жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Сабақ жоспары Шешімді табу 9 сынып
Сабақ жоспарының үлгісі
Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: Процесстерді электронды кестелерде модельдеу |
Мектеп: Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы, Нарқызыл негізгі орта мектебі |
|||||||||||||||||
Күні: |
Мұғалімнің аты-жөні: Арықбаева Нұрагүл Асылбекқызы |
|||||||||||||||||
Сынып: 9 |
Қатысқандар: |
Қатыспағандар: |
||||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы |
Шешімді табу |
|||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
9.3.2.2- қойылған есептің нәтижесін бағалау
|
|||||||||||||||||
Сабақтың мақсаты |
Барлық оқушылар: Үлгіні пайдалана отырып, қарапайым есепті компьютерде құрады, нәтижесін бағалайды. Басым оқушылар: Excel-де есептер шығару кезеңдерін біледі. қойылған есептің нәтижесін бағалайды. Кейбір оқушылар: Электронды кестедегі деректермен жұмыс істегенде автоматтық толтыруды қолданады. |
|||||||||||||||||
Бағалау критерийі |
Өз бетімен компьютерде есептеу жүргізе алады. Есептің нәтижесін шығарады. Шыққан нәтижені тексеріп, бағалауды қолданады. |
|||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар
|
Пәндік лексика және терминология: Кесте, функция, формула, электронды кестеде формуланы жазу, салыстырмалық, абсолюттік, аралас сілтемелер. Диалогтар мен жазу үшін пайдалы сөз тіркестері:
|
|||||||||||||||||
Құндылықтарға баулу |
Бір біріне деген сыйластық, жұптық жұмыс, өзара көмек. Оқушылар бірлесе жұмыс жасап, білім мен ғылымды біріктіру, білім алу керектігін түсінеді. |
|||||||||||||||||
Пәнаралық байланыс |
Физика – заңдылықтар, формулалар. Математикалық есептеулер және болжау, қарым-қатынас. |
|||||||||||||||||
Тақырып бойынша алдыңғы білім
|
Электрондық кесте элементтерін форматтау, кестелердің автоматты түрде толтырылуы. |
|||||||||||||||||
Сабақ барысы |
||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері
|
Ресурстар |
||||||||||||||||
Сабақтың басы (10 минут)
|
І. Ұйымдастыру. 1. Сәлемдесу, оқушылардың сабаққа қатысуын түгелдеу. 2. Психологиялық жағымды ахуал орнату.
«Бұзық телефон» әдісі (Сергіту сәті ) Мақсаты: Дұрыс айтылым, тындалымға бағыттау. Тиімділігі: Оқушыларды сергітіп, дұрыс тындауға ынталандырады. Қолданылуы: Оқушылар шаттық шеңберге тұрады. Бастайтын адам келесі адамның құлағына бір сөз сыбырлайды, соңында сол сөз бастаған адамға қайта жету керек, соңында сөзді ауыстырып жіберген адам анықталады.
3. Доппен, әріптермен бөлу әдісін пайдалана отырып топқа бөлу. Тақырыпты меңгерту мақсатында қолдануға болатын ең қарапайым топқа бөлу формалары. Доппен бөлуде – топбасшысы бір-біріне допты беру арқылы өздерінің топ мүшелерін жинақтаса, әріптер арқылы доптың суретін шығарып алады.
Алдыңғы білімді тексеру. «Шахмат» әдісі арқылы үй тапсырмасын тексеру. Саймон Браунхилл бойынша Мақсаты: Өткен тақырыптар бойынша қайталау, кері байланысты жазбаша жүргізу. Тиімділігі: Маңызды ақпараттар туралы ой бөлісіп, жазылым, оқылым, тыңдалым мен айтылым бойынша дағдылары қалыптасады. Қолданылуы: Шахмат тақтасының суретін пайдалану арқылы оқушылар бос тұрған ақ ұяшықтарға өз ойларын кезекпен жазады, кейін ой бөліседі. «Басбармақ» тәсілімен бағалау. |
https://ust.kz/word/sabaqta_qoldanylatyn_50_adis_jinagy-2546.html |
||||||||||||||||
Сабақтың ортасы (25 минут)
|
Жаңа білімді меңгерту. Белсенді оқыту. «Биопоэма» әдісі Мақсаты: Жаңа тақырыпты қаншалықты деңгейде түсінгенін анықтау, жан-жақты ақпарат жинақтауды, ол ақпаратпен бөлісуді жүзеге асырады. Қолданылуы: Жаңа тақырыпқа мәтін беріледі. Мәтінді оқып болғаннан кейін А-4 парақты 8 бөлікке бөліп, әр бөлікке тақырып бойынша түсінген маңызды ақпаратты толтырады. Мәліметтерді толықтырып болғаннан кейін, екі топ мүшелерінің біреуінен ұқсастықты байқап, саралап, мәліметтерді толықтырады. «Ауызша кері байланыс» әдісімен бағалау.
