400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сабақ жоспары "Септік жалғауының емлесі" 4 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал бастауыш 4-сынып мұғалімдеріне қажет, өзіне қажетті әдіс-тәсілдерді осы материалдың көмегімен табады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітемін_______________

Күні: 1.02.2017ж.

Сыныбы: 4 «А»

Пәні: Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Септік жалғауының емлесі

Сабақтың мақсаты:

а) білімділігі: зат есімнің септелу жүйесін және септік жалғауларының емлесін меңгерту, сөйлеу кезінде септік жалғауларын дұрыс қолдана білуге үйрету;

ә) дамытушылығы: оқушылардың сауатты жазу дағдыларын жетілдіру , сөздік қорын байыту, байланыстырып сөйлеу дағдысын одан әрі дамыту;

б) тәрбиелілігі: оқушыларды тапқырлыққа , еңбекшілдікке , ана тілін қадірлеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, семантикалық карта

Сабақтың көрнекілігі: ереже, суреттер

Сабақтың жүру барысы

І. ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚТЫ ОЯТУ

Психологиялық дайындық

Үлкенге де «сіз»

Кішіге де «сіз»

Сәлем бердік сіздерге

Құрметпенен біз

Үй тапсырмасын тексеру

75-жаттығу. Сөздерді оқы. Тек көмектес септіктегі сөздерді торға түсір.

ІІ. МАҒЫНАНЫ ТАНУ

76-жаттығу. Жұмбақты оқып, жатқа жаз.

Екі ішек бар далада,

Ауылды жалғар қалаға.

Қаланы жалғар ауылға,

Екі ішекпен зулайды ел,

Жауында да, дауылда.

  • Зат есімдерді тауып, қай септікте тұрғанын айт.

77-жаттығу. Берілген зат есімдерді екі түрлі септікте қойып, жақшадағы сөзбен тіркестіріп жаз.

Гүлнұр (бару), жіп (байлау), қол (жуу), ән айту.

Үлгі: жіпті байлау, жіппен байлау; ...

78-жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті септік жалғауларын қойып, сөйлемдерді көшіріп жаз.

1. шекпен... су да, жел де өтпейді. 2. Әйелдердің сәукеле... кейінгі баскиімдерін қарқара, қасаба, тақия деп атайды. 3. Келіні жуан әрі тұтас ағаш... үңгіш жасайды. 4. Бұл оқиғаны журнал... оқыдым.

79-жаттығу. Төмендегі сөздердің тиістісін қойып, өлеңді қалпына келтір.

Өз Отаным – маған күн,

Мен басқаны ұқпаймын.

Әкем менен анамның

Айтқанынан шықпаймын.

80-жаттығу. Мақалды оқып жатқа жаз.

Ел жасымен көрікті,

Тау тасымен көрікті.

  • Көмектес септіктегі сөздердің жалғауына назар аудар. Мақалдың мағынасын түсіндір.

81-жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті септік жалғауларын қойып, көшіріп жаз.

1. Оқығанды көңілге, ықыласпен тоқылық. 2. Хат Астанаға келіпті. 3. Асыл Жанармен сөйлесті. 4. Қойдың жүні пайдалы. Жүнді фабрикада түрлі маталар тоқылады.

ІІІ. ОЙ ТОЛҒАНЫС

  • Бүгін біз не үйрендік?

Үйге тапсырма

82-жаттығу. Ребусты шеш. Шешуіндегі сөзді қатыстырып сөйлем құра.

83-жаттығу. Сурет бойынша әңгіме құра. Әңгімеде көмектес септіктегі сөздері бар сөйлемдер болсын.

Бағалау

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
18 желтоқсан
1894
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі