400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 29 материал табылды

Сабақ жоспары Сүйіспеншілік пен жақсылық жолы 3-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Мейірімділік қасиетінің адам өміріндегі маңыздылыңын түсіндіру арқылы сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары


Мектеп: №22 ОМ КММ Мерзiмі: Сабақ №25

Тақырып : Сүйіспеншілік пен жақсылық жолы

Құндылық: Сүйіспеншілік Қасиеттері: қайырымдылық, жанашырлық, мейірімділік

Мұғалiм: Ахметова Гульсум Жолдасовна Cынып: 3 Оқушылар саны: 18


Сабақ мақсаты: Мейірімділік қасиетінің адам өміріндегі маңыздылыңын түсіндіру арқылы сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.

Сабақтың міндеттері:

1.Білімділік: мейірімділік туралы түсініктерін кеңейту;

2.Дамытушылық: қайырымдылық қасиеттерін дамыту;
3. Тәрбиелік:  жанашырлыққа тәрбиелеу.

Ресурстар:

дәптер, оқулық, жағдаяттар жазылған карточкалар,қима қағаздар, суреттер

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi. Оқушылармен амандасып, «Өзін- өзі тану» сабағының «5-Т» ережесін еске түсіру:.

Тәртіп

Талап

Тазалық

Татулық

Тыныштық

Балалар, ережені есімізге түсіріп, сыныптың тәртібін сақтап, оқып-білуге талаптанып, тыныштықты орнатып, тазалықты сақтап, бүгінгі күнімізді татулықпен өткізейік. Ойымызды, жүрегімізді барынша ашып, мейірімізді бір-бірімізге төгіп отыруға ұсынамын.

2.Тыныштық сәтi №4 «Орманға серуен» (3 мин)

3.Үй тапсырмасын тексеру. (5 мин)

«Райымбек бастауы» аңыз


1.Райымбек батыр еліне қалай қызмет етті?

2.Батырдың жауынгерлері қандай жағдайға тап болды?

3.Райымбек батырдың ғажап ісін қалай түсінуге болады?

4.Жақсылық жолында жасалатын қандай істерді білесіңдер?

5.Өзің жақсылықты қалай көрсетер едің?


Сабақ барысын талқылау:

Баяу музыка ойнап тұрады

https://www.youtube.com/watch?v=TsuI7H0glDE











Оқулықтың 119 бетінде

Дәйексөз. (4 мин)

«Ағаш көркі- жеміс,

Адам көркі- жақсы іс.»

(Саиф Сараи)

Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?

1.Оқушылар нақыл сөзді хормен қайталайды:

2 рет қыздар; 2 рет ұлдар;

Барлығы қосылып 1 рет.

2. Дәптерге жазу.

Әңгiмелеу

Мұғалім сыйы. (10 мин)

Бейнежазба «Өзіңнен баста!»

1 сұрақ. Неліктен кейіпкер барлық адамдарға көмектеседі?

2 сұрақ.Неліктен ролик «Өзіңнен баста» деп аталады?

3 сұрақ . Мейірімділікті қалай көрсетуге болады деп ойлайсыңдар?

Бейнежазбаны көріп, сұрақтарға жауап береді





https://www.youtube.com/watch?v=3OhdtTaPf7Q

Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс. (14 мин)



Жағдаяттарды шешіп, топта талқылап, сахналап беру.



1ТОП.  Сен досыңмен келе жаттың. Кенет сендердің қасыңнан өте бергенде бір қыз бала аяғы тайғанап құлап қалды. Сен не істер едің?





2 ТОП. Сен мектептен келе жаттың кенет көшеде бір топ баланы көрдің. Олар суға түсіп кеткен кішкентай күшікке тас лақтырып жатыр екен. Сен не істер едің?





3 ТОП. Үлкен кісі мен сырқат адамға қандай жақсылық жасауға болатыны туралы айтыңдар.



Топтарға сурет беріледі.

(оқушыларды тыңдау)

1.Үй тапсырмасы. (2 мин)

«Қайырлы іс» өсиет әңгімесін оқып келу.

Оқулықтың 121-122 бетінде

2.Топпен ән айту. (2 мин)

«Ана туралы жыр»



Сөзі :Ғафу Қайырбековтікі

Әні: Шәмші Қалдаяқовтікі



1.Әлемнің жарығын сыйладың сен маған.

Даланың әр гүлін жинадың сен маған.

Сен бердің құстардың қанатын самғаған,

Балалық құштарым өзіңе арнаған.

Қайырмасы:

Әлдилеп, аялап, өсірген жемісін,

Самал жел, сая бақ құшағың мен үшін.

Есейіп кетсем де, мен саған сәбимін.

Көңіліңді көктемдей көзіңнен танимын.


2.Өтеуге борышың, анашым, жан сырым.

Іздедім сен үшін әлемнің асылын.

Әлемнің байлығын сыйлар ем, кеш мені,

Сыйлар ем ай күнін, қолыма түспеді.

Қайырмасы.

https://www.youtube.com/watch?v=u17finA04JQ






  1. Соңғы тыныштық сәтi.

  2. Мұғалімнің сөзі:

-Ал енді өздеріңді еркін сезініп, бүгінгі сабақты ой елегінен өткізіңіздер. Сабақтың ең сәтті кезеңдерін жүректеріңде сақтаңдар.

-Көздеріңізді баяу ашыңыздар. Сабақ аяқталды. Бүгінгі сабаққа белсене қатысқандарыңыз үшін алғыс білдіремін.


Баяу музыка ойнап тұрады

https://www.youtube.com/watch?v=iQ2dOW2fjGY


















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
11 мамыр
909
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі