туындаған сұрақтары болса қоюларын өтінемін.

Екі оқушы артына қарап отырып шағын топтарға бөлініп оқулықпен жұмыс істейді. Топтағы рөлдерді өздері бөліп алады.

Топбасшы -бағалау парағында топ мүшелерін бағалайды және оқулықты оқып басқаларына түсіндіреді жұмыс ұйымдастырады.

Конструктор-сызбасын сызады.

Бақылаушы –уақытты бақылап отырады. Берілген уақытты тиімді пайдалану керектігін.

Спикер- жұмысты қорғайды. Топтың басқа да мүшелері көмектесуіне болады.

Басқа топтың оқушылары осы түсіндіру бойынша дәптерлеріне шеңберді тең бөліктерге бөлуді орындап отырады.

Нәтижесінде: әр оқушы дәптерінде шеңберді тең үш, алты, он екі бөлікке бөлуді орындауы керек.

Критерийлер арқылы бағалау

1.Сызбаның орындалуы

2. Өрнек түрінде ұсынылу

3. презентация (тұсаукесер) жасау

Дескриптор:

1.1 сызба жұмысының рәсімделуі

1.2 тапсырманың толық орындалуы

1.3 сызба жұмысының тазалығы

2.1 өрнектің күрделілігі

2.2 әдемілігі

3.1 топ мүшелерінің қатысуы

3.2 тұсаукесер кезіндегі ойдың жүйелілігі

3.3 ақпараттың толықтығы

Сызу пәні оқулығы жалпы білім беретін мектептің 9сыныбына арналған оқулық. Авт В.Г Чукалин, М.М.Ахметжанов


Слайд 3

Рефлексия

5мин

Шеңберді тең бөліктерге бөлу тақырыбы бойынша білгені туралы жазады.


Білдім бөлігін толтырады.

Білдім бөлігін толтыра отырып осы тақырыпты қанша-лықты меңгергендігін анықтаймын


Үйге тапсырма

Дидактикалық материалдағы 14 тапсырманы ұялы телефондарына суретке түсіріп алып үйден орындауды тапсырамын. Оқу 12. 26-29бет

Күнделікке жазып алу



Қосымша ақпараттар

Дифференциация

Қатысушыларға көмектесуді қалай жоспарлайсыз?

Анағұрлым дағдысы қалыптасқан қатысушыларға қандай тапсырмалар беруді жоспарлайсыз?

Бағалау – қатысушылардың білімін/прогресті қадағалауды қалай жоспарлайсыз? (ақпартатты қорытындылау/бағалау идеясы)

Пән аралық байланыс:

Геометрия пәнімен шеңбердің анықтамасы мен қанша градус болатыны сұрау кезінде байланыса, технология және бейнелеу өнері пәнімен түстік шеңбер мен оюға эскиз жасау кезінде байланыс орнайды.

Білемін. Білгім келеді. Білдім кестесін толтыру арқылы бүгінгі сабақта тақырыпты сыныптың қаншалықты меңгергенін анықтаймын.

Шағын топтарды жұмыс ұйымдастыру арқылы оқушылардың бір біріне көмектесуіне мүмкіндік беремін. Жада пайдаланып өзіндік қалыптасуын дамытсам. Уақыт болып жатса деңгейлік тапсырма берем..

Рефлексия




Оқыту/сабақтың мақсаттарына жете алдыңыз ба?


Бүгін қатысушылар нені үйренді?

Оқытуда атмосфера қалай болды?


Менің дифференцирленген әдіс-тәсілдерім жұмыс барысында қаншалықты орындалды?

Мен кестеге сай жұмыс жасадым ба?

Мен өз жоспарыма қандай өзгерістер енгізуіме болады және неге?


Бұл орынды өз сабағыңыз бойынша бақылау барысын жазуға қолданыңыз. Сол жақ бағанда жазылған сұрақтарға жауап бере өз сабағыңыз бойынша жазыңыз


Қорытынды бағалау

Сәтті болған екі жағдайды атаңыз (оқу мен оқыту)

1:

2:

Сабақты жақсартуға мүмкін болатын екі жағдайды атаңыз (оқу мен оқыту)

1:

2:

Сынып/аудитория жайында мен қандай жаналық білдім, сонымен қатар жеке қатысушылар туралы не білдім, менің келесі сабақты өткізуіме осы аталғандар қалай әсер етеді/қалай көрініс табады?











Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
22.12.2017
1041
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі