400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сабақ жоспары .Сүйікті тағамым -қазақша ет

Материал туралы қысқаша түсінік
4 сыныпқа сабақ жоспары.Сүйікті тағамым -қазақша ет
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Гродекова мектебі Ярашова Ботакоз Туймуратовна

4-сынып 20.12.17ж

Сабақтың тақырыбы: Сүйікті тағамым қазақша ет

Сабақтың мақсат-міндеттері: Сүйікті ет – қазақша ет тақырыбын ұғындыру, сөздік қорын молайтып, грамматикалық тақырыпты меңгерту

Білімділік:Ұлттық тағам қазақша ет туралы түсіндіру, сөздік қорын молайту, жіктік жалғауын меңгерту.
Дамытушылық:Сабақта әр түрлі өзгерістер болатынын байқауға дағдыландыру, ауызекі сөйлеу дағдысын дамыту.
Тәрбиелік:Достыққа, сыйластыққа, бірлесе жұмыс істеуге тәрбиелеу, асты қадірлеуге үйрету.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Әдіс – тәсілдер: түсіндіру,сұрақ-жауап

Сабақтың көрнекілігі: үлестірме қағаздар, суреттер

Пәнаралық байланыс: орыс тілі.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі. 

Оқушылармен амандасу, сыныпты түгендеу.

Психологиялық жағдай тудыру: көңіл-күйлерін сұрау
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.

Диалог құрау

ІІІ. Жаңа сабақты меңгерту

Жаңа сабақ: «Сүйікті тағамым – қазақша ет». Күннің жадын, жаңа сабақтың тақырыбын дәптерлеріне жазғызу. Сабақтың мақсатымен таныстыру.

1) қазақша ет туралы бейнеролик көрсету – 3 мин.

2) Сөздікпен жұмыс:
қой еті – баранина
жылқы еті – конина
сиыр еті – говядина
сорпа – бульон
ұлттық тағам – национальное блюдо

(Жаңа сөздерді дауыстап оқу,

4. Жаңа тақырып бойынша тапсырмалар.

Мәтінмен жұмыс

Қазақша ет

Қазақша ет-қазақтың ұлттық тағамы. Қазақша етті қой етінен,жылқы етінен,сиыр етінен дайындайды. Маған қазақша ет ұнайды.

Ауылда

Менің атам мен әжем ауылда тұрады. Олар көп мал ұстайды. Олар: қой, ешкі, жылқы, сиыр, түйе. Жылқыдан сүт пен ет, сиырдан сүт пен ет, қойдан ет, ешкіден сүт пен ет алады. Әжем еттен көп тамақ жасайды. Ет тағамдары (қызыл тағам) : шұжық, қазақша ет, бесбармақ, қуырдақ. 

«Менің сүйікті тағамым» 
Менің сүйікті тағамым – қазақша ет. Ол қазақтың ұлттық тағамы. Қазақша етті қой етінен, жылқы етінен, сиыр етінен дайындайды. Ол үшін етті пісіріп алады. Қамыр илеп, оны сорпаға пісіреді. Алдымен табаққа піскен қамырды салады. Үстіне етті турайды, тұздығын құяды. Маған қазақша ет ұнайды.


2-тапсырма. Сөйлеп үйрен.

-Бұл не? -Бұл – ет.

-Қандай ет? - Қой еті.

-Қой еті қандай? -Қой еті дәмді.

3-тапсырма. Үлгі бойынша айт.


Кім

нені

жақсы көреді

Айдар

етті


Оля

борщты


Баян

мәнтіні


Асқар

тұшпараны


Үлгі: Айдар етті жақсы көреді.


Көп нүктенің орнына керекті сөздерді қойып,көшіріп жазу

1.Саған майлы тамақ ... болмайды

2.Шайды.... ішу керек.

3...... басында жан- жағына қарамау керек

Керекті сөздер: дастарқан, жеуге, қайнатып

Сөйлем құрап үйрен

1. Палау. 1. Мәнті. 
2. Палау жедім. 2. Мәнті алдың. 
3. Мен палау жедім. 3. Сен мәнті алдың. 
4. Мен үйде палау жедім. 4. Сен асханадан мәнті алдың. 
5. Мен үйде анаммен палау жедім. 5. Сен бүгін асханадан мәнті алдың.

«Семантикалық карта»:



картоп

сүт

күріш

жайма

орамжапырақ

мейіз

қызылша

палау








Қазақша ет








ботқа








Пюре








борщ










Диалогті оқып, аудару

-Сәлеметсіз бе, ата!

-Амансың ба қалқам! Әке- шешең қайда?

-Ата, олар жұмыста.

- Ойбай, енді мен не істеймін?

-Ата, кіріңіз, жоғары шығыңыз, отырыңыз! Ата, ыстық шай ішіңіз, бауырсақтар, кәмпит жеңіз.

-Шай , бауырсақтар тәтті екен, рақмет, балақай, бақытты бол, денің сау болсың! Ал енді мен үйге қайтайын, әке- шешеңе сәлем айт. Сау бол , балақай!

-Сау болыңыз ата!

Сабақты қорытындылау: сұрақ-жауап

Бағалау:
Үйге тапсырма: 46 – бет, 5-тапсырмалар.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21.12.2017
568
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі