Сабақ жоспары Сөйлем. Сөз. 4-сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сабақ жоспары Сөйлем. Сөз. 4-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Түзету-дамытушылық: фонематикалық естуді, зейінді, ойлауды, есті дамытуға жағдай тудыру; дыбыстық анализ және синтез дағдыларын дамытуға негіз болу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Авторы: Бутанова Алия Серикболовна

Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы «№36 ЖОББ мектебі» КММ

инклюзияны қолдау кабинетінің логопеді

4 – сынып

Тақырыбы: Сөйлем.Сөз.

Мақсаты:

Білімділік: Сөз бен сөйлемді ажырату, әріптерді дұрыс жазу.

әріптерді дұрыс жазғыздыруға негіз болу; «орман» тақырыбы бойынша сөздік қорын дамыту.

Тәрбиелік: оқушының сабаққа деген жағымды көз қарасын, ұқыптылығын қалыптастыру.

Түзету-дамытушылық: фонематикалық естуді, зейінді, ойлауды, есті дамытуға жағдай тудыру; дыбыстық анализ және синтез дағдыларын дамытуға негіз болу.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастырушылық кезең.

Оқушымен амандасу, зейінін сабаққа аудару.

Артикуляциялық гимнастика.

Логопед: - Дыбыстарды нақты және әдемі дыбыстау үшін біз жаттығулар орындаймыз. Мысалы: «Сағат», «Ине», «Алтыбақан», «Тәтті тосап», «Кесе».

Логопед: - Казір қандай жыл мезгілі?

Массаж

Оқушы: - Күз.

Логопед: - Күздің қандай белгілерін білесің?

Оқушы: - Жапырақтар түседі, жаңбыр жауады, күн суытады және т.б.

Логопед: - Өзіне жаңбырдың жауғанын елестетіп көрші, ол бетіміздің бойымен ағады (сипалау), ал енді жаңбырдың тамшылары бетімізге соғылады (саусақ ұштарымен бетті ақырын соққылау), ал енді су бетіміз бен мойын арқылы ағады (бет пен мойынды сипалау).

Мимикалық бұлшық еттерді дамыту.

Логопед: - Жаңбырдан кейін жарқырап күннің көзі шыға келеді, біз оған қуанамыз (күлімдеу). Бірақ қайтадан бұлттар толып жиналды, біз оған қапаланамыз (қабақ түйю). Одан соң күзгі жел соғып, бұлттарды алып кетті, біз қайтадан қуанамыз (күлімдеу).

Негізгі бөлім.

Логопед: - Әмір, сөз дегеніміз не?

Сөз- әріптерден , дыбыстардан, буыннан құралады.

Логопед:-Ал, сөйлем дегенді қалай түсінесің?

Сөйлем- сөздерден құралады, соңына тыс белгісі қойылады, бірінші сөзі бас әріппен жазылады, сөздер бөлек жазылады, белгілі бір ойды білдіреді.




Сергіту жаттығуы.

«Фотоаппарат» Қысқа мерзімді көру арқылы есте сақтауды дамыту.

Алдымен балаға өзін фотоаппарат ретінде сезіну керек. Және үстел үстіндегі заттарды есте сақтау. Баланың көзін жұмдырып есте қалған заттарды айтқызу.

1 – тапсырма. Сөйлемдерді ретімен құрап жаз.

Жарқырайды шам электр көшеде. Доп қызыты болды балаларға ойнау.

Автобуспен мектепке мен барамын.

2 – тапсырма. Сөздерді көпше түрде жаз

Кітап-

Журнал-

Тоғай-

Гүл-

Жапырақ-

Машина-

Бала-

Қорытындылау.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
28.11.2021
1272
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі