Бекітілді:
Мектеп: Б.Нысанбаев орта мектебі
Мерзiмі: 25.11.2016ж.
Сабақ: 12
Тақырып: Сіз деген – әдеп, біз деген – көмек
Құндылық: «Дұрыс әрекет»
Қасиеттер: мейірімділік, сыпайылық, қамқорлық
Мұғалiм:А.Борашова
Сынып: 3 «ә»
Оқушылар саны: 21
|
Мақсаты: оқушыларға «сыйластық», «қамқорлық» туралы түсініктерін кеңейте отырып, «Дұрыс әрекет» құндылығының мәнін ашу. Сабақтың міндеттері: Білімділігі: Өзара сыйластық қарым – қатынастарының адам өміріндегі мәнін түсіндіру; Дамытушылығы: Бірлесіп еңбек етуге қызығушылықтарын арттыру; Тәрбиелігі: Өзара сыйластыққа, көмекке тәрбиелеу. |
Ресурстар: үнтаспа, оқулық, дәптер, слайд |
|
Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңi. Оқушылармен амандасып,сабағымыз қызықты әрі тиімді өту үшін «Өзін – өзі тану» сабағының «5-Т» ережесін қайталаймыз. Тәртіп, талап, тыныштық, тазалық, татулық.
Тыныштық сәті Нұрға бөлену. Ыңғайланып отырып, денелеріңізді түзу ұстап, аяқ - қолдарыңызды айқастырмай, қолдарыңызды үстелге қойып, көздеріңізді жұмып, елестетіп көріңіздер: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек - қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түседі. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істерді атқарады және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. олар нұр мен махаббат құралына айналды. Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыныз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді. Нұр шұғылана бастап, сіздің денеңізден шығып жан - жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңыз бен таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей ренжіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, Олардың да жүрегі нұрға толсын. Осы нұр бүкіл әлемге: Барлық адамдарға, жан – жануарлар мен өсімдіктерге барлық тірі жанға таралсын.... Ғаламның барлық түпкір - түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: “Мен нұрлымен... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын”. Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Жаймен көздеріңізді ашуға болады. Рахмет. Сұрақтар: 1.Қандай сезімде болдыңыздар? 2.Жаттығу сіздерге қалай әсер етті? Үй тапсырмасын тексеру. А.Асылбековтің «Сүйіспеншілік» шығармасын түсініп оқу, мазмұнын айту
|
Сабақ барысын талқылау: Оқушылардың емін – еркін дұрыс отыруын қадағалау |
|
Дәйексөз.
«Көп жүрген жер –көңілді.,көп еңбегі-өнімді.» (Оқушылар дәйексөзді бірнеше рет қайталап, дәптерлеріне жазып, мағынасын түсіндіреді) Қорытынды: Бір адам жалғыздан жалғыз көп жұмысты бітіре алмайды, жұмыс жасаса да әрі қызықсыз, әрі қажыр қайратын тауысып барып ұзақ уақытта аяқтауы мүмкін. Ал көп болса, жұмыс әрі қызықты, әрі тез, әрі тиянақты бітеді. Бәрі бірге жасаған жұмыстан адамның көңіл күйі көтеріледі, тіпті дем алады. Бұл адамды достыққа, қамқор болуға жетелейді. |
|
|
Әңгiмелеу Е.Өтетілеуов «Бірлік» Данияр мектептен келсе, үйдің
алды омбы қар боп қалыпты. Ол тамағын ішті, аздап демалды да аулаға
шықты. Қорадан қол шанасын алып, оған талдан тоқыған қорапты таңып
бекітті. Қолына күрек алды. Ауланың қарын тазартуға кірісті.
Қорапқа қар толтырып, шанамен сырғытып, оны алысқа апарып төгеді.
Жалғыз өзі қанша қимылдаса да, ісі
өнбеді. Сұрақ:
Көпшіл болудың мақсатында атты әңгімесін оқу.
Қорытынды: Әрбір адам «Сіз»бен «біз» туралы ұмытпаса, оны өмірде қолданбаса, онда барлық адамдар бір – бірімен жарастығын, сыйластығын табады, әлемде тыныштық орнайды, бейбіт, бақытты өмір болады. «Адамдар арасындағы ізгілік, сыйластық қарым – қатынасынан әдептілік туады». Әдепті адам биязы, инабатты, ізетті, сыпайы, тәртіпті болады. |
|
|
Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.
«Мен әдепті баламын» таұқырыбына өлең шығару Қорытынды: қазақ халқында өзінен үлкенмен, сондай –ақ жасы кіші болса да сыйлы адаммен «сіз»деп сөйлесу игі әдетке айналған. Бұл сыпайылықты, адамға деген сыйластықты білдіреді. «Біз»деген ұғым көпшілікті білдіреді. «Жалғыз ағаш орман болмайды »деген халық мақалы бар. Сол сияқты жалғыз адам бір өзі адами қасиеттерді көрсете алмайды, адамның адамдығы адамдармен бірге көрінеді. |
|
|
Топпен ән айту. А.Естеновтың «Әдеп» өлеңі |
|
|
Үй тапсырмасы. Е.Өтетілеуов «Бірлік» мазмұнын айту. Ө.Тұрманжанов «Сіз», «біз» деген жылы сөз (жаттау) |
|
|
Соңғы тыныштық сәтi. Балалар ішкі тыныштығымызды жүрегімізде сақтап, өз ойымыз, ісімізбен сөзімізге сенімді болып, ешкімге қиянат жасамай, дұрыс әрекет етіп, отбасымызды, бүкіл адамзатты риясыз сүйіспеншілікке бөлейік. Бүгінгі сабақтан алған әсерлерімізді жүрегімізге орналастырайық. Тыныштық, тыныштық, тыныштық, тыныштық бар жерде, тыныштық, тыныштық, тыныштық, тыныштық бүкіл әлемде |
|
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Сабақ жоспары "Сіз деген – әдеп, біз деген – көмек" 3 сынып

шағым қалдыра аласыз