«Қарлы кесек» әдісі Мақсаты: Ұжымдасып өз ойларымен бөлісе алады. Нақтылыққа үйретеді. Тиімділігі: Оқушылардың айтылым, жазылым, тындалым бойынша дағдылары қалыптасады. Ынтымақтастық қарым-қатынаста болады. Қолданылуы: Әрбір топ окушылары басқа топтарға бағыттап параққа сұрақ жазып лақтырады. Сұрақтармен кезек-кезек алмасады. Топтық жұмыс Тапсырма
№1 Дискриптор:
Стикер арқылы өзара бағалау. Жеке жұмыс Тапсырма №2 Компьютер құрылғыларының тізімі мен бағасы алдынала беріліп, компьютердің құнын есептеп, өзімізге қажетті компьютерге қанша қаражат керек екендігін анықтау.
Компьютер құнын есептеудегі экономикалық модель. Дискриптор:
Саралау тапсырмалары. Мақсаты: оқушылардың білім деңгейлері әртүрлі болғандығына қарай оқытуды бейімдеу. А – деңгейі. Excel электрондық кестесінде пайдаланылатын мәліметтер типін жікте және мысалдар келтір.
В – деңгейі. Келесі ақпаратты құрылымға келтіріңіз: Сыныпта 5 оқушы бар. Ақылов Арнур баскетбол секциясына барады және оның жасы 12-де. Алтынай Омарова биге қатысады және оның жасы 14. Дима Уваров – футболшы және ол 15 толып қойды. Белов Алексей де баскетболшы, жасы 14, ал Сергазин Болат футболға барады жасы – 13 те.
С – деңгейі.
Ұяшықтарға келесі форматтарды орналастыр (Формат ячеек): № - жалпы формат Дата - формат Дата Тауардың аты – мәтіндік формат Саны – сандық формат Бағасы – ақшалай формат % үлесі - пайыздық формат. Дискриптор
|
Информатика – жалпы білім беретін мектептің 9 – сыныбына арналған оқулық Г.И.Салғараева, К.А.Калымова, Ж.А.Орынтаева / Астана: «Арман - ПВ» - 2019.
|
||||||||||||||||
Сабақтың соңы (5 минут)
|
Сабақ соңында оқушылар «Білім шамы» арқылы рефлексия жүргізеді. Мақсаты: Өзін, сыныптасын бағалау. Мұғалімнің жұмысын жақсарту мақсатында ұсыныс білдіру. Жаңа сабаққа кері байланыс жасайды. (қызыл, жасыл, сары) - барлығын түсіндім: - түсініп келемін, сұрақтарым бар: - тақырыпты түсінбедім. |
|
||||||||||||||||
Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз? |
Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз? |
Денсаулық
және
қауіпсіздік
техникасын
сақтау |
||||||||||||||||
Саралауды әр баланың қабілеті бойынша рөлдер мен жауапкершілікті бөлу арқылы жүргізілетін топтық жұмыс барысында қолдандым. Оқудың әртүрлі түрлері іске асырылады: жұптық жұмыс, практикалық жұмыс, саралау тапсырмалары. |
«Басбармақ» тәсілімен, «Стикер» әдісімен бағалау. Оқушылар бір-бірінің жұмыстарын дұрыс нұсқамен салыстыра отырып бағалайды
|
Компьютермен жұмыс жасау барысында, оқушылар компьютерді пайдаланудағы эргономика талаптары және компьютердің зиянды әсерінен қорғану тәсілдерімен танысады. |
||||||||||||||||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген