Материалдар / Сабақ жоспары, Сүйіспеншілік пен жақсылық жолы, 3 сынып

Сабақ жоспары, Сүйіспеншілік пен жақсылық жолы, 3 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
оқушыларға адам өміріндегі сүйіспеншілік пен жақсылықтың маңыздылығын ұғындыру арқылы сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
20 Қараша 2021
775
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Өзiн-өзi тану сабағының жоспары


Мектеп: «Күйкен жалпы білім беретін мектеп» КММ

Мерзiм: №26 сабақ Күні:16.03.2021

Тақырып: :Сүйіспеншілік пен жақсылық жолы

Құндылық: Ішкі тыныштық

Қасиеттер: мейірімділік, қамқорлық, қайырымдылық

Мұғалімі: Егесханова Лаура Жұмабекқызы

Сынып: 3 «З» Оқушылар саны: 11


Сабақтың мақсаты: оқушыларға адам өміріндегі сүйіспеншілік пен жақсылықтың маңыздылығын ұғындыру арқылы сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

Білімділік: оқушыларға барлығын сүйе білудің мәні туралы білім бере отырып, мейірімділік қасиетіне түсінік беру.

Дамытушылық: оқушыларды сүйіспеншілікпен жақсылық жасауға баули отырып, қамқорлық қасиетін дамыту.

Тәрбиелік: оқушыларды қайырымдылыққа тәрбиелеу

Оқулық, дәптер, видеопроектор, қима қағаздар

 Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі: 5 «Т» ережесі Тәртіп, Тыныштық, Тазалық, Татулықты Талап сақтауға шақыру.

Тыныштық сәті: жағымды көңіл-күйге ену

«Су асты патшалығына саяхатқа» шығамыз. Көзіңді жұмып, терең дем ал, денеңді босат. Бірнеше секундтан соң теңіз түбіне саяхат жасаймыз.

Теңіз жағасымен келе жатқаныңды елестет. Толқындардың жеңіл шалпылына, шағалалардың шуылына құлақ түр. Жалаң аяқтарыңмен құмды сезін. Шалғайдан қара нүкте көріп тұрсың: ол жақындаған кезде дельфин екенін түсіндің. Ол сені теңіз түбіне алып кету үшін келді. Ол өте әдепті екен, сені шыдамдылықпен күтіп тұр. Жайлап оның арқасына отыр, мықтап ұстап, жолға шықтыңдар. Дельфиннің арқасында жайланып отырып, өзіңді қауіпсіз сезін, су астында жүзу қандай керемет. Жан-жағыңа қара: мұнда кемпірқосақ тәрізді арлы-берлі жарқырай қалқыған әсем балықтар қаншама. Теңіз түбіне бойлаған сайын айнала қалайша өзгереді, суда тербелген қаншама ғажайып балдырлар. Қарашы, қандай орасан зор әдемі балықтар. Су асты неткен қызықты әрі ғажап әлем. Сен бір нәрсені байқадың ба? Мұнда неткен тұңғиық, толық тыныштық. Осы тыныштық күйде бол (бірнеше секунд үнсіз қалады). Ал қазір жоғарыға, өз әлемімізге кері қайтуға дайындал. Айналаға жақсылап қара. Ғажап түстерге тағы бір рет қара және тыныштыққа құлақ түр. Осындай тыныштық саған самалдай әсер береді. Енді дельфин кері қарай жолға шықты. Сіз су бетіне шықтыңыз, жағаға жақындадыңыз. Дельфиннің арқасынан түсіңіз, оны сипалаңыз және осындай ғажап саяхатқа апарғаны үшін ризашылық білдіріңіз. Сыныпқа оралыңыз және өз орныңызға келіңіз. Бірнеше секундтан соң көзіңізді ашыңыз, осы түйсінген тыныштықты өз бойыңызда сақтауға тырысыңыз.

2. Үй тапсырмасын тексеру.

«Райымбек бастауы» С.Сараи әңгімелеу.

-Райымбек батыр еліне қалай қызмет етті?

-Батырдың жауынгерлері қандай жағдайға тап болды?

-Райымбек батырдың ғажап ісін қалай түсінуге болады?


3. Дәйексөз.

«Сүйіспеншілік - жүректен» Ш.Құдайбердіұлы

- Ш.Құдайбердіұлы  деген  кім?
- Дәйесөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?
- Сүйіспеншілік  деген сөзді естігенде ең алдымен кім естеріңе түседі?


4. Әңгімелеу. «Сүйіспеншілік, табыс және байлық» аңыз әңгіме

Бір әйел үйінен сыртқа шыға бергені сол екен, есігінің алдында нұрлы жүзді үш қарияны көреді. Қариялардың жүзінен шаршап-шалдыққандары белгілі еді. Қарындары да ашқан шығар деген оймен әйел:

Сіздерді танымадым, дегенмен шаршаған сияқтысыздар. Үйге кіріп тынығып алыңыздар. Сіздерге ыстық тамақ әзірлейін, – дейді.

Қариялар:
−Отағасы үйде ме? – деп сұрады.

Жоқ, әлі жұмыстан келген жоқ.

Е, олай болса, отағасы келсін, сосын кірерміз, – дейді қариялар. Күйеуі жұмыстан оралған соң, әйелі болған жайды баяндап береді. Күйеуі:

Қонақ − үйдің құты емес пе? Дереу шақырып кел, ас ішіп, әлденіп алсын, − деді ашық-жарқын көңілмен. Күйеуінің құптағанын көріп, әйел жүгіріп сыртқа шықты. Қариялар әлі отыр екен.

