Бекітемін:_________
Күні,
айы:
________
Тобы:
Ортаңғы
топ________
Білім
беру саласы:
«Коммуникация»
Оқу
қызметі:
Сөйлеуді дамыту
Тақырыбы:
«Үй жануарлары»
Мақсаты:
Балалардың
үй жануарлары туралы білімдерін
толықтыру,олардың пайдасы, маңызы туралы
түсінік беру.Олардың түрлерін бір-бірінен
ажыратуға, зейін қойып тыңдауға үйрету.Үй
жануарларына қамқорлық жасауға тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілі:
1.Шаттық
шеңбері
2. Әңгімелесу: «Үй жануарлары»
АКТ технологиясы арқылы
3.
Үнтаспадан
жануарлардың дыбысын тыңдату.
4.
Жұмбақ
жасыру. (Үй жануарлар туралы)
5.
Сергіту
сәті: ( Қимыл-қозғалыс арқылы)
6.
Дидактикалық ойын: «Төлдерін тап»
7.
Раунд-Робин әдісі арқылы қорытындылау.
Көрнекілігі:
Үй
жануарларының суреттері.
Жүру
барысы:
Шаттық
шеңбері.
Қане
балалар шаттық шеңберіне тұрайық:
Алақанды
ашайық,
Күннің
нұрын салайық,
Жүрек
жылуын салайық,
Осы
жақсы лебіздерді
Балаларға
сыйлайық.
Акт
технологиясы арқылы сұрақ-жауап.
-Балалар,
мына суреттерден нелерді көріп тұрсыңдар?
-Үй жануарларына қандай жануарлар
жатады? Білесіңдер ме?
-Дұрыс айтасыңдар,
бұл жануарларды төрт-түліктер деп те
атайды?
-Олай болса. қазір үнтаспадан шыққан
дыбыстың қай үй жануарының даусына
ұқсайтынын табайықшы.
Барлығымыз
тыңдайық.
Үнтаспаны
тыңдату.-
Балалар, тыңдаңдаршы, нелердің дауысы?
-
Дұрыс айтасыңдар, балалар, осы сиыр,
қой,ешкі,түйе,жылқыны үй жануарлары деп
атайды. Бүгінгі оқу қызметінде үй
жануарларымен танысатын боламыз.Үй
жануарларына сонымен бірге жылқы, түйе,
ешкі және ит пен мысық жатады. Мысық -
ол үйде тұрады. Ал, ит үйдің сыртында,
үйшікте тұрады. Ол үйді күзетеді. Ит -
жеті қазынаның бірі.Балалар сендер дәл
қазір үй жануарларын көргілерің келе
ме?Онда бәріміз қазір Раушан әженің
үйіне барамыз. Дайынбыз ба?
-Балалар,
мына сүйкімді жануарлар төрт түлікке
жатады, яғни үй жнуарлары деп аталады.
Олар: түйе, жылқы, сиыр, қой, ешкі. Түйенің
төлі - бота, сиырдың төлі - бұзау, қойдың
төлі - қозы, ешкінің төлі- лақ, жылқының
төлі - құлыншақ. Халқымыздың байлығы
да, берекесі де осы малдар. Адамға пайдасы
өте көп. Сүтін ішеміз, етін жейміз, киім
қыламыз. Сиырдың, қойдың, сүтінен
май,құрт, айран, ірімшік жасайды. Адамдар
да оларға қамқорлық көрсетеді. Бағады,
шөп, жем, су береді, сауады, көптеген
күтім жасайды. Үй жануарлары өздері күн
көре алмайды. Ата бабамыздан келе жатқан
қасиетті жануарларды өте жақсы көрген,
күтіп, қасиеттеп қараған. Төрт түлік
туралы көп жырлар, өлеңдер, мақал -
мәтелдер шығарған. Балалар үй жануарларымен
таныстық, олай болса тобымызға оралайық.
Жұмбақ
жасыру:
Кішкене
ғана бойы бар
Айналдырып
киген тоны бар.
(Қой)
-Қане,
балалар ендеше қойдың дыбысын салыңдаршы.
Балалар:
Қой - мә - мә маңырайды
Үстінде
екі тауы бар
(Түйе)
-Түйе
- бө - бө боздайды
Екі
айнасы бар
Екі
найзасы бар
Төрт
жылтырмағы бар
Бір
шыпыртқысы бар
(Сиыр)
-Сиыр
- мө - мө мөңірейді
Екеуі
елеңдеп келеді
Төртеуі
төбелесіп келеді
(Жылқы)
-
Жылқы - е - е - е кісінейді.
Сергіту
сәті:
Тікірейіп
құлағы
Менен
бұрын тұрады
Бойын
жазып, керіліп
Беті
қолын жуады
Ойыны:
«Төлдерін
тап»
Шарты:Үй
жануарлары мен жабай жануарларды
ажыратып қайда тіршілік ететінін білуге
үйрету. Қалтадағы әр түрлі үй жануарлары
мен жабайы жануарлары салынған, аты
аталған бала ортаға шығып қалтаға қолын
салып бір жануарды алып шығады. Алып
шыққан жануардың жабайы немесе үй жануар
екенін айтып, орманға немесе үй маңындағы
қораға апарып қояды.
Раунд-Робин
әдісі арқылы қорытындылау
-Балалар
сонымен үй жануарларына нелер жатады
екен?
-Олардың
төлдерін қалай атайды?
-Біз қайда
бардық?
Балалардың
жауабы.