Отағасы келді, сіздерді үйге шақырып жатыр, – дейді әйел қуана. Сонда қариялардың бірі орнынан тұрып:

Біз үшеуміз үйге бірге кірмейміз. Мына жанымдағы қарияның аты – Байлық. Ал мына кісі – Табыс. Менің атым

Сүйіспеншілік. Барып күйеуіңмен ақылдас, қайсымызды шақыратындарыңды сосын айтарсыңдар, – дейді. Әйел қарияның айтқанын күйеуіне жеткізеді. Сонда күйеуі:

Қандай тамаша! Байлықты шақырайық, үйіміз байлыққа толсын, – дейді. Ал әйелі болса:

Неге Табысты шақырмасқа? Ісіміз оңға бассын, – дейді қарсылық білдіріп. Сол кезде бір шетте ата-анасының әңгімесін тыңдап тұрған бүлдіршін қыз:

Сүйіспеншілікті шақырсақ болмай ма? Сонда үйіміз сүйіспеншілікке, сыйластыққа бөленер, – дейді. Қызының сөзіне бір сәт ойланып қалған әкесі:

Қызымыз дұрыс айтады. Әуелі, Сүйіспеншілікті шақыр. Ол біздің қонағымыз болсын, – дейді. Мұндай шешімге сүйсінген әйел, асығыс басып сыртқа шығады. Шығуын шыққанымен, шешімдерін айтуға қысылыңқырап, бәсеңдеу үнмен:

Кешіріңіздер, біз Сүйіспеншілікті шақыруды дұрыс көрдік, – дейді. Сол сәтте үш қария да орындарынан тұрып, үйге кіруге қамданады. Әйел:

Мен тек Сүйіспеншілікті шақырдым. Сіздер үшеуіңіз үйге бірге кірмейміз деп едіңіздер ғой, – дейді түсінбеген кейіппен. Сонда Сүйіспеншілік атты қария күлімсіреген жүзбен былай дейді:

Егер сендер Табысты немесе Байлықты шақырғандарыңда қалған екеуміз сыртта қалар едік. Алайда сендер бірінші мені шақырдыңдар. Ал мен қайда барсам да, Табыс пен Байлық менімен бірге еріп жүреді.
Иә, сүйіспеншілік шаңыраққа енсе, байлық та, табыс та қоса енеді. Әрі табыс пен байлық тек қана материалдық  нәрселермен өлшенбейді ғой! Олай болса, таңдау сізде.

Сұрақтар:

-Қариялар бастапқыда неліктен үйге кірмеді?

-Отағасы үйге қайсы қарияны шақырды? Неліктен?

-Сен қайсы қарияны үйге шақырар едің?


5. Шығармашылық жұмыс

1-тапсырма. Қастек Баянбайдың «Жақсы» өлеңін оқып, өлеңде сипатталған баланың жақсы істерін теріп жазамыз.

Қастек Баянбай

Жақсы

Бәрі жақсы баланың Жақсы дейміз дәл осың.

«Беске» оқиды сабағын. Өскен бала ауылда

Айналайын баладан Ойнар аттың жалында.

Көгершінді аяған. Өзі түйме қадаса,

Адал болса досына, Мұндай бала тамаша

Азаматың осы да. Барын берсе қолдағы,

Ойнатса кім інісін, Бала жомарт болғаны.

Мақұлдаймыз мұнысын, Уәдесін сақтаған

Әділ болсаң ойында, Баланы жұрт мақтаған.

Жақсы мінез оның да. Болады бәрін санауға,

Күтсе бала әжесін Жақсылық көп қалайда.

2-тапсырма. «Диқан баба» аңыз әңгімесін оқып, ондағы іс-әрекеттерге баға беріп, кестені толтырыңдар.

Маған ұнаған іс-әрекеттер

Маған ұнамаған іс-әрекеттер

Менің ұсынысым




3-тапсырма. «Табиғатқа деген сүйіспеншілік сезімдерін қағаз бетіне түсіру.(сурет салу)

 Қорытынды. Сүйіспеншілік- өзін-өзі, өзгелерді тануға жетелеп, өзгелерді сыйлауға негіз болады. Сүйіспеншілік – Отанды, елді құрметтеуге үйретеді, табиғаттың сұлулығын сезіндіреді. Қандай адам болмасын оның өмірі бөтендердің өмірімен байланысты. Дүние солай жаратылған. Күн, Ай, Су, Жер – бәрі бірімен бірі үзілместей болып шиеленіскен. Бұл табиғат үйлесім ділігі. Адамды адам етіп жаратқанда сол – сүйіспеншілік үйлесімділігі. Кісі бірін-бірі жек көруден емес, жақсы көруден көркейе -ді, өрісі кеңейеді. Бұл – адамзат бақытының негізі

.





6. Топпен ән айту.


  Өлеңін жазған: М.Мақатаев

  Әнін жазған: Н.Тілендиев

Құттықтаймын мама, туған күніңмен!

Нұрын төккен маған Аялаған мені,

Шуағымсың – сен! Ән қанатымен

Айналайын мама, Құтықтаймын сені,

Қуанышыңмен! Салтанатыңмен!


Шаттандырған мені Бақытты ғой заман,

Жұбанышым – сен! Қандай көңілді!

Құтықтаймын сені Мен тілеймін саған,

Туған күніңмен! Ұзақ өмірді!



7.Үй тапсырмасы:

«Қайырлы іс» Өсиет әңгіме мазмұндау



8. Соңғы тыныштық сәті

Бүгінгі сабақта алған жақсы қасиеттерді бойларыңызға сіңіріп, жүректеріңізге түйіп алыңыздар. Көзімізді жұмып, сабақтың жақсы көңіл - күйін естеріңізге алып, жүректеріңізге түйіп қойыңыздар. Рахмет!


























Